Бүгін «Барыс» өз алаңында «Трактормен» ойнайды
Бүгін «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Трактор» (Челябі) командасымен ойнайды. Құрлық хоккей лигасының плей-офф сындары аясында бұған дейін «Барыс» хоккейшілері «Трактормен» екі рет кездесіп, барлық ойындарда қарсыласынан басым түсті. Жалпы есеп - 2:0. Плей-оффтың ережесі бойынша төрт рет жеңген команда келесі айналымға өтеді. Сондықтан «Барысқа» тағы екі ұпай жинау қажет. Айта кетейік, бүгінгі ойын Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде кешкі сағат 19.00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады. Автор: Арман Асқаров inform.kz
25.02.2013 04:17
3818
Айта кетейік, бүгінгі ойын Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде кешкі сағат 19.00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.
Автор: Арман Асқаров
inform.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар Дубайдағы мектепте ел абыройын асқақтатты
Келесі жаңалық
Ақтөбе әкімі 110 жастағы тыл еңбеккерінің үйіне барды