Жаңалықтар

Архитектурасы және қала құрылысы ХХ ғ. 20-30 жылдары

Құрылысы салынып жатқан индустриялық алыптар – Орал мен Сібірді Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету үшін 1929 ж. Ақмола арқылы өтетін Петропавловск-Қарағанды темір жол желісін тарту жұмысы жанданғанда, Ақмолада да жаңа серпіліс басталған еді. Темір жол ведомствосы – кеңестік ведомстволардың ішіндегі ең қуаттыларының бірі. Сондықтан іргесі қаланған қаланың солтүстігіне қарай екі шақырым жерде, темір жол бекетінің жанынан, теміржолшылардың отбасылары үшін поселке салынып, оған қажетті мәдени, өндірістік және әлеуметтік ыңғайдағы нысандар тұрғызыла бастады. Аумағы жағынан қала екіге бөлінді: қаланың өзі және бекет жанындағы поселке. Осы екі бөліктің арасын жалғастыру үшін, аялдамаларының бас-аяғы Қарағанды темір жол басқармасы (қазіргі әкімшілік ғимараты) және вокзал болып белгіленген тар табанды темір жол төселді. Темір жол поселкесінде стандартты, типтік жоба бойынша екі қабатты коттедждер (Гете, Либкнехт көшелері) мен екі-үш қабатты көп пәтерлі секциялы үйлер (Қарасай батыр көшесі) салынды. Сондай-ақ мектеп ғимаратының, балалар мекемесінің, клубтар мен аурухананың сәулеттік келбеті де темір жол ведомствосы бекіткен типтік жобамен салынғандықтан, өзіндік сипатымен ерекшеленген жоқ. Ғимарат іргетасы кесек тас пен бетоннан құйылды да, қабырғалары кірпіштен қаланды, үстіне арматура салып, цемент ерітіндісі мен бетоннан құйылған швеллер бөренелермен жабылды. Ақмола облысы құрылып және Ақмола қ. оның орталығына айналып, 1939 ж. Ақмола-Қарталы темір жол тармағы салынғаннан кейін, қала еліміздің әкімшілік және ірі көлік желісіне айналды да, даму барысы сапалық жағынан өзінің мүлде жаңа кезеңіне аяқ басты. Қысқа мерзім ішінде қала тұрғындарының саны екі есеге көбейді (1928 ж. 15 мың болса, 1940 ж. 32 мыңға жетті), құрылыс жұмыстарының қарқыны мен ауқымы да елеулі дәрежеде жоғарылады. Кеңес үкіметі жүргізген дінге карсы күрес, әсіресе өткен ғасырдың 30-жылдарында күш алған еді. Дәл осы жылдарда Мәскеудегі Жебеуші Христос ғибадатханасы талқандалса, Ақмолада Александр Невский соборы қиратылды. Соғыс жылдарында фашист әскерлерінің қол астында қалған КСРО-ның батыс аудандарындағы ірі зауыттардың жабдықтары мен инженер-техник мамандары көшіріліп әкелгеннен кейін, олар қаланың дамуына күшті ықпал етті. Ақмола индустриалдық орталыққа айнала бастады. Соңынан бейбіт заман орнаған тұста, қорғаныс өнімдерін шығаратын сол зауыттар қайта кұрылып, ауыл шаруашылық және халық тұтынатын тауарлар шығаруға лайықталды. Соғыс жылдарында, сонымен қатар соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда кеңес үкіметі жер аударып, Еділ бойынан немістерді, Қиыр Шығыс аудандарынан корейлерді, Солтүстік Кавказ аумағынан ингуштар мен шешендерді Ақмола облысына алып келді. Нәтижесінде қала тұрғындарының саны 8 жылдың ішінде (1940-48) 32 мыңнан 76 мыңға жетті. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
25.02.2013 09:58 4110

Құрылысы салынып жатқан индустриялық алыптар – Орал мен Сібірді Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету үшін 1929 ж. Ақмола арқылы өтетін Петропавловск-Қарағанды темір жол желісін тарту жұмысы жанданғанда, Ақмолада да жаңа серпіліс басталған еді. Темір жол ведомствосы – кеңестік ведомстволардың ішіндегі ең қуаттыларының бірі. Сондықтан іргесі қаланған қаланың солтүстігіне қарай екі шақырым жерде, темір жол бекетінің жанынан, теміржолшылардың отбасылары үшін поселке салынып, оған қажетті мәдени, өндірістік және әлеуметтік ыңғайдағы нысандар тұрғызыла бастады. Аумағы жағынан қала екіге бөлінді: қаланың өзі және бекет жанындағы поселке. Осы екі бөліктің арасын жалғастыру үшін, аялдамаларының бас-аяғы Қарағанды темір жол басқармасы (қазіргі әкімшілік ғимараты) және вокзал болып белгіленген тар табанды темір жол төселді. Темір жол поселкесінде стандартты, типтік жоба бойынша екі қабатты коттедждер (Гете, Либкнехт көшелері) мен екі-үш қабатты көп пәтерлі секциялы үйлер (Қарасай батыр көшесі) салынды. Сондай-ақ мектеп ғимаратының, балалар мекемесінің, клубтар мен аурухананың сәулеттік келбеті де темір жол ведомствосы бекіткен типтік жобамен салынғандықтан, өзіндік сипатымен ерекшеленген жоқ. Ғимарат іргетасы кесек тас пен бетоннан құйылды да, қабырғалары кірпіштен қаланды, үстіне арматура салып, цемент ерітіндісі мен бетоннан құйылған швеллер бөренелермен жабылды. Ақмола облысы құрылып және Ақмола қ. оның орталығына айналып, 1939 ж. Ақмола-Қарталы темір жол тармағы салынғаннан кейін, қала еліміздің әкімшілік және ірі көлік желісіне айналды да, даму барысы сапалық жағынан өзінің мүлде жаңа кезеңіне аяқ басты. Қысқа мерзім ішінде қала тұрғындарының саны екі есеге көбейді (1928 ж. 15 мың болса, 1940 ж. 32 мыңға жетті), құрылыс жұмыстарының қарқыны мен ауқымы да елеулі дәрежеде жоғарылады. Кеңес үкіметі жүргізген дінге карсы күрес, әсіресе өткен ғасырдың 30-жылдарында күш алған еді. Дәл осы жылдарда Мәскеудегі Жебеуші Христос ғибадатханасы талқандалса, Ақмолада Александр Невский соборы қиратылды.

Соғыс жылдарында фашист әскерлерінің қол астында қалған КСРО-ның батыс аудандарындағы ірі зауыттардың жабдықтары мен инженер-техник мамандары көшіріліп әкелгеннен кейін, олар қаланың дамуына күшті ықпал етті. Ақмола индустриалдық орталыққа айнала бастады. Соңынан бейбіт заман орнаған тұста, қорғаныс өнімдерін шығаратын сол зауыттар қайта кұрылып, ауыл шаруашылық және халық тұтынатын тауарлар шығаруға лайықталды. Соғыс жылдарында, сонымен қатар соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда кеңес үкіметі жер аударып, Еділ бойынан немістерді, Қиыр Шығыс аудандарынан корейлерді, Солтүстік Кавказ аумағынан ингуштар мен шешендерді Ақмола облысына алып келді. Нәтижесінде қала тұрғындарының саны 8 жылдың ішінде (1940-48) 32 мыңнан 76 мыңға жетті.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға