Жаңалықтар

Өмірбаяны

Сәтібеков Алтай Жақсылықұлы 1960 жылы туған. Облыстық драма театрында 1982 жылдан актер болып еңбек етіп келеді. Білімі жоғары. Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының актерлік бөлімін бітірген. А.Сәтібеков өзінің сахнадағы сымбаттылығымен, кесек мінезді образдарды аша білетін шеберлігімен, әсіресе, комедиялық жанрларда өзін жан-жақты көрсететін қабілет-қарымымен ерекшеленеді. Қимылы ширақ, ойлы. Ол қазір театр репертуарындағы  Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Қарабай, М.Байжиевтің «Құдаларында» Бөпіш, «Тіл табысқандарында» Мұқамбет, Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түнінде» Аққанат, Е.Әлімжанның «Жанұранында» Резидент, Қарадәу, «Бауыржан Момышұлында» Генерал, А.Бекбосынның «Мен – Суханбайдың ұлы Ақәділ!» пьесасында Генерал Циммершак, «Домалақ енесінде» Бәдібек баба, Д.Исабековтің «Пері мен періштесінде» Масса, Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймағанында» Иосиф, Т.Ахановтың «Махаббат мұңында» Ақын, О.Бодықовтың «Жан азабында» Моцарт, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» драмасында Ыбырай әкім, Мольердің «Бәледен құтылдың, медицинасында» Сганарель, Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклінде герцог Бекингем, Е.Уахитовтың «Алтын дуалында» Сейітмәлік, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Барон рөлдерін сахналап келеді. А.Сәтібеков театр тек әртістік қырынан ғана емес, ұйымдастырушылық қабілетімен де ерекше көзге түсіп келеді. Ол – кәсіподақ комитетінің төрағасы. Театрдың ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға әрашанда қол ұшын беріп, белсене қатысады. Көзкөрген алдыңғы буын ағаларынан алған  тәрбиесі мен тәжірибесін бүгінгі ұрпақ жас әртістермен бөлісіп, үлгілі өнеге көрсетіп келеді. Ә.Сәтібеков 1983 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолдар одағы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен (Мәскеу қаласы), 1984 жылы Қазақстан Ленин комсомолдар одағы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен (Алматы қаласы), 1985 жылы ХІ-ші бесжылдықтың «Жас гвардияшы» 2 дәрежелі медалімен (Жамбыл облысы), 1986 жылы Жамбыл облыстық атқару комитетінің Құрмет грамотасымен (Жамбыл облысы), 2002 жылы Жамбыл облыстық мәдениет депертаментінің Құрмет грамотасымен (Тараз қаласы) марапатталған. 1985 жылы Аймақтық театр фестивалінің дипломанты (Қызылорда қаласы), 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайраткері белгісінің иегері (Астана қаласы) атанды.
21.02.2013 05:37 4549

Сәтібеков Алтай Жақсылықұлы 1960 жылы туған. Облыстық драма театрында 1982 жылдан актер болып еңбек етіп келеді. Білімі жоғары. Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының актерлік бөлімін бітірген.
А.Сәтібеков өзінің сахнадағы сымбаттылығымен, кесек мінезді образдарды аша білетін шеберлігімен, әсіресе, комедиялық жанрларда өзін жан-жақты көрсететін қабілет-қарымымен ерекшеленеді. Қимылы ширақ, ойлы.
Ол қазір театр репертуарындағы  Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Қарабай, М.Байжиевтің «Құдаларында» Бөпіш, «Тіл табысқандарында» Мұқамбет, Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түнінде» Аққанат, Е.Әлімжанның «Жанұранында» Резидент, Қарадәу, «Бауыржан Момышұлында» Генерал, А.Бекбосынның «Мен – Суханбайдың ұлы Ақәділ!» пьесасында Генерал Циммершак, «Домалақ енесінде» Бәдібек баба, Д.Исабековтің «Пері мен періштесінде» Масса, Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймағанында» Иосиф, Т.Ахановтың «Махаббат мұңында» Ақын, О.Бодықовтың «Жан азабында» Моцарт, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» драмасында Ыбырай әкім, Мольердің «Бәледен құтылдың, медицинасында» Сганарель, Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклінде герцог Бекингем, Е.Уахитовтың «Алтын дуалында» Сейітмәлік, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Барон рөлдерін сахналап келеді.
А.Сәтібеков театр тек әртістік қырынан ғана емес, ұйымдастырушылық қабілетімен де ерекше көзге түсіп келеді. Ол – кәсіподақ комитетінің төрағасы. Театрдың ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға әрашанда қол ұшын беріп, белсене қатысады. Көзкөрген алдыңғы буын ағаларынан алған  тәрбиесі мен тәжірибесін бүгінгі ұрпақ жас әртістермен бөлісіп, үлгілі өнеге көрсетіп келеді.
Ә.Сәтібеков 1983 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолдар одағы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен (Мәскеу қаласы), 1984 жылы Қазақстан Ленин комсомолдар одағы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен (Алматы қаласы), 1985 жылы ХІ-ші бесжылдықтың «Жас гвардияшы» 2 дәрежелі медалімен (Жамбыл облысы), 1986 жылы Жамбыл облыстық атқару комитетінің Құрмет грамотасымен (Жамбыл облысы), 2002 жылы Жамбыл облыстық мәдениет депертаментінің Құрмет грамотасымен (Тараз қаласы) марапатталған.
1985 жылы Аймақтық театр фестивалінің дипломанты (Қызылорда қаласы), 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайраткері белгісінің иегері (Астана қаласы) атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға