Жаңалықтар

Еуразия экономикалық қоғамдастығы

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ (ЕЭҚ) — Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық ұйым. 2000 ж. 10 қазанда Астана қ-нда құрылған. Оған дейін Кедендік одақ деп аталды (қ. Кедендік одақ). Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 ж. 28 наурызда МГУ-дің профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңғыш рет Қазақстан Президенті Н.Назарбаев көтерді. Қалыптасқан жағдайлар ТМД бойынша бірлесудің жаңа деңгейге көшуін қажетсінді. Осы мақсатта 1995 ж. 28 қаңтарда Қазақстан, Ресей, Беларусь үкіметтері Кедендік одақ құру жөнінде келісім жасасты. Бұл Одаққа 1996 ж. наурызда Қырғыз Республикасы, 1999 ж. 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы қосылды. Бұл одақтың мақсаты: 1) одаққа кіретін елдер арасында тарифтік шектеуліктерді жойып, біртұтас сауда режимі мен бірдей кедендік тариф қалыптастыру; 2) мүше-мемлекеттердің кедендік территорияларын біріктіріп, біртұтас кедендік территория жүйесіне көшу, ішкі шекараларды сыртқы шекраларға көшіру болды. Интеграциялық процестерді жетілдіре түсу үшін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Президенттері 1996 ж. 29 наурызда экономика мен гуманитарлық салалардағы интеграцияны ары қарай жетілдіру жөнінде келісім жасасты. Бұл келісімде Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразиялық одақ құру жөніндегі көптеген идеялары мен принциптері жүзеге асты. Құрылған одақтың жемісін қарапайым халыққа неғұлым жақындату үшін 1998 ж. Кедендік одақ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде Н.Назарбаев “Қарапайым адамдарға арналған 10 қарапайым қадам” атты мәлімдеме жариялады. Осы 10 жоба келісім 1998 ж. 28 қарашада Кедендік одаққа қосылушы үкімет басшыларының Мәскеудегі кездесуінде бекітілді. 1999 ж. 26 ақпанда 5 мүше мемлекет басшылары Кедендік одақ және біртұтас экон. кеңістік жөнінде келісім жасасты. Мұның бәрі ЕЭҚ-ның құрылуына алып келді. Жаңа ұйымның басты міндеті — Кедендік одаққа кіретін елдер негізінде бірыңғай экон. кеңістік (тауар өндіру, қаржы жүйесі, сауда және қызмет көрсету, т.б. салалар бойынша) қалыптастыру. Келісім бойынша, Кедендік одақ тұсында құрылған басқару органдары сақталып қалды, бірақ оларға бірқатар жаңа міндеттер мен мүмкіндіктер берілген. ЕЭҚ жұмысын — 3 жылға сайланатын Интеграциялық к-ттің бас хатшысы үйлестіріп отырады. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер экон. потенциалдарына байланысты төмендегідей дауысқа ие: Ресей — 40, Беларусь пен Қазақстан әрқайсысы — 20 дауыстан, Қырғызстан мен Тәжікстан — 10 дауыстан. Осыған сәйкес қоғамдастық  бюджетіне Ресей 40%, Қазақстан мен Беларусь әрқайсысы 20%-тен, Қырғызстан мен Тәжікстан 10% жарна төлеуге келісті. ЕЭҚ-на ұйымның келісім шарттарын мойындайтын және қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға келісетін кез келген басқа мемлекет мүше бола алады. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
08.11.2012 10:57 8967

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ (ЕЭҚ) — Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық ұйым. 2000 ж. 10 қазанда Астана қ-нда құрылған. Оған дейін Кедендік одақ деп аталды (қ. Кедендік одақ). Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 ж. 28 наурызда МГУ-дің профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңғыш рет Қазақстан Президенті Н.Назарбаев көтерді. Қалыптасқан жағдайлар ТМД бойынша бірлесудің жаңа деңгейге көшуін қажетсінді. Осы мақсатта 1995 ж. 28 қаңтарда Қазақстан, Ресей, Беларусь үкіметтері Кедендік одақ құру жөнінде келісім жасасты. Бұл Одаққа 1996 ж. наурызда Қырғыз Республикасы, 1999 ж. 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы қосылды. Бұл одақтың мақсаты: 1) одаққа кіретін елдер арасында тарифтік шектеуліктерді жойып, біртұтас сауда режимі мен бірдей кедендік тариф қалыптастыру; 2) мүше-мемлекеттердің кедендік территорияларын біріктіріп, біртұтас кедендік территория жүйесіне көшу, ішкі шекараларды сыртқы шекраларға көшіру болды. Интеграциялық процестерді жетілдіре түсу үшін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Президенттері 1996 ж. 29 наурызда экономика мен гуманитарлық салалардағы интеграцияны ары қарай жетілдіру жөнінде келісім жасасты. Бұл келісімде Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразиялық одақ құру жөніндегі көптеген идеялары мен принциптері жүзеге асты. Құрылған одақтың жемісін қарапайым халыққа неғұлым жақындату үшін 1998 ж. Кедендік одақ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде Н.Назарбаев “Қарапайым адамдарға арналған 10 қарапайым қадам” атты мәлімдеме жариялады. Осы 10 жоба келісім 1998 ж. 28 қарашада Кедендік одаққа қосылушы үкімет басшыларының Мәскеудегі кездесуінде бекітілді. 1999 ж. 26 ақпанда 5 мүше мемлекет басшылары Кедендік одақ және біртұтас экон. кеңістік жөнінде келісім жасасты. Мұның бәрі ЕЭҚ-ның құрылуына алып келді. Жаңа ұйымның басты міндеті — Кедендік одаққа кіретін елдер негізінде бірыңғай экон. кеңістік (тауар өндіру, қаржы жүйесі, сауда және қызмет көрсету, т.б. салалар бойынша) қалыптастыру. Келісім бойынша, Кедендік одақ тұсында құрылған басқару органдары сақталып қалды, бірақ оларға бірқатар жаңа міндеттер мен мүмкіндіктер берілген. ЕЭҚ жұмысын — 3 жылға сайланатын Интеграциялық к-ттің бас хатшысы үйлестіріп отырады. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер экон. потенциалдарына байланысты төмендегідей дауысқа ие: Ресей — 40, Беларусь пен Қазақстан әрқайсысы — 20 дауыстан, Қырғызстан мен Тәжікстан — 10 дауыстан. Осыған сәйкес қоғамдастық  бюджетіне Ресей 40%, Қазақстан мен Беларусь әрқайсысы 20%-тен, Қырғызстан мен Тәжікстан 10% жарна төлеуге келісті. ЕЭҚ-на ұйымның келісім шарттарын мойындайтын және қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға келісетін кез келген басқа мемлекет мүше бола алады.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға