АРХИТЕКТУРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ 1830-1840 ж.ж.
Астана қаласының тарихында подполковник Ф. Шубин отрядының солдаттары мен казактары 1830 ж. бұрыңғы стадионның орнына бірнеше казарма мен ат қора тұрғызғанда, болашақ қаланың алғашқы іргетасы қаланып, негізі салынған деген түсінік орныққан болатын. Алайда климаттық жағдайы қатал бұл өлкеде адамдар ежелгі заманнан өмір сүріп жатты. Олар шөл даладағы (саны жағынан аса көп емес) өзен арналарының жағалауларына орналасатын еді. Есіл өзенінің жоғарғы жағынан (археолог В.Волошин тапқан және зерттеген алғашқы адамдардың палеолиттік мекені Ақжар мен Батпақтан) табылған көне тас құралдар, қазіргі Ақмола облысының аймағын адамдар ертедегі ащельмустье кезеңінде ақ мекендегені туралы ғылыми түсініктің орнығуына мүмкіндік беріп отыр. Белгілі археолог К.Ақышев 1999 ж. Астана қаласының орталығынан 7 шақырым жерде, Бозоқ өзенінің жанында орналасқан ортағасырлық 10-12 ғасырларға тән қаланың орнын тапты. Табылған археологиялық жәдігерлер бұл қала Отырардан, Шауғардан, Йасыдан, Саураннан және Жаңакенттен шыққан жолдардың тоғысатын жерінде, Азия мен Еуропаны байланыстыратын сауда керуенінің жолында тұрған деген тұжырымға жетелейді. Олар осы жерден шығыска – Ертіс немесе Алакөл жағалауына, онан әрі қарай солтүстікке – Сібірге қарай жол тартқан. Қала тұрғындары суармалы диқаншылықпен айналысқан (табылған су жіберетін арықтардың ізі мен биікке су шығаратын кұрылыстарда қолданылған қыш әуіттер соның дәлелі). Бозоқ қалашығы айнала қазылған ор және қорғаныс дуалдармен қоршалған. Қаланың орталығында квадрат формалы күйдірілген қыш кірпіштен қаланған негізгі мұнара мен ғибадатхана құрылыстарының қалдығы сақталған. Барлық сипаты бойынша қала сауда керуені жолындағы қарауыл бекетінің қызметін атқарған секілді. Соңғы археологиялық зерттеулерден алынған мәліметтер бойынша қазіргі Астана қаласының аумағында 19 ғасырда емес, 10-12 ғасырларда күрделі қүрылысы бар елді мекен болған деген тұжырым жасауға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар түрлі әскери-тарихи оқиғалармен байланысты Астана қаласының орнындағы елді мекеннің даму тарихы тұрақты болған жоқ. Елді мекендер пайда болған да, өзінің болғандығы туралы артына ешқандай із қалдырмастан жойылып кетіп отырған. Акмола әскери елді мекенінің негізі қаланғаннан кейінгі кезеңде ғана қала аумағындағы күрылыстың даму барысын хронологиялық тұрғыдан бірізді зерттеуге мүмкіндік туды. Подполковник Шубиннің әскері тұрғызған әскери елді мекеннің құрылымы мен құрылысының жоспары таза әскери түсінікке негізделген болатын, яғни бекініс тұрғындарын далалық көшпенділердің шабуылынан қорғау басты мәселе ретінде бірінші орында тұрды. Негізінен, оның құрамы, шеңберлі қорғаныс жасау үшін алаңның периметрі бойынша айнала қойылған ағаш бөренелерден салынған казармалардан, артиллеристердің, тілмаштардың тұруына арналған жартылай жертөлелерден, сондай-ақ тақта тастардан соғылған қамбалар мен ат қора шарбақтарынан құрылған еді. Патша үкіметі Сұлтан Кенесары Қасымұлының жасағы 1938 ж. бекшіске шабуыл жасағаннан кейін, гарнизонды күшейту үшін қосымша әскери бөлімдер мен казак жүздіктерін жіберіп, қоныстың айналасына қорғаныс ор қазып, дуал орнаттыруға мәжбүр болды.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы