Жаңалықтар

Ақтөбеде Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылады

Бүгін  Батыс-2 шағын ауданы мекен жайы бойынша Ақтөбе қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз есігін айқара ашады. Бұл - Мемлекет басшысының бастамасымен ашылғалы отырған республикамыздағы оныншы Зияткерлік мектеп. Білім беру нысанының ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова және Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сәуле Өмірбекова қатысады деп күтілуде. Аға толқын мектептің болашақ оқушыларына сарқылмас білімнің белгісі іспеттес мектептің символдық кілтін табыс етеді.  Оқушыларға мәңгілік жастық пен шығармашылық шабыттың нышаны - жас ағаш бұтағы түріндегі төсбелгі табыс етіледі. Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі - 720 адамға арналған, 120 жатын орындық нысан. Жаңа мектеп Батыс-2 шағын ауданында орналасқан. Мектеп ғимаратында 59 кабинет, зертханалар мен педагогикалық және ақпараттық технологияларды интеграциялау орталығы, жеке сабақ беру және психологиялық бейімдеу кабинеттері, 360 орындық асхана, екі спорт және акт залы, қысқы бақ орналасқан. Мектептегі жаңа құрылғылар, био және нанотехнологиялық зертханалар, 159-дан астам компьютер мен 660 ноутбук, 60 интерактивті тақта - бәрі оқушылар игілігі үшін беріледі. Мектеп аумағында 5400 шаршы метрлік футбол алаңы, теннис және хоккей корты, волейбол және баскетбол алаңы бар заманауи спорт кешені орналасқан. Бүгінде Қазақстанның 8 қаласында – Астана (2 мектеп), Талдықорған, Көкшетау, Семей, Өскемен, Орал, Қарағанды, Шымкентте жалпы саны 9 Зияткерлік мектеп жұмыс істейді. Сонымен қатар Алматы (2), Петропавл, Павлодар, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Ақтау қалаларында мектептердің құрылысы жалғасуда. BAQ.kz
25.02.2013 10:25 5230

Бүгін  Батыс-2 шағын ауданы мекен жайы бойынша Ақтөбе қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз есігін айқара ашады.

Бұл - Мемлекет басшысының бастамасымен ашылғалы отырған республикамыздағы оныншы Зияткерлік мектеп. Білім беру нысанының ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова және Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сәуле Өмірбекова қатысады деп күтілуде.
Аға толқын мектептің болашақ оқушыларына сарқылмас білімнің белгісі іспеттес мектептің символдық кілтін табыс етеді.  Оқушыларға мәңгілік жастық пен шығармашылық шабыттың нышаны - жас ағаш бұтағы түріндегі төсбелгі табыс етіледі.
Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі - 720 адамға арналған, 120 жатын орындық нысан. Жаңа мектеп Батыс-2 шағын ауданында орналасқан. Мектеп ғимаратында 59 кабинет, зертханалар мен педагогикалық және ақпараттық технологияларды интеграциялау орталығы, жеке сабақ беру және психологиялық бейімдеу кабинеттері, 360 орындық асхана, екі спорт және акт залы, қысқы бақ орналасқан. Мектептегі жаңа құрылғылар, био және нанотехнологиялық зертханалар, 159-дан астам компьютер мен 660 ноутбук, 60 интерактивті тақта - бәрі оқушылар игілігі үшін беріледі. Мектеп аумағында 5400 шаршы метрлік футбол алаңы, теннис және хоккей корты, волейбол және баскетбол алаңы бар заманауи спорт кешені орналасқан.

Бүгінде Қазақстанның 8 қаласында – Астана (2 мектеп), Талдықорған, Көкшетау, Семей, Өскемен, Орал, Қарағанды, Шымкентте жалпы саны 9 Зияткерлік мектеп жұмыс істейді. Сонымен қатар Алматы (2), Петропавл, Павлодар, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Ақтау қалаларында мектептердің құрылысы жалғасуда.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға