Жаңалықтар

Архитектурасы және қала құрылысы ХХ ғ. 40-50 жылдары

Ақмола 30-40-жылдардан 1956 жылға дейін темір жол сызығын бойлай жүргізілген үй-жайлардың құрылысы арқылы ұсақ кварталдардан тұратын жаңа аудандар түзе отырып, шығыс пен батыс бағытына қарай күтпеген жылдамдыкпен қанат жайды. Қаланың оңтүстік бағытқа қарай дамуы, ертеректегі әскери қоныстану басталған кезден жүргізілген құрылысқа дейін жетті. 1957 жылдан бастап қала құрылысы «Казгипрогорсельстрой» жобалау институты дайындаған Бас жоспар бойынша (Жобаның бас сәулетшісі Е. Дятлов) жүргізіле бастады. Бас жоспарда жаңа қала құрылысының шарттары, талаптар мен нормативтер ескеріле отырып, кварталдарды ірілендіру және көше-жолдары желілерін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Қала аумағындағы өндірістік ғимараттардың құрылысын жүргізу мен орналастыру да ретке кетірілді. Қалада соғып тұратын желдің бағытына байланысты тұрғын үй құрылысында ыңғайлы санитарлық-гигиеналық жағдай тудыру мақсатында бас жоспарда темір жол сызығының сыртқы жағындағы арнайы бөлінген өндірістік-қоймалық аймақта жаңа өндірістік кәсіпорындар кұрылысын жүргізу қарастырылды. Оның ішінде, соғыс жылдарында негізі қаланған насос зауыты, газ жабдықтары зауыты мен «Казахсельмаш» ӨБ (кейін «Целинсельмаш») болмады. Осылайша бас жоспар бойынша өңірлік аймақтандыру және қаланы ұзына бойы мен көлденеңінен дамыту идеясы енгізілді. Осы жылдарда К. Маркс (қазіргі Кенесары), Монина (қазіргі Ақжайық) көшелерінің өзіндік сәулеті мен келбеті қалыптаса бастады. Сонымен қатар осы жылдарда бұл көшелердің бойында, ғимараттарының қасбеттері классикалық сәндік жартылай бағана бедер, шағын бағандар және шілтер оймыш элементтерімен, ал шатыр мандайшаларын кеңестік эмблемалар мен геральдикалары сарынын пайдалана отырып оймалы картушалармен көркемделген бірыңғай үлгідегі үш-төрт қабатты тұрғын үйлер салынғанын аңғаруға болады. Сол кезеңде салынған ең маңызды ғимараттардың қатарына, Теміржолшылардың мәдениет үйін (қазіргі К. Байсейітова атындағы Операжәне балеттеатры), «Ишим» (қазіргі «Есіл») конақ үйін, Ж. Омаров көшесінің бойындағы әкімшілік ғимаратты жатқызуға болады. Теміржолшылар мәдениет үйінің жобасын жасаған сәулетші В. Калмыков болатын, бұл – сипаты жағынан сталиндік режимге сәйкес, қасбеті салтанатты бағандар тізбегімен бай, мүсін және ішкі еңсесі қабырға өрнектермен әшекейленген классикалық үлгідегі ғимарат. «Ишим» қонақ үйі жобасының авторы – И. Репин атындағы суретшілер академиясының архитектура факультетінің түлегі сәулетші-суретші И. Ким. Бұл ғимараттың сәулеттік сипаты, Ж. Омаров пен М. Әуезов (қазіргі БҰҰ өкілдігі) көшелерінің қиылысындағы әкімшіліктің ғимараты секілді дәстүрлі классикалық үлгіге негізделген. Алайда оларды көптеген ғимараттардан, соның ішінде, соңғы жылдары салынғандарынан даралап тұратын басты ерекшелік – оның авторларының кәсіби деңгейі мен көркемдік шеберлігінің жоғарылығы. Бұл ғимараттардың, сонымен қатар Кенесары (алаңнан Қ. Мұңайтпасов көшесіне дейін), Ақ-жайық (Бейбітшілік көшесінен Сарыбұлақ шағын өзеніне) көшелерінің бойында орналасқан үйлердің тарихи-мәдени құндылықтары ескеріліп, Бас жоспардың «Тарихи-сәулеттік тірек жоспары» тарауында оларды мемлекет қорғауына алу және өткен ғасырдың 40-50-жыддарындағы Ақмоланың қалалық сипатының өзіндік ерекшелігі мен келбетінің белгілерін сақтау үшін негізді түрде астананың жаңа құрылысына арқау ету ұсынылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
25.02.2013 09:59 3443

Ақмола 30-40-жылдардан 1956 жылға дейін темір жол сызығын бойлай жүргізілген үй-жайлардың құрылысы арқылы ұсақ кварталдардан тұратын жаңа аудандар түзе отырып, шығыс пен батыс бағытына қарай күтпеген жылдамдыкпен қанат жайды. Қаланың оңтүстік бағытқа қарай дамуы, ертеректегі әскери қоныстану басталған кезден жүргізілген құрылысқа дейін жетті. 1957 жылдан бастап қала құрылысы «Казгипрогорсельстрой» жобалау институты дайындаған Бас жоспар бойынша (Жобаның бас сәулетшісі Е. Дятлов) жүргізіле бастады. Бас жоспарда жаңа қала құрылысының шарттары, талаптар мен нормативтер ескеріле отырып, кварталдарды ірілендіру және көше-жолдары желілерін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Қала аумағындағы өндірістік ғимараттардың құрылысын жүргізу мен орналастыру да ретке кетірілді. Қалада соғып тұратын желдің бағытына байланысты тұрғын үй құрылысында ыңғайлы санитарлық-гигиеналық жағдай тудыру мақсатында бас жоспарда темір жол сызығының сыртқы жағындағы арнайы бөлінген өндірістік-қоймалық аймақта жаңа өндірістік кәсіпорындар кұрылысын жүргізу қарастырылды. Оның ішінде, соғыс жылдарында негізі қаланған насос зауыты, газ жабдықтары зауыты мен «Казахсельмаш» ӨБ (кейін «Целинсельмаш») болмады. Осылайша бас жоспар бойынша өңірлік аймақтандыру және қаланы ұзына бойы мен көлденеңінен дамыту идеясы енгізілді. Осы жылдарда К. Маркс (қазіргі Кенесары), Монина (қазіргі Ақжайық) көшелерінің өзіндік сәулеті мен келбеті қалыптаса бастады. Сонымен қатар осы жылдарда бұл көшелердің бойында, ғимараттарының қасбеттері классикалық сәндік жартылай бағана бедер, шағын бағандар және шілтер оймыш элементтерімен, ал шатыр мандайшаларын кеңестік эмблемалар мен геральдикалары сарынын пайдалана отырып оймалы картушалармен көркемделген бірыңғай үлгідегі үш-төрт қабатты тұрғын үйлер салынғанын аңғаруға болады. Сол кезеңде салынған ең маңызды ғимараттардың қатарына, Теміржолшылардың мәдениет үйін (қазіргі К. Байсейітова атындағы Операжәне балеттеатры), «Ишим» (қазіргі «Есіл») конақ үйін, Ж. Омаров көшесінің бойындағы әкімшілік ғимаратты жатқызуға болады. Теміржолшылар мәдениет үйінің жобасын жасаған сәулетші В. Калмыков болатын, бұл – сипаты жағынан сталиндік режимге сәйкес, қасбеті салтанатты бағандар тізбегімен бай, мүсін және ішкі еңсесі қабырға өрнектермен әшекейленген классикалық үлгідегі ғимарат. «Ишим» қонақ үйі жобасының авторы – И. Репин атындағы суретшілер академиясының архитектура факультетінің түлегі сәулетші-суретші И. Ким. Бұл ғимараттың сәулеттік сипаты, Ж. Омаров пен М. Әуезов (қазіргі БҰҰ өкілдігі) көшелерінің қиылысындағы әкімшіліктің ғимараты секілді дәстүрлі классикалық үлгіге негізделген. Алайда оларды көптеген ғимараттардан, соның ішінде, соңғы жылдары салынғандарынан даралап тұратын басты ерекшелік – оның авторларының кәсіби деңгейі мен көркемдік шеберлігінің жоғарылығы.

Бұл ғимараттардың, сонымен қатар Кенесары (алаңнан Қ. Мұңайтпасов көшесіне дейін), Ақ-жайық (Бейбітшілік көшесінен Сарыбұлақ шағын өзеніне) көшелерінің бойында орналасқан үйлердің тарихи-мәдени құндылықтары ескеріліп, Бас жоспардың «Тарихи-сәулеттік тірек жоспары» тарауында оларды мемлекет қорғауына алу және өткен ғасырдың 40-50-жыддарындағы Ақмоланың қалалық сипатының өзіндік ерекшелігі мен келбетінің белгілерін сақтау үшін негізді түрде астананың жаңа құрылысына арқау ету ұсынылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға