Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалі өтеді
Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Оған Астананың үздік концерт залдарында өнер көрсететін 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Бұл туралы astana.kz сайтына ұйымдастыру комитетінен мәлім етті. Қазақстанның әр облысы байқаудың: 1. Классикалық вокал (әйелдер мен ерлер); 2. Домбыра; 3. Дирижер әр аталымына 2 қатысушы жібереді. Фестивальді ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Мәдениет басқармасы. «Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар фестивальде мынандай марапаттар мен жүлделер тапсырылады: - Гран-при – ақшалай сыйлық (800 000 теңге); - 1-ші сыйлық – 600 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль; - 2-ші сыйлық – 300 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль; - 3-ші сыйлық – 150 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль», - делінген хабарламада. astana.kz
23.02.2013 15:30
3622
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Кино үздіктеріне «Оскар» сыйлығы табысталады (видео)
Келесі жаңалық
ҚМА алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертті