Қазақтелеком ұялы байланыс құнын арзандатады
Биылғы жылдың 1 наурызынан жергілікті деңгейде «Қазақтелеком» АҚ желілеріне қосылған телефон операторлары үшін ұялы байланыстың өткізу трафигінің құны 25%-ға арзандайды. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазақтелеком» АҚ ұялы байланыс трафигінің өткізу тарифтері орташа 25%-ға арзандайды. Тарифтер жергілікті деңгейде «Қазақтелеком» АҚ желілеріне қосылған және тіркелген телефон байланысы операторларына жағдай жасау іс-шаралары аясында төмендетілмек», - делінген хабарламада. Жаңа тарифтермен «Қазақтелеком» АҚ-ның www.telecom.kz. ресми порталынан танысуға болады.
25.02.2013 05:34
3267
Жаңа тарифтермен «Қазақтелеком» АҚ-ның www.telecom.kz. ресми порталынан танысуға болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Установлен рекорд массового вращения обручей
Келесі жаңалық
Ақтөбе әкімі 110 жастағы тыл еңбеккерінің үйіне барды