Жаңалықтар

Ахмет Ясауидің қабіржапқышы

Белгілі мәдениеттанушы Мәулен Садықбеков жетекшілік ететін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» мемлекеттік мекемесінде соңғы төрт-бес жыл көлемінде қадау-қадау іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2008 жылдан бері қорық-мұражайдың ұйытқы болуымен бірнеше құнды кітап, брошюралар, республикалық ғылыми-көпшілік, тарихи-танымдық «Ясауи әлемі» журналы жарық көрді. Ең бастысы, Қожа Ахмет Ясауи бабамызға қатысты көпшілікке бұрын белгісіз болып келген құнды деректер, тарихи ескерткіштер рухани айналымға түсуде(дерек «Адырна» порталынан алынды). Соның бірі – ұжым үшін ғана емес, ұлт руханияты үшін орасан зор қазына болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың қабіріне жабылған арнайы жапқыштың табылуы. Қабіржапқыш – ортағасырлық қолданбалы өнердің озық туындысы саналады. Ол жасыл түсті барқыттан және түйе жүн матаның бірнеше бөліктерінен құралған. Бетіне былғарыдан және жібек матадан жапсырма өрнектер салынған. Өрнектердің бетіне араб жазулары түсірілген. Қабіржапқыштың бүгінге жеткен көлемі – 318 x 210 см, ал о бастағы көлемі 360 x 260 см болғанға ұқсайды. Қабіржапқышты әулие бабамыздың қабіріне кім әкеліп жапты, ғалымдарға ол арасы әзірге белгісіз. Белгілісі – 700 жылдық тарихы бар қабіржапқышты Алматыдағы Орталық мұражай 1946 жылы бір азаматтан 25 рубльге сатып алыпты. Жапқыш өте көне болғандықтан, есептен шығарылатын жәдігерлердің қатарына жатқызылған. Алайда осынау құнды дүние ұлт руханиятының бас шырақшысы Өзбекәлі Жәнібековтің назарына ілігеді. Өзағаң Қожа Ахмет Ясауи кесенесін музейлендіру үшін жәдігерлер жинап жүріп, жапқышты көрген де, құндылығын ескеріп, кесенеге тапсырған. Қабіржапқышты қалпына келтіру жұмыстарымен ҚР Суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубайтова айналысқан. Белгілі зергер осынау дүниені бүкіләлемдік руханият саласындағы сенсацияға балап отыр. Маманның пікірінше, қабіржапқыштың тоқылу технологиясы бүгінгі ғылымға белгісіз. Оның сыры жақын арада ашыла қояды деуге де ешкімнің батылы бармайды. Бұл – кәдімгі тұтас кесененің өзі секілді, Тайқазан секілді, ондағы қола шырағдандар секілді, Лауха секілді қайталанбас құнды туынды. Ортағасырлық шебер бұл туындысына бүкіл ғұмырын арнаған болуы да мүмкін. BAQ.kz
21.02.2013 10:17 4031

Белгілі мәдениеттанушы Мәулен Садықбеков жетекшілік ететін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» мемлекеттік мекемесінде соңғы төрт-бес жыл көлемінде қадау-қадау іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2008 жылдан бері қорық-мұражайдың ұйытқы болуымен бірнеше құнды кітап, брошюралар, республикалық ғылыми-көпшілік, тарихи-танымдық «Ясауи әлемі» журналы жарық көрді. Ең бастысы, Қожа Ахмет Ясауи бабамызға қатысты көпшілікке бұрын белгісіз болып келген құнды деректер, тарихи ескерткіштер рухани айналымға түсуде(дерек «Адырна» порталынан алынды).
Соның бірі – ұжым үшін ғана емес, ұлт руханияты үшін орасан зор қазына болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың қабіріне жабылған арнайы жапқыштың табылуы. Қабіржапқыш – ортағасырлық қолданбалы өнердің озық туындысы саналады. Ол жасыл түсті барқыттан және түйе жүн матаның бірнеше бөліктерінен құралған. Бетіне былғарыдан және жібек матадан жапсырма өрнектер салынған. Өрнектердің бетіне араб жазулары түсірілген. Қабіржапқыштың бүгінге жеткен көлемі – 318 x 210 см, ал о бастағы көлемі 360 x 260 см болғанға ұқсайды.
Қабіржапқышты әулие бабамыздың қабіріне кім әкеліп жапты, ғалымдарға ол арасы әзірге белгісіз. Белгілісі – 700 жылдық тарихы бар қабіржапқышты Алматыдағы Орталық мұражай 1946 жылы бір азаматтан 25 рубльге сатып алыпты. Жапқыш өте көне болғандықтан, есептен шығарылатын жәдігерлердің қатарына жатқызылған. Алайда осынау құнды дүние ұлт руханиятының бас шырақшысы Өзбекәлі Жәнібековтің назарына ілігеді. Өзағаң Қожа Ахмет Ясауи кесенесін музейлендіру үшін жәдігерлер жинап жүріп, жапқышты көрген де, құндылығын ескеріп, кесенеге тапсырған. Қабіржапқышты қалпына келтіру жұмыстарымен ҚР Суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубайтова айналысқан.
Белгілі зергер осынау дүниені бүкіләлемдік руханият саласындағы сенсацияға балап отыр. Маманның пікірінше, қабіржапқыштың тоқылу технологиясы бүгінгі ғылымға белгісіз. Оның сыры жақын арада ашыла қояды деуге де ешкімнің батылы бармайды. Бұл – кәдімгі тұтас кесененің өзі секілді, Тайқазан секілді, ондағы қола шырағдандар секілді, Лауха секілді қайталанбас құнды туынды. Ортағасырлық шебер бұл туындысына бүкіл ғұмырын арнаған болуы да мүмкін.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға