Жаңалықтар

Архитектурасы және қала құрылысы 1990-1997 ж.ж.

ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 ж. қалаға өзінің тарихи Ақмола атауы қайтарылды. КСРО ыдырап, артынан бір кездегі халық шаруашылығы кешенінің орнығып қалған тетігі ретінде қызмет етіп келген кәсіпорындар арасындағы экономикалық, өндірістік байланыстардың үзіліп қалуы, бұрынғы Кеңес Одағының құрамынан шығып, тәуелсіздік алған елдердің тағдырына әсер етпей қоймады. 90-жылдардың басында посткеңестік мемлекеттердің барлығындағы кәсіпорындардың негізінен банкрот болуы, жұмыссыздар санының өсуі, электр энергиясының жиі өшірілуі, тұрмыстық жағдайдың кілт төмендеуі жұртшылықтың наразылығын тудырып, көңіл күйінде аландаушылық пайда болды, соның нәтижесі дағдарыстық жағдайға алып келді. Сол кезде белгілі себептермен саяси-әлеуметтік ахуалдың барысы бақыланып отырмағандықтан, елдің барлық аймақтарындағы тұрмыс пен экономикалық дамуды жөнге келтіру үшін тиісті іс-шаралар қабылданбағандықтан, елдегі жағдай тығырыққа келіп тірелген еді. Ірі аймақты алып жатқан Қазақстан астанасының темір жол тораптарының бір жақ шетіндегі тұйықта орналасуы алға қойылған міндеттерді орындауға кедергі келтіріп, жұмысты қиындата берді. Сондықтан Елбасы республиканың барлық аймағындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін жедел әрі тиімді басқаруға ыңғайлы жағдай тудыруды өзінің алдына негізгі әрі бірінші кезекті міндет етіп қойды. Халықаралық стандарттардың 32 өлшемі бойынша әлеуметік-экономикалық, саяси-стартегиялық және әкімшілік-басқару аспектілерін мұқият зерттей отырып, 1994 ж. 6 шілдеде Елбасы алғаш рет мемлекеттің шеткі аймағында орналасқан астананы Алматыдан, ел өмірінін шаруашылық және экономикалық эпицентрі болып табылатын Ақмола қаласына көшіру туралы шешімін Республика Парламентіне қарауға ұсынды. Елбасы қабылдаған шешімнің тосын, батыл әрі күрделілігі соншалық, оның алысты болжаған көреген ойының астарын айналасындағылардың барлығы бірдей түсініп, бағалай алмады. Ал шын мәнінде бұл идея мемлекеттігімізді және оның аумақтық біртұтастығын сақтап қалу мен экономикасының қарқынды дамуы үшін аса маңызды әлеуеттік мүмкіндіктер қалыптастыру мақсатынан туындаған. Балтық жағалауына қарай Невадағы саздауыт мекенге астананы көшіру туралы шешім қабылдап, Еуропадан 200 жылға артта қалған Ресейдің қуатты серпіліс жасап, аяғынан тік тұруына ықпал еткен I Петр сияқты Қазақстанның бірінші Президентіне де алдағы болашақты гүлдендіру үшін үлкен жауапкершілік пен салмағы ауыр міндетті арқалауына тура келді. Өзінің биік беделімен ол парламентшілерді бұл бастаманың аса қажеттілігіне ғана емес, сонымен қатар шет аймақта жатқан кішкене қаланың сұлулығы жағынан Алматымен тендес қалаға айналатынына да сендіре алды. Қаланың заңды түрде астана мәртебесіне ие болуының хронологиялық жүйесі мынадай болып келеді: 1995 ж. 15 қыркүйекте Елбасы астананы Ақмолаға көшіру туралы Жарлыққа қол койды; 1995 ж. ҚР Үкіметі мемлекеттік мекемелерді Қазақстанның жаңа астанасына көшіру комиссиясын құрды; 1997 ж. 20 қазанда Президенттің «Ақмоланы Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы Жарлығы шықты; 1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми түрде жарияланды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
26.02.2013 03:46 3708

ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 ж. қалаға өзінің тарихи Ақмола атауы қайтарылды. КСРО ыдырап, артынан бір кездегі халық шаруашылығы кешенінің орнығып қалған тетігі ретінде қызмет етіп келген кәсіпорындар арасындағы экономикалық, өндірістік байланыстардың үзіліп қалуы, бұрынғы Кеңес Одағының құрамынан шығып, тәуелсіздік алған елдердің тағдырына әсер етпей қоймады. 90-жылдардың басында посткеңестік мемлекеттердің барлығындағы кәсіпорындардың негізінен банкрот болуы, жұмыссыздар санының өсуі, электр энергиясының жиі өшірілуі, тұрмыстық жағдайдың кілт төмендеуі жұртшылықтың наразылығын тудырып, көңіл күйінде аландаушылық пайда болды, соның нәтижесі дағдарыстық жағдайға алып келді. Сол кезде белгілі себептермен саяси-әлеуметтік ахуалдың барысы бақыланып отырмағандықтан, елдің барлық аймақтарындағы тұрмыс пен экономикалық дамуды жөнге келтіру үшін тиісті іс-шаралар қабылданбағандықтан, елдегі жағдай тығырыққа келіп тірелген еді. Ірі аймақты алып жатқан Қазақстан астанасының темір жол тораптарының бір жақ шетіндегі тұйықта орналасуы алға қойылған міндеттерді орындауға кедергі келтіріп, жұмысты қиындата берді. Сондықтан Елбасы республиканың барлық аймағындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін жедел әрі тиімді басқаруға ыңғайлы жағдай тудыруды өзінің алдына негізгі әрі бірінші кезекті міндет етіп қойды. Халықаралық стандарттардың 32 өлшемі бойынша әлеуметік-экономикалық, саяси-стартегиялық және әкімшілік-басқару аспектілерін мұқият зерттей отырып, 1994 ж. 6 шілдеде Елбасы алғаш рет мемлекеттің шеткі аймағында орналасқан астананы Алматыдан, ел өмірінін шаруашылық және экономикалық эпицентрі болып табылатын Ақмола қаласына көшіру туралы шешімін Республика Парламентіне қарауға ұсынды. Елбасы қабылдаған шешімнің тосын, батыл әрі күрделілігі соншалық, оның алысты болжаған көреген ойының астарын айналасындағылардың барлығы бірдей түсініп, бағалай алмады. Ал шын мәнінде бұл идея мемлекеттігімізді және оның аумақтық біртұтастығын сақтап қалу мен экономикасының қарқынды дамуы үшін аса маңызды әлеуеттік мүмкіндіктер қалыптастыру мақсатынан туындаған. Балтық жағалауына қарай Невадағы саздауыт мекенге астананы көшіру туралы шешім қабылдап, Еуропадан 200 жылға артта қалған Ресейдің қуатты серпіліс жасап, аяғынан тік тұруына ықпал еткен I Петр сияқты Қазақстанның бірінші Президентіне де алдағы болашақты гүлдендіру үшін үлкен жауапкершілік пен салмағы ауыр міндетті арқалауына тура келді. Өзінің биік беделімен ол парламентшілерді бұл бастаманың аса қажеттілігіне ғана емес, сонымен қатар шет аймақта жатқан кішкене қаланың сұлулығы жағынан Алматымен тендес қалаға айналатынына да сендіре алды. Қаланың заңды түрде астана мәртебесіне ие болуының хронологиялық жүйесі мынадай болып келеді: 1995 ж. 15 қыркүйекте Елбасы астананы Ақмолаға көшіру туралы Жарлыққа қол койды; 1995 ж. ҚР Үкіметі мемлекеттік мекемелерді Қазақстанның жаңа астанасына көшіру комиссиясын құрды; 1997 ж. 20 қазанда Президенттің «Ақмоланы Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы Жарлығы шықты; 1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми түрде жарияланды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға