Жаңалықтар

Мұртты обалар

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7 – 4 ғ-лар). Толық емес мәліметтер бойынша Қазақстанда 300-ден астам М. о-ға жататын ескерткіш тіркелген. Оларды Ә.Марғұлан, К.Ақышев, М.П. Грязнов, Ә.Оразбаев, М.Қадырбаев, С.Ақынжанов, Ф.Арсланова, С.С. Сорокин, А.Бейсенов, А.Таиров, С.Г. Боталов, т.б. зерттеді. Оның негізгі бөлігі (80%-дан астамы) Орт. және Солт. Қазақстан өлкелерінің жәдігерлері. Қалғандары басқа аймақта – Шығ. Қазақстан жерінде шоғырланған. М. о. Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады. Құрылымдық жағынан да, семантик. өрісі жағынан да күрделі құрылыстарға жатады. ұалымдардың типолог. сипаттамалары бойынша, құрылымдық-планиграф. ерекшеліктері тұрғысынан бірнеше түрге ажыратылады: 1) кешенде негізгі және қосалқы обалар бірлесе орналасады; 2) тек қосалқы обаның өзі ғана беріледі. Бірінші жағдайда кешен адам жерленген үлкен обадан, оның шығысында орналасқан ғұрыптық қосалқы кіші обадан және қосалқы обадан шығысқа қарай тартылған екі жарты доға тәрізді иілген “мұрттан” тұрады. Екінші жағдайда кешенде қосалқы оба ғана болады. Қосалқы обада адам жерленбейді, тек жылқы сүйектері мен қыш ыдыстар қойылады. Бажайлап қарағанда осы екі обаның екі түрлі мәнін аңғаруға болады. Үлкен оба – кәдімгі жерлеу ескерткіші. Оған мұртшалы ғұрыптық оба күншығыстан тіркеседі. М. о. кешенінің барлық мағынасын ашып тұратын да осы ғұрыптық оба. Оның астында жылқы қаңқасы немесе жекелеген сүйектері (көбіне бас сүйек), ал одан шығысқа қарай қыш ыдыс қойылады. өз. 50 – 60 м-ден 250 м-ге дейін баратын, тастан қаланған жіңішке жол тәріздес “мұрттардың” өзі пішіні дөңгелек, сопақша көптеген шағын құрылыстардың бір-біріне тіркескен жүйесінен құралады. Бұл шағын құрылыстар астынан аз мөлшерде күл, кейде мал сүйектері табылған. Бір топ ғалымдар М. о. кешенінің семантикасын ашу барысында мұны атқа, күн (от) тәңіріне табыну, ежелгі ата-баба рухын қастерлеу сияқты дәстүрлермен байланыстыратын жалпы сипаттама жасады. Екінші бір топ зерттеушілер бұл дәстүрдің маңызын жоққа шығармай, керісінше, олардың басын қоса отырып, ескерткіштердің қызметі мен семантикасындағы негізгі идеяны белгіледі. Осы жорамал бойынша, М. о. кешені қайтыс болған ардақты тұлғаларды еске алу, қоштасу, олардың биік рухын мәңгілікке аттандыру салтанатымен байланысты салынған. Мұны шартты түрде былай пайымдауға болады: салтанатқа қатысқан түрлі топтардың өкілдері салуға тиісті шағын құрылыстан түзілген “мұрттарда” символик. түрде от жанып тұрған; негізгі обада жерленген ақсүйек, бекзада адамның рухы қосалқы обадағы атқа мініп, әр топтан жиналған жұртпен дәм ішіп (қыш ыдыс), қоштасқан соң, “отты көпір” арқылы (от әмбебабтық өзгертуші, өткізуші қасиетке ие) күншығысқа, яғни өзі тәңірге айнала отырып, тәңірлер мекеніне аттанады. М. о. ескерткіштерін мерзімдеудің жоғ. шегі әлі анықталған жоқ. Мыс., олардың бір тобы мерзімі жағынан сақ дәуірінен 1-мыңжылдыққа дейін жетеді. ұылымда ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларын таза парсы тілдес орта ретінде сипаттау қалыптасқанын ескерсек, М. о-дың түркілік дәстүрлерге бейім келуі ерекше назар аудартады. М. о. құрылымы және семантикасы жағынан көне түркілердің тас мүсін, балбалдармен бірге орналасатын ғұрыптық қоршауларына өте жақын келеді. А. Бейсенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том 
08.11.2012 11:03 67105

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7 – 4 ғ-лар). Толық емес мәліметтер бойынша Қазақстанда 300-ден астам М. о-ға жататын ескерткіш тіркелген. Оларды Ә.Марғұлан, К.Ақышев, М.П. Грязнов, Ә.Оразбаев, М.Қадырбаев, С.Ақынжанов, Ф.Арсланова, С.С. Сорокин, А.Бейсенов, А.Таиров, С.Г. Боталов, т.б. зерттеді. Оның негізгі бөлігі (80%-дан астамы) Орт. және Солт. Қазақстан өлкелерінің жәдігерлері. Қалғандары басқа аймақта – Шығ. Қазақстан жерінде шоғырланған. М. о. Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады. Құрылымдық жағынан да, семантик. өрісі жағынан да күрделі құрылыстарға жатады. ұалымдардың типолог. сипаттамалары бойынша, құрылымдық-планиграф. ерекшеліктері тұрғысынан бірнеше түрге ажыратылады: 1) кешенде негізгі және қосалқы обалар бірлесе орналасады; 2) тек қосалқы обаның өзі ғана беріледі. Бірінші жағдайда кешен адам жерленген үлкен обадан, оның шығысында орналасқан ғұрыптық қосалқы кіші обадан және қосалқы обадан шығысқа қарай тартылған екі жарты доға тәрізді иілген “мұрттан” тұрады. Екінші жағдайда кешенде қосалқы оба ғана болады. Қосалқы обада адам жерленбейді, тек жылқы сүйектері мен қыш ыдыстар қойылады. Бажайлап қарағанда осы екі обаның екі түрлі мәнін аңғаруға болады. Үлкен оба – кәдімгі жерлеу ескерткіші. Оған мұртшалы ғұрыптық оба күншығыстан тіркеседі. М. о. кешенінің барлық мағынасын ашып тұратын да осы ғұрыптық оба. Оның астында жылқы қаңқасы немесе жекелеген сүйектері (көбіне бас сүйек), ал одан шығысқа қарай қыш ыдыс қойылады. өз. 50 – 60 м-ден 250 м-ге дейін баратын, тастан қаланған жіңішке жол тәріздес “мұрттардың” өзі пішіні дөңгелек, сопақша көптеген шағын құрылыстардың бір-біріне тіркескен жүйесінен құралады. Бұл шағын құрылыстар астынан аз мөлшерде күл, кейде мал сүйектері табылған. Бір топ ғалымдар М. о. кешенінің семантикасын ашу барысында мұны атқа, күн (от) тәңіріне табыну, ежелгі ата-баба рухын қастерлеу сияқты дәстүрлермен байланыстыратын жалпы сипаттама жасады. Екінші бір топ зерттеушілер бұл дәстүрдің маңызын жоққа шығармай, керісінше, олардың басын қоса отырып, ескерткіштердің қызметі мен семантикасындағы негізгі идеяны белгіледі. Осы жорамал бойынша, М. о. кешені қайтыс болған ардақты тұлғаларды еске алу, қоштасу, олардың биік рухын мәңгілікке аттандыру салтанатымен байланысты салынған. Мұны шартты түрде былай пайымдауға болады: салтанатқа қатысқан түрлі топтардың өкілдері салуға тиісті шағын құрылыстан түзілген “мұрттарда” символик. түрде от жанып тұрған; негізгі обада жерленген ақсүйек, бекзада адамның рухы қосалқы обадағы атқа мініп, әр топтан жиналған жұртпен дәм ішіп (қыш ыдыс), қоштасқан соң, “отты көпір” арқылы (от әмбебабтық өзгертуші, өткізуші қасиетке ие) күншығысқа, яғни өзі тәңірге айнала отырып, тәңірлер мекеніне аттанады. М. о. ескерткіштерін мерзімдеудің жоғ. шегі әлі анықталған жоқ. Мыс., олардың бір тобы мерзімі жағынан сақ дәуірінен 1-мыңжылдыққа дейін жетеді. ұылымда ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларын таза парсы тілдес орта ретінде сипаттау қалыптасқанын ескерсек, М. о-дың түркілік дәстүрлерге бейім келуі ерекше назар аудартады. М. о. құрылымы және семантикасы жағынан көне түркілердің тас мүсін, балбалдармен бірге орналасатын ғұрыптық қоршауларына өте жақын келеді.

А. Бейсенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға