Жаңалықтар

Әбу Наср әл-Фараби

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Наср мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби – қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Ол 870 ж. Отырарда әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар, Самарқан, бұхара, кейіннен мысыр, халеб (Алеппо), бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Алғашқы кезде Әбу Наср әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Ғалым философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалық күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Әбу Наср әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Әбу Наср әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика,жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. «Ғылымдар тізбегі» деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Ол – алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометриялық сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Физика саласындағы Әбу Наср әл-Фарабидің көрнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп аталады. Мұнда ол вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.) дұрыс тапқан. Әбу Наср әл-Фараби химия, медицина, география, минерология, т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған. Оның таразы туралы, механизмдер және оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары әлемге әйгілі. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығы айқын байқалады. Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Этиканы ол ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Әбу Наср әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» – ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы, т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Ол 950 ж. Сирияның Шам шаһарында қайтыс болды. Әбу Наср әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Наср әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.
08.11.2012 10:55 20421

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Наср мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби – қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Ол 870 ж. Отырарда әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар, Самарқан, бұхара, кейіннен мысыр, халеб (Алеппо), бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Алғашқы кезде Әбу Наср әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Ғалым философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалық күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді.

Әбу Наср әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді.

Әбу Наср әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика,жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. «Ғылымдар тізбегі» деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Ол – алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометриялық сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Физика саласындағы Әбу Наср әл-Фарабидің көрнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп аталады. Мұнда ол вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.) дұрыс тапқан. Әбу Наср әл-Фараби химия, медицина, география, минерология, т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған. Оның таразы туралы, механизмдер және оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары әлемге әйгілі. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды.

Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығы айқын байқалады. Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Этиканы ол ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады.

Әбу Наср әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» – ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы, т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Ол 950 ж. Сирияның Шам шаһарында қайтыс болды.

Әбу Наср әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Наср әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға