Жаңалықтар

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықжөніндегі ұйым

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМ (ЕҚЫҰ) — халықаралық ұйым. 20 ғ-дың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 ж. Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті ЕҚЫҰ деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солт. Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. ЕҚЫҰ-ның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қ-нда өтеді. Сондай-ақ, ол ЕҚЫҰ-ның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. ЕҚЫҰ органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық ин-ттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада ЕҚЫҰ-ына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында ЕҚЫҰ басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. ЕҚЫҰ басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 ж. болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орт. Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. ЕҚЫҰ-ына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 ж. Будапештте, 1996 ж. Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 ж. Будапештте, 1997 ж. Копенгагенде, 1998 ж. Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. ЕҚЫҰ-ының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) ЕҚЫҰ-ының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда ЕҚЫҰ-ының өкілдігі ашылған. ЕҚЫҰ Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс ван дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 ж. бастады. 1995 ж. екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Қс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс ван дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХҚ ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде ЕҚЫҰ Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орт. Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде ЕҚЫҰ Демокр. ин-ттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға ЕҚЫҰ Бас хатшысы Джонкарло Арагон, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери қауіпсіздік — ЕҚЫҰ-ның қызметіндегі маңызды сала. ЕҚЫҰ шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 ж. жасалған. Оған Қазақстан 1992 ж. қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықар. заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
08.11.2012 10:59 3353

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМ (ЕҚЫҰ) — халықаралық ұйым. 20 ғ-дың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 ж. Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті ЕҚЫҰ деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солт. Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. ЕҚЫҰ-ның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қ-нда өтеді. Сондай-ақ, ол ЕҚЫҰ-ның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. ЕҚЫҰ органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық ин-ттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада ЕҚЫҰ-ына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында ЕҚЫҰ басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. ЕҚЫҰ басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 ж. болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орт. Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. ЕҚЫҰ-ына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 ж. Будапештте, 1996 ж. Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 ж. Будапештте, 1997 ж. Копенгагенде, 1998 ж. Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. ЕҚЫҰ-ының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) ЕҚЫҰ-ының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда ЕҚЫҰ-ының өкілдігі ашылған.

ЕҚЫҰ Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс ван дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 ж. бастады. 1995 ж. екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Қс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс ван дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХҚ ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде ЕҚЫҰ Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орт. Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде ЕҚЫҰ Демокр. ин-ттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға ЕҚЫҰ Бас хатшысы Джонкарло Арагон, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери қауіпсіздік — ЕҚЫҰ-ның қызметіндегі маңызды сала. ЕҚЫҰ шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 ж. жасалған. Оған Қазақстан 1992 ж. қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықар. заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға