Жаңалықтар

Қазақ-ноғай қарым-қатынастары

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақ-ноғай қарым-қатынастары (15 – 17 ғ-лар) – екі халықтың саяси және этникалық байланыстары. Қазақ хандығының сыртқы байланыстарында Ноғай ордасы елеулі орын алады. Қазақтар мен ноғайлар этн. жағынан өте жақын. Олар бұрыннан Дешті Қыпшақты мекендеген туыстас ру-тайпалардан құралды. Екі ел қарым-қатынастары әр кезеңде әр түрлі сипат алды. 15 ғ-дың ортасында қазақтар мен ноғайлар бірге тізе қосып, Шайбани ұрпағы билеген Әбілхайыр хандығын құлату үшін соғысты. Әбілхайыр хандығы құлаған соң, қазақтардың күшеюінен қорыққан ноғай билеушілерінің бірі Мұса би Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбаниді жақтап шығады да, оны Қыпшақ даласының ханы етіп көтеруге талпыныс жасайды. Бұған жауап ретінде Қазақ хандығының билеушісі Бұрындық хан 50 мың әскерімен ноғайлар мен Мұхаммед Шайбаниға қарсы жорық ұйымдастырды. Олардың арасында шайқас болып, Бұрындық Мұсаның ағасы Хорезмиді өлтіреді, бірақ шайқаста жеңіске ноғай әскері жетеді. Алайда ноғай билеушілері Мұхаммед Шайбанидің күшеюінен қорқып, оның хан болуына қарсы шықты. 15 ғ-дың 80-жылдары қазақтар мен ноғайлар Мұхаммед Шайбаниға қарсы Түркістан аймағында бірігіп күресті. Ноғай билеушілерін Едіге ұрпақтарының бірі Хамза бек басқарды. Қазақ хандығының тегеурініне шыдамаған Мұхаммед Шайбани Орта Азияға кеткен соң, олардың арасында ортақ мақсат болмай, Қ.-н. қ.-қ-нда енді ел мен жер үшін күрес орын алады. 16 ғ-дың басында, Бұрындық хан тұсындағы күресте қазақтар басым түсіп, Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қ. Қазақ хандығының қол астына өтті. Қасым ханның Ноғай ордасына қарсы 1519 – 21 ж. жүргізген соғыстарын Қазақ хандығының құрамына бұл елдің көп аумағын қосты, ноғайлар Еділ өз-нің оң жағалауына өтіп, бой сағалауға мәжбүр болды. Ноғай ордасындағы көптеген ру-тайпалар өздеріне туыс қазақ ру-тайпаларымен қосылу мақсатында Қазақ хандығы жағына шықты. Бірақ Қасым хан өлген соң (1521) жағдай күрт өзгерді. 16 ғ-дың 20 – 30-жылдары ноғай билеушілері қайта күш жинап, тақ үшін таласып жатқан Қазақ хандығына қарсы соғыс жүргізіп, кезінде айрылған жерлерінің көбін қайтарып алды. Осы жылдары олар қазақтарға қарсы құрылған өзбек-моғол одағына қосылып, Қазақ хандығының әлсіреуіне үлкен әсер етті. 40-жылдардағы Қ.-н. қ.-қ. туралы нақты дерек жоқ. Бірақ жанама мәліметтер екі ел арасы бейбіт өмір сүрді деген тұжырым жасауға негіз береді. 50-жылдары Ноғай ордасындағы ішкі саяси тартыстар мен елдегі ашаршылықтан (1557 – 58) ноғайлар көрші мемлекеттерге – Қырым, Қазақ, Орта Азия хандықтарына ауды. Осы жағдайды Қазақ хандығының жаңа билеушісі Ақназар хан (1551 – 80/81) ұтымды пайдалана білді. Ол Ноғай ордасының билеушілерімен бейбіт қарым-қатынас ұстап отырса да, ауып келген ноғайларды қол астына алып, Жайық өз-не дейінгі жерлерді Қазақ хандығының құрамына енгізді. 1568 ж. Ақназар Ноғай ордасына үлкен жорық жасады. Сөйтіп, ол біртіндеп құлдырап бара жатқан Ноғай ордасының едәуір бөлігін өз қарамағына қаратты, бұл 16 ғ-дың аяғында кең өріс алды. Қазақ халқы осы ноғай руларын өз құрамына қоса отырып қалыптасты. 1577 ж. Ақназар Сарайшық қ-н қайтадан қазақтар қарамағына қосты. Ақназар ханның өлімінен кейін ноғай билеушілері айрылған жерлерін қайтадан қайтарып алуға талпыныс жасап, Қазақ хандығына бірнеше жорық жасады. Алайда, бұл кезде ноғайларға да, қазақтарға да қауіпті жаңа жау – ойраттар (қалмақтар) пайда болды да олардың арасындағы соғыс біраз уақытқа тоқтады. 17 ғ-да ноғай билеушілері өзара қырқысып, халқы күйзеліп жатқанда қалмақтар Жайық бойына орныға бастады. Оларға ноғайлар жалғыз төтеп бере алмай, қазақ билеушілерімен қосылып соғысуға мәжбүр болды. 1619 ж. ноғайлар Есім ханның қол астында соғысты. 17 ғ-дың бас кезінде ноғайлар үшке бөлінді. Олардың екеуі Кубань, Азов, Терек және Еділдің төм. ағысын мекендеп, үшінші бөлігі Жайықтың шығыс жағын қоныстанды. 20 – 30-жылдары қалмақтар ноғайлардан Еділ – Жайық өзендері арасын тартып алады. Ноғайлардың кей бөлігі оларға тәуелді болып қалды. Кейінірек олар түгелдей Солт. Кавказға орын тепті. Н. Атығаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 10:57 10098

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақ-ноғай қарым-қатынастары (15 – 17 ғ-лар) – екі халықтың саяси және этникалық байланыстары. Қазақ хандығының сыртқы байланыстарында Ноғай ордасы елеулі орын алады. Қазақтар мен ноғайлар этн. жағынан өте жақын. Олар бұрыннан Дешті Қыпшақты мекендеген туыстас ру-тайпалардан құралды. Екі ел қарым-қатынастары әр кезеңде әр түрлі сипат алды. 15 ғ-дың ортасында қазақтар мен ноғайлар бірге тізе қосып, Шайбани ұрпағы билеген Әбілхайыр хандығын құлату үшін соғысты. Әбілхайыр хандығы құлаған соң, қазақтардың күшеюінен қорыққан ноғай билеушілерінің бірі Мұса би Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбаниді жақтап шығады да, оны Қыпшақ даласының ханы етіп көтеруге талпыныс жасайды. Бұған жауап ретінде Қазақ хандығының билеушісі Бұрындық хан 50 мың әскерімен ноғайлар мен Мұхаммед Шайбаниға қарсы жорық ұйымдастырды. Олардың арасында шайқас болып, Бұрындық Мұсаның ағасы Хорезмиді өлтіреді, бірақ шайқаста жеңіске ноғай әскері жетеді. Алайда ноғай билеушілері Мұхаммед Шайбанидің күшеюінен қорқып, оның хан болуына қарсы шықты. 15 ғ-дың 80-жылдары қазақтар мен ноғайлар Мұхаммед Шайбаниға қарсы Түркістан аймағында бірігіп күресті. Ноғай билеушілерін Едіге ұрпақтарының бірі Хамза бек басқарды. Қазақ хандығының тегеурініне шыдамаған Мұхаммед Шайбани Орта Азияға кеткен соң, олардың арасында ортақ мақсат болмай, Қ.-н. қ.-қ-нда енді ел мен жер үшін күрес орын алады. 16 ғ-дың басында, Бұрындық хан тұсындағы күресте қазақтар басым түсіп, Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қ. Қазақ хандығының қол астына өтті. Қасым ханның Ноғай ордасына қарсы 1519 – 21 ж. жүргізген соғыстарын Қазақ хандығының құрамына бұл елдің көп аумағын қосты, ноғайлар Еділ өз-нің оң жағалауына өтіп, бой сағалауға мәжбүр болды. Ноғай ордасындағы көптеген ру-тайпалар өздеріне туыс қазақ ру-тайпаларымен қосылу мақсатында Қазақ хандығы жағына шықты. Бірақ Қасым хан өлген соң (1521) жағдай күрт өзгерді. 16 ғ-дың 20 – 30-жылдары ноғай билеушілері қайта күш жинап, тақ үшін таласып жатқан Қазақ хандығына қарсы соғыс жүргізіп, кезінде айрылған жерлерінің көбін қайтарып алды. Осы жылдары олар қазақтарға қарсы құрылған өзбек-моғол одағына қосылып, Қазақ хандығының әлсіреуіне үлкен әсер етті.

40-жылдардағы Қ.-н. қ.-қ. туралы нақты дерек жоқ. Бірақ жанама мәліметтер екі ел арасы бейбіт өмір сүрді деген тұжырым жасауға негіз береді. 50-жылдары Ноғай ордасындағы ішкі саяси тартыстар мен елдегі ашаршылықтан (1557 – 58) ноғайлар көрші мемлекеттерге – Қырым, Қазақ, Орта Азия хандықтарына ауды. Осы жағдайды Қазақ хандығының жаңа билеушісі Ақназар хан (1551 – 80/81) ұтымды пайдалана білді. Ол Ноғай ордасының билеушілерімен бейбіт қарым-қатынас ұстап отырса да, ауып келген ноғайларды қол астына алып, Жайық өз-не дейінгі жерлерді Қазақ хандығының құрамына енгізді. 1568 ж. Ақназар Ноғай ордасына үлкен жорық жасады. Сөйтіп, ол біртіндеп құлдырап бара жатқан Ноғай ордасының едәуір бөлігін өз қарамағына қаратты, бұл 16 ғ-дың аяғында кең өріс алды. Қазақ халқы осы ноғай руларын өз құрамына қоса отырып қалыптасты.

1577 ж. Ақназар Сарайшық қ-н қайтадан қазақтар қарамағына қосты. Ақназар ханның өлімінен кейін ноғай билеушілері айрылған жерлерін қайтадан қайтарып алуға талпыныс жасап, Қазақ хандығына бірнеше жорық жасады. Алайда, бұл кезде ноғайларға да, қазақтарға да қауіпті жаңа жау – ойраттар (қалмақтар) пайда болды да олардың арасындағы соғыс біраз уақытқа тоқтады. 17 ғ-да ноғай билеушілері өзара қырқысып, халқы күйзеліп жатқанда қалмақтар Жайық бойына орныға бастады. Оларға ноғайлар жалғыз төтеп бере алмай, қазақ билеушілерімен қосылып соғысуға мәжбүр болды. 1619 ж. ноғайлар Есім ханның қол астында соғысты. 17 ғ-дың бас кезінде ноғайлар үшке бөлінді. Олардың екеуі Кубань, Азов, Терек және Еділдің төм. ағысын мекендеп, үшінші бөлігі Жайықтың шығыс жағын қоныстанды. 20 – 30-жылдары қалмақтар ноғайлардан Еділ – Жайық өзендері арасын тартып алады. Ноғайлардың кей бөлігі оларға тәуелді болып қалды. Кейінірек олар түгелдей Солт. Кавказға орын тепті.

Н. Атығаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға