Жаңалықтар

«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумы басталды

Ақмола облысында отандастарымыздың тағдыры арқылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген басшылығымен қол жеткізген республикамыздың жетістіктерін көрсетуді көздейтін жоба - Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» жобасы бастау алды. Қазақстан тәуелсіздіктің қысқа мерзімі ішінде Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі мен жасампаз қайраткерлік қызметінің арқасында бұрынғы кеңестік республикадан әлемдегі экономикасы қуатты, демократиялық дамыған беделді мемлекетке айналды. Осынау адам таңғаларлық жетістіктердің бәрінде де – әрбір қазақстандықтың, Мемлекетіміздің басшысы әрдайым жасам¬паз¬дық күш-қуатына кәміл сенген халқымыздың  зор еңбегі бар. Елдің тағдыры мен оның азаматтарының тағдыры ажырамас тұтастықта болады және Қазақстанның ары қарайғы жүйелі дамуының негізі болып қала береді.  Дәл осы байланыстан нақты отандастарымыздың жетістіктері арқылы елдің жетістігі мен оның азаматтарының жетістігін көрсетуді көздейтін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумын жыл сайынғы өткізу идеясы туындады. Сөйтіп 2012 жылдың шілдесінде, қала күні қарсаңында Астанада «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» бірінші республикалық форумы өткізілген болатын. Аталмыш шараны ұйымдастыруға бастама көтерген көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен резонанс туғызып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданды. Оның басты мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарының замандастарымыздың оң көзқарастағы дүниетанымы мен жасампаз күшін қуаттайтын жетістіктерінің тарихын айқындау мен көрсету; Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекет құрудағы стратегиясының табыстылығын отандастарымыздың тағдыры арқылы көрсету. Аймақтық форум екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – аудандық деңгейде; екіншісі – облыстық, Астана және Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады.  Мәдениет сарайына мектеп оқушыларынан бастап жасы ұлғайған тұрғындарына дейінгі ауданының нағыз патриоттары жиналған Ақмола облысының Ерейментау ауданына бірінші болып форумды бастау құрметі бұйырды.  «Тарихты саясаткерлер жазады дейді, ал оны ерекше қасиеттерге ие ұлы адамдар: жағдайды және оны шешудің оңтайлы жолын стратегиялық көрегендікпен байқау, өткір аналитикалық ақыл мен феноменалды жады, өз таңдауының дұрыстығына деген сенім мен қажымас жігер ұлы адамдар жасайды дейді... Өткен 20 жыл осы аталған барлық қасиеттер толықтай Нұрсұлтан Назарбаевқа тән екенін анық дәлелдеді», - деді алғашқы сөз алған Ерейментау әкімінің орынбасары Серікбай Көшкімбаев. «Біздің мемлекетіміздің кредосын, жетістігінің басты құпиясын тәуелсіздіктің алғашқы кезінен-ақ «халықпен бірге және халық үшін өмір сүру» деп нақты әрі дәл анықтаған болатын», – деді ол. Ардагерлер кеңесінің Төрағасы Галина АРТАМОНОВА өз сөзінде: «Жоғары деңгейдегі рухани-адамгершілік құндылықтарымен бәсекеге қабілетті интеллектуалды жастарды тәрбиелеу – мемлекеттің ең басты міндеті. Тек білімді және тәрбиелі жастар ғана мемлекетті прогресс жолымен өркендете алады», - деп атап көрсетті.  Ерейментаулықтарды Қорғалжындықтар да қолдап, Отанға деген махаббаты мен патриотизмді бос сөз санамайтын мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық және саяси қайраткерлерді, мәдениет пен өнер, білім мен денсаулық сақтау, спорт саласы, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерін, ауыл жастарын, тұрғындарының басын қосты. Олардың қатарынан ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі, Қорғалжын ауданының құрметті азаматы Серік Рүстембеков те қатысып, сөз алғанда: «Еліме пайдамның тигені үшін де бақыттымын, қадірлі азаматтармен, нағыз патриоттармен бірге еңбек еткенімді мақтан тұтамын... Біздің еліміз әрбір қазақстандықтарға өз армандарын іске асыруға, күш-қуатын пайдалануға, өзін сынап көруге, сөйтіп тәуелсіз, еркін тұлға болып қалыптасуға мүмкіндік беріп отыр», - дегенді атап көрсетті.    «Менің тағдырым елімнің тағдырымен тікелей байланысты. Жас мемлекеттің қалыптасуы менің көз алдымда өтті», - деген пікірін білдірді «Құрмет» орденінің иегері, механизатор Алексей Руш форумның қатысушыларына. «Жас қазақстандықтарға ¬– «Алға ұмтылыңдар!» деген сөзімді арнағым келеді Елдің ертеңі – сендердің болашақтарың!»  «Орыс әні» («Русская песня») ансамблінің жетекшісі, зағип ақын, орындаушы Ирина Деева Елбасына арнаған өлеңін оқыды: «Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты әрқашан планетарлық масштабтағы адам деп санағанмын, әлі де солай деп санаймын. Оның дана саясатының арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз, елімізді әлемнің бәрі біледі... Мен орыспын. Өзімнің Отаным деп есептейтін қасиетті жер Қорғалжында дүниеге келдім, осында өстім, қалыптастым. Осы жерде менің өлеңдерім мен әндерім айтылады, осында мен өзімді бақытты сезінемін. Балаларым мен немерелерімнің болашағының жарқын болатынына сенімдімін».   Іс-шара аясында аудандардың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін ауданның ең белсенді тұрғындары құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Эстафетаны Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстары жалғастыруға дайындалып жатыр. Сәуір айында облыстық форумдарды, ал шілдеде республикалық форумды өткізу жоспарланған. Бас-аяғы 200-ден астам іс-шара өткізіледі. BAQ.kz
25.02.2013 05:37 4532

Ақмола облысында отандастарымыздың тағдыры арқылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген басшылығымен қол жеткізген республикамыздың жетістіктерін көрсетуді көздейтін жоба - Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» жобасы бастау алды.

Қазақстан тәуелсіздіктің қысқа мерзімі ішінде Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі мен жасампаз қайраткерлік қызметінің арқасында бұрынғы кеңестік республикадан әлемдегі экономикасы қуатты, демократиялық дамыған беделді мемлекетке айналды. Осынау адам таңғаларлық жетістіктердің бәрінде де – әрбір қазақстандықтың, Мемлекетіміздің басшысы әрдайым жасам¬паз¬дық күш-қуатына кәміл сенген халқымыздың  зор еңбегі бар. Елдің тағдыры мен оның азаматтарының тағдыры ажырамас тұтастықта болады және Қазақстанның ары қарайғы жүйелі дамуының негізі болып қала береді. 

Дәл осы байланыстан нақты отандастарымыздың жетістіктері арқылы елдің жетістігі мен оның азаматтарының жетістігін көрсетуді көздейтін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумын жыл сайынғы өткізу идеясы туындады. Сөйтіп 2012 жылдың шілдесінде, қала күні қарсаңында Астанада «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» бірінші республикалық форумы өткізілген болатын. Аталмыш шараны ұйымдастыруға бастама көтерген көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен резонанс туғызып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданды.
Оның басты мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарының замандастарымыздың оң көзқарастағы дүниетанымы мен жасампаз күшін қуаттайтын жетістіктерінің тарихын айқындау мен көрсету; Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекет құрудағы стратегиясының табыстылығын отандастарымыздың тағдыры арқылы көрсету.
Аймақтық форум екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – аудандық деңгейде; екіншісі – облыстық, Астана және Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады. 
Мәдениет сарайына мектеп оқушыларынан бастап жасы ұлғайған тұрғындарына дейінгі ауданының нағыз патриоттары жиналған Ақмола облысының Ерейментау ауданына бірінші болып форумды бастау құрметі бұйырды.
 «Тарихты саясаткерлер жазады дейді, ал оны ерекше қасиеттерге ие ұлы адамдар: жағдайды және оны шешудің оңтайлы жолын стратегиялық көрегендікпен байқау, өткір аналитикалық ақыл мен феноменалды жады, өз таңдауының дұрыстығына деген сенім мен қажымас жігер ұлы адамдар жасайды дейді... Өткен 20 жыл осы аталған барлық қасиеттер толықтай Нұрсұлтан Назарбаевқа тән екенін анық дәлелдеді», - деді алғашқы сөз алған Ерейментау әкімінің орынбасары Серікбай Көшкімбаев. «Біздің мемлекетіміздің кредосын, жетістігінің басты құпиясын тәуелсіздіктің алғашқы кезінен-ақ «халықпен бірге және халық үшін өмір сүру» деп нақты әрі дәл анықтаған болатын», – деді ол.
Ардагерлер кеңесінің Төрағасы Галина АРТАМОНОВА өз сөзінде: «Жоғары деңгейдегі рухани-адамгершілік құндылықтарымен бәсекеге қабілетті интеллектуалды жастарды тәрбиелеу – мемлекеттің ең басты міндеті. Тек білімді және тәрбиелі жастар ғана мемлекетті прогресс жолымен өркендете алады», - деп атап көрсетті. 
Ерейментаулықтарды Қорғалжындықтар да қолдап, Отанға деген махаббаты мен патриотизмді бос сөз санамайтын мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық және саяси қайраткерлерді, мәдениет пен өнер, білім мен денсаулық сақтау, спорт саласы, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерін, ауыл жастарын, тұрғындарының басын қосты. Олардың қатарынан ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі, Қорғалжын ауданының құрметті азаматы Серік Рүстембеков те қатысып, сөз алғанда: «Еліме пайдамның тигені үшін де бақыттымын, қадірлі азаматтармен, нағыз патриоттармен бірге еңбек еткенімді мақтан тұтамын... Біздің еліміз әрбір қазақстандықтарға өз армандарын іске асыруға, күш-қуатын пайдалануға, өзін сынап көруге, сөйтіп тәуелсіз, еркін тұлға болып қалыптасуға мүмкіндік беріп отыр», - дегенді атап көрсетті.  
 «Менің тағдырым елімнің тағдырымен тікелей байланысты. Жас мемлекеттің қалыптасуы менің көз алдымда өтті», - деген пікірін білдірді «Құрмет» орденінің иегері, механизатор Алексей Руш форумның қатысушыларына. «Жас қазақстандықтарға ¬– «Алға ұмтылыңдар!» деген сөзімді арнағым келеді Елдің ертеңі – сендердің болашақтарың!»
 «Орыс әні» («Русская песня») ансамблінің жетекшісі, зағип ақын, орындаушы Ирина Деева Елбасына арнаған өлеңін оқыды: «Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты әрқашан планетарлық масштабтағы адам деп санағанмын, әлі де солай деп санаймын. Оның дана саясатының арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз, елімізді әлемнің бәрі біледі... Мен орыспын. Өзімнің Отаным деп есептейтін қасиетті жер Қорғалжында дүниеге келдім, осында өстім, қалыптастым. Осы жерде менің өлеңдерім мен әндерім айтылады, осында мен өзімді бақытты сезінемін. Балаларым мен немерелерімнің болашағының жарқын болатынына сенімдімін».  
Іс-шара аясында аудандардың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін ауданның ең белсенді тұрғындары құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Эстафетаны Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстары жалғастыруға дайындалып жатыр. Сәуір айында облыстық форумдарды, ал шілдеде республикалық форумды өткізу жоспарланған. Бас-аяғы 200-ден астам іс-шара өткізіледі.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға