Жаңалықтар

Мәдениет

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 Мәдениет (араб. “мада-ният”) — қала, қалалық; лат. cultural — өңдеу, өсіру) — 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.). М. ұғымы ежелгі заманда жер жырту, баубақша өңдеу ісімен, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен, егіншілік пен а.ш-мен тығыз байланыста қарастырылды. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б.з.б. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын М. “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” секілді мағынаға ие болды. Ежелгі Грекияда М. әрі тәрбие беруді, әрі дінге сенушілікті, әрі жер өңдеуді білдірген. Тәрбиелеу, оқыту, білім алу мәдениет “пайдейя” (тәрбиелеу) ұғымы арқылы берілген. М-тің мақсаты адам бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеті мен эстет. сезімді дамыту болды. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық М. пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне М-тің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық М. политейзмге — монотейзмді, натурализмге — руханилықты, гедонизмге — аскеттік мұратты қарсы қойды. М. тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуы негізінде сипатталды. Жаңа заманда М-тің көптеген теориялары өмірге келді. Бұл дәуірдің М. теориясына ерекше үлес қосқан ойшыл-ғалымдар: Дж.Толанд (1670 — 1722), Ф.Вольтер (1694 — 1778), Ш.Л. Монтескье (1689 — 1755), Г.Э.Лессинг (1729 — 1781), И.Ф.Гете (1749 — 1832), Ф.Шиллер (1759 — 1805), т.б. Ағартушылық дәуір философиясы М. туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой) сүйенді. Бұл кезеңнің ойшылдары М-пен байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, жаңа мәдени үлгілерді (адам, қоғам, мемлекет, құқық философиясы, т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша көзқараста қарастырды. М-тің мән-мағынасы табиғаттағы әлемдік күштердің батыл іс-әрекетінің нәтижесімен байланыстырылып, М — адамзат баласы қызметінің жемісі деп есептелді. Бірақ сол кезеңнің өзінде-ақ “табиғат” пен М-тің үйлесімді бірлігіне шүбә келтіру, оларды бір-біріне қарсы қою сарыны байқала бастады. Ж.Ж. Руссо (1712 — 1778) ғылым мен өнердің жандануы қоғамның алға басуына нұқсан келтіргендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, ғы-лым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың “табиғи” жағдайы бұзылады, адамгершілік төмендейді, қоғамдық теңсіздік орын алып, адамның бостандық сезімі аяққа басылады. Неміс философы И.Кант (1724 — 1804) М. ұғымын моральдық тұрғыдан қарастыруға әрекет жасады. Ол М-ті адамды хайуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарас-тырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерге ерекше орын берді. Оның ойынша, “М. — табиғаттан бостандық патшалығына барар жол”, сондықтан Кант ілімінің маңыздылығы — оның М-ті гуманистік тұрғыдан қарастыруында. 19 ғ-да М. мәселелерімен біршама айналысқан ғалымдардың бірі — ағылшан ойшылы Э.Б.Тайлор (1832 — 1917) болды. Ол “Мәдениет жөніндегі ғылым — реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдай отырып, М. үздіксіз даму үстінде болады деді. Тайлор М-ке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі, яки материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады. Ф.В. Шеллинг (1775 — 1845) М-ті эстет. тұрғыдан меңгеруді алға тартып, М-тің басты мазмұны — адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында М. туралы қалыптасқан эвол. түсініктердің әмбебаптығы неокант-шылдықтың идеалистік көзқарасы тұрғысынан (Г.Риккерт, М.Вебер) сынға ұшырады. М., ең алдымен, қоғамдық өмір мен ұйымдасуда ерекше рөл атқаратын құндылықтар мен идеялардың өзіндік жүйесі деп түсіндірілді. М-тің сызықтық эволюциясының бірлігі теориясы өмір философиясының иррационалистік ұстанымы бойынша сынға алынып, оған “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасы (О.Шпенглер) қарсы қойылды. Бұл тұжырымдамаға қоғам дамуының ақырғы кезеңі ретінде қарастырылатын өркениет пен М-ті бір-біріне қарсы қою тән болды. Осыған ұқсас түсініктерді Ресейде Н.Данилевский (1822 — 1885), кейін П.Сорокин (1889 — 1968), өлыбританияда — А.Тойнби (1889 — 1975) дамытты. Мәдени әдет-ғұрыптардан “мәдени үлгі” ұғымын зерделеуге көшкен америкалық антрополог А.Кребердің тұжырымдамасы елеулі мәнге ие болды. Оған сәйкес “мәдени үлгілер” жиынтығы М. жүйесін құрайды. М-тің символик. қасиеттері туралы түсінікте неміс философы Э.Кассирер (1874 — 1945) мен швейцарлық психолог К.Юнгтың (1875 — 1961) идеалистік ілімдері негізге алынды. Қазіргі кезде М. ұғымы белгілі бір тарихи дәуірдің, нақтылы қоғамдардың, халықтар мен ұлттардың материалдық және рухани даму деңгейін сипаттау үшін қолданылады. Сондай-ақ М. жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы болып табылады. Ол әр түрлі әлеум. құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес қалыптасады. М.  адамдықтың өлшемі бола тұра, адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді, себебі адам бұрыннан жасалып келген М-ті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің ал-ғышартына айналдырады. Сөйтіп, өзінің білімін, адамдық мәнін қалыптастырады. Мәдениеттану тұрғысынан әрбір нақты М. әлеум. болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі бір баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда М-тің басты мәселесі — адамзат болмысының жандануы мен өзгеріске түсуінің немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы.  М. — халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған шығарм. мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейін-есі, филос. жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты — барлығы М-пен біте қайнасқан. М-тің ішкі мәні қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың ізденістерінде айқындалады. М. өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастық мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі М. өзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте заманда М. ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан архаизм мен анайылықты емес, қазіргі ұлттық М-тердің архетипін аңғарған жөн. М-ті тек материалдық және рухани түрлерге бөлгенде, М. өзінің ішкі мағынасында менталды екендігін аңғартады. Өйткені адамды қоршаған заттар, дүние — бұл М-тің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні адам әрекетінің нәтижесінде руханилықты заттандыруда жатыр; қ. өлттық мәдениет, Өркениет. Т. Ғабитов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том
08.11.2012 10:58 4971

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

Мәдениет (араб. “мада-ният”) — қала, қалалық; лат. cultural — өңдеу, өсіру) — 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.). М. ұғымы ежелгі заманда жер жырту, баубақша өңдеу ісімен, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен, егіншілік пен а.ш-мен тығыз байланыста қарастырылды. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б.з.б. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын М. “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” секілді мағынаға ие болды. Ежелгі Грекияда М. әрі тәрбие беруді, әрі дінге сенушілікті, әрі жер өңдеуді білдірген. Тәрбиелеу, оқыту, білім алу мәдениет “пайдейя” (тәрбиелеу) ұғымы арқылы берілген. М-тің мақсаты адам бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеті мен эстет. сезімді дамыту болды. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық М. пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне М-тің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық М. политейзмге — монотейзмді, натурализмге — руханилықты, гедонизмге — аскеттік мұратты қарсы қойды. М. тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуы негізінде сипатталды. Жаңа заманда М-тің көптеген теориялары өмірге келді. Бұл дәуірдің М. теориясына ерекше үлес қосқан ойшыл-ғалымдар: Дж.Толанд (1670 — 1722), Ф.Вольтер (1694 — 1778), Ш.Л. Монтескье (1689 — 1755), Г.Э.Лессинг (1729 — 1781), И.Ф.Гете (1749 — 1832), Ф.Шиллер (1759 — 1805), т.б. Ағартушылық дәуір философиясы М. туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой) сүйенді. Бұл кезеңнің ойшылдары М-пен байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, жаңа мәдени үлгілерді (адам, қоғам, мемлекет, құқық философиясы, т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша көзқараста қарастырды. М-тің мән-мағынасы табиғаттағы әлемдік күштердің батыл іс-әрекетінің нәтижесімен байланыстырылып, М — адамзат баласы қызметінің жемісі деп есептелді. Бірақ сол кезеңнің өзінде-ақ “табиғат” пен М-тің үйлесімді бірлігіне шүбә келтіру, оларды бір-біріне қарсы қою сарыны байқала бастады. Ж.Ж. Руссо (1712 — 1778) ғылым мен өнердің жандануы қоғамның алға басуына нұқсан келтіргендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, ғы-лым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың “табиғи” жағдайы бұзылады, адамгершілік төмендейді, қоғамдық теңсіздік орын алып, адамның бостандық сезімі аяққа басылады. Неміс философы И.Кант (1724 — 1804) М. ұғымын моральдық тұрғыдан қарастыруға әрекет жасады. Ол М-ті адамды хайуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарас-тырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерге ерекше орын берді. Оның ойынша, “М. — табиғаттан бостандық патшалығына барар жол”, сондықтан Кант ілімінің маңыздылығы — оның М-ті гуманистік тұрғыдан қарастыруында. 19 ғ-да М. мәселелерімен біршама айналысқан ғалымдардың бірі — ағылшан ойшылы Э.Б.Тайлор (1832 — 1917) болды. Ол “Мәдениет жөніндегі ғылым — реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдай отырып, М. үздіксіз даму үстінде болады деді. Тайлор М-ке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі, яки материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады. Ф.В. Шеллинг (1775 — 1845) М-ті эстет. тұрғыдан меңгеруді алға тартып, М-тің басты мазмұны — адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында М. туралы қалыптасқан эвол. түсініктердің әмбебаптығы неокант-шылдықтың идеалистік көзқарасы тұрғысынан (Г.Риккерт, М.Вебер) сынға ұшырады. М., ең алдымен, қоғамдық өмір мен ұйымдасуда ерекше рөл атқаратын құндылықтар мен идеялардың өзіндік жүйесі деп түсіндірілді. М-тің сызықтық эволюциясының бірлігі теориясы өмір философиясының иррационалистік ұстанымы бойынша сынға алынып, оған “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасы (О.Шпенглер) қарсы қойылды. Бұл тұжырымдамаға қоғам дамуының ақырғы кезеңі ретінде қарастырылатын өркениет пен М-ті бір-біріне қарсы қою тән болды. Осыған ұқсас түсініктерді Ресейде Н.Данилевский (1822 — 1885), кейін П.Сорокин (1889 — 1968), өлыбританияда — А.Тойнби (1889 — 1975) дамытты. Мәдени әдет-ғұрыптардан “мәдени үлгі” ұғымын зерделеуге көшкен америкалық антрополог А.Кребердің тұжырымдамасы елеулі мәнге ие болды. Оған сәйкес “мәдени үлгілер” жиынтығы М. жүйесін құрайды. М-тің символик. қасиеттері туралы түсінікте неміс философы Э.Кассирер (1874 — 1945) мен швейцарлық психолог К.Юнгтың (1875 — 1961) идеалистік ілімдері негізге алынды. Қазіргі кезде М. ұғымы белгілі бір тарихи дәуірдің, нақтылы қоғамдардың, халықтар мен ұлттардың материалдық және рухани даму деңгейін сипаттау үшін қолданылады. Сондай-ақ М. жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы болып табылады. Ол әр түрлі әлеум. құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес қалыптасады. М.  адамдықтың өлшемі бола тұра, адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді, себебі адам бұрыннан жасалып келген М-ті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің ал-ғышартына айналдырады. Сөйтіп, өзінің білімін, адамдық мәнін қалыптастырады. Мәдениеттану тұрғысынан әрбір нақты М. әлеум. болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі бір баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда М-тің басты мәселесі — адамзат болмысының жандануы мен өзгеріске түсуінің немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы.  М. — халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған шығарм. мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейін-есі, филос. жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты — барлығы М-пен біте қайнасқан. М-тің ішкі мәні қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың ізденістерінде айқындалады. М. өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастық мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі М. өзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте заманда М. ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан архаизм мен анайылықты емес, қазіргі ұлттық М-тердің архетипін аңғарған жөн. М-ті тек материалдық және рухани түрлерге бөлгенде, М. өзінің ішкі мағынасында менталды екендігін аңғартады. Өйткені адамды қоршаған заттар, дүние — бұл М-тің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні адам әрекетінің нәтижесінде руханилықты заттандыруда жатыр; қ. өлттық мәдениет, Өркениет.

Т. Ғабитов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға