Жаңалықтар

Әйтеке би

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Әйтеке би, Әйтеке Байбекұлы – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан ол 1644 ж. наурыз айының жиырма үші күні Өзбекстандағы Қазбибі тауының етегінде туған. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші, Сейітқұл әулиенің – үшінші ұрпағы. Самарқан әмірі (1622 – 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашып, Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейіннен әйгілі «Шер-дор» (Арыстанды) медресесінде оқиды. Медресені бітірісімен туған ауылына оралып, ел басқару істеріне араласады. Жиырма бес жасында оны барша Кіші жүз халқы бас би етіп сайлады. Тәуке таққа отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты «Хан кеңесі» сайланды. Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы «Хан кеңесінің» мүшесі болды. Осы кезде заман өзгерісіне қарай жаңа заң үлгілерін жасау қажеттігі туды. Сөйтіп 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды. «Жеті жарғыға» Әйтекенің ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол – »Сүйек құны» мен «Өнер құны». Әйтеке шешендігімен, «қара қылды қақ жарған» әділдігімен бірге, жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 ж. Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он мың жасағына бес мың қол әскерімен Әйтеке қарсы аттанады. Соғыс бір күнге созылады. Келесі күні Әйтекеге Самарқаннан, Бұқарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, Қалдан-Бошақты Сайрамға шегініп кетеді. Сол жылы Сайрам талқандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген «Хан кеңесі» болмай қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім. Ол 1700 ж. қайтыс болып, Өзбекстанның Нұрата ауданындағы Сейітқұл қорымында жерленген. Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатары Өзбекстанның Нұрата ауданында тұрады. Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да жеткілікті. Соның бірі авторы беймәлім, «Әйтеке би» деген ұзақ дастан. Биді халық «айыр тілді Әйтеке» деп атаған. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы деп аталады.  
08.11.2012 10:58 11333

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Әйтеке би, Әйтеке Байбекұлы – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан ол 1644 ж. наурыз айының жиырма үші күні Өзбекстандағы Қазбибі тауының етегінде туған. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші, Сейітқұл әулиенің – үшінші ұрпағы. Самарқан әмірі (1622 – 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашып, Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейіннен әйгілі «Шер-дор» (Арыстанды) медресесінде оқиды. Медресені бітірісімен туған ауылына оралып, ел басқару істеріне араласады. Жиырма бес жасында оны барша Кіші жүз халқы бас би етіп сайлады. Тәуке таққа отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты «Хан кеңесі» сайланды. Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы «Хан кеңесінің» мүшесі болды. Осы кезде заман өзгерісіне қарай жаңа заң үлгілерін жасау қажеттігі туды. Сөйтіп 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды.

«Жеті жарғыға» Әйтекенің ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол – »Сүйек құны» мен «Өнер құны».

Әйтеке шешендігімен, «қара қылды қақ жарған» әділдігімен бірге, жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 ж. Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он мың жасағына бес мың қол әскерімен Әйтеке қарсы аттанады. Соғыс бір күнге созылады. Келесі күні Әйтекеге Самарқаннан, Бұқарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, Қалдан-Бошақты Сайрамға шегініп кетеді. Сол жылы Сайрам талқандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген «Хан кеңесі» болмай қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім. Ол 1700 ж. қайтыс болып, Өзбекстанның Нұрата ауданындағы Сейітқұл қорымында жерленген. Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатары Өзбекстанның Нұрата ауданында тұрады.

Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да жеткілікті. Соның бірі авторы беймәлім, «Әйтеке би» деген ұзақ дастан. Биді халық «айыр тілді Әйтеке» деп атаған. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы деп аталады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға