Жаңалықтар

«Қозы Көрпеш — Баян сұлу»

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» – қазақ халқының лиро-эпостық жыры. 13 – 14-ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен Баян, қара күш иесі Қодар, дүниеқоңыз Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. Жырдың негізгі идеясы – адал махаббатты дәріптеу. Бас кейіпкер Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттеледі. Қозы сияқты Баян да адал ниетті, ақжарқын, өзінің сүйгеніне қосылуды арман еткен, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. Жалпы 20-ға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834 жыл), А.Фролов (1841 жыл), Шоқан Уәлиханов (1856 жыл). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырды (1856 жыл), В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізді (1870 жыл). Орал қаласына келгенде А.С. Пушкин жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған. Бұл жырды С.Кастанье, Н.Абрамов, Г.Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Пантусов, Р.Әбдірахманов, Е.Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады. Ақын Г.Твертин (1889 – 1921 жылдары) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 1935 жылдары). 1878, 1890, 1894, 1905 жылдары Қазан қаласында жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 жылы Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 жылы Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды. Жырды Мәлік Ғабдуллин, Ысқақ Дүйсенбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеген. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар. Мысалы, башқұрттарда ол «Қозы Курпәс мәнән Маян сылу», бараба татарларында «Қозы Көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп аталады. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат дастаны» кинофильмі түсірілді (1954 жыл), драмалық шығарма жазылды (1940 жыл). Н. Төреқұлов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 11:05 6899

 

Соңғы редакциялау:
23 қазан 2012

«Қозы Көрпеш — Баян сұлу» – қазақ халқының лиро-эпостық жыры. 13 – 14-ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен Баян, қара күш иесі Қодар, дүниеқоңыз Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. Жырдың негізгі идеясы – адал махаббатты дәріптеу. Бас кейіпкер Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттеледі. Қозы сияқты Баян да адал ниетті, ақжарқын, өзінің сүйгеніне қосылуды арман еткен, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. Жалпы 20-ға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834 жыл), А.Фролов (1841 жыл), Шоқан Уәлиханов (1856 жыл). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырды (1856 жыл), В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізді (1870 жыл). Орал қаласына келгенде А.С. Пушкин жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған. Бұл жырды С.Кастанье, Н.Абрамов, Г.Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Пантусов, Р.Әбдірахманов, Е.Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады. Ақын Г.Твертин (1889 – 1921 жылдары) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 1935 жылдары). 1878, 1890, 1894, 1905 жылдары Қазан қаласында жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 жылы Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 жылы Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды. Жырды Мәлік Ғабдуллин, Ысқақ Дүйсенбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеген. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар. Мысалы, башқұрттарда ол «Қозы Курпәс мәнән Маян сылу», бараба татарларында «Қозы Көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп аталады. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат дастаны» кинофильмі түсірілді (1954 жыл), драмалық шығарма жазылды (1940 жыл).

Н. Төреқұлов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға