Жаңалықтар

Өмірбаяны және шығармашылық репертуары

Ж.А.Әйтпенбетовтің өмірбаяны және шығармашылық репертуары Әйтпенбетов Жасұзақ Айыпұлы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1981 жылдан еңбек етіп келеді. Ол Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік институтының актерлік бөлімін бітірген. Ж.Әйтпенбетов образдардың сыртқы бейнесін сомдаумен бірге ішкі психологиясына үңіле білетін актер. Әсіресе, комедиялық жанрлардағы образдардың табиғатын терең меңгеріп, қарапайымдылығына  үлкен мән береді. Соңғы жылдары ол театр репертуарында М.Байжиевтің «Құдаларында» Бөпіш, Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» қойылымында Шибай,  Д.Исабековтің «Пері мен періштесінде» Смағұл,  Б.Ұзақовтың «Үмітінде» алқаш музыкант, Е.Уахитовтың «Алтын дуалында» Әбдісәлам, Мольердің «Бәледен құтылдың медицинасында» Жеронт, Шекспирдің «Ричард ІІІ» қойылымында Лорд Стенли, С.Қасымбектің «Палатасында» Мұрат,  А.Бекбосыновтың «Домалақ енесінде» Қара Хайдар рөлдерін өзіндік болмысымен, ізденімпаздық жоғары қабілетімен ерекше көрсетіп келеді. Ол – өзіне тапсырылған рөлдің ішкі психологиясына, жан-дүниесіне үңіле отырып, көрермендер мен сахнадағы байланысты терең түсіне білетін дарын иесі. Үні ашық, сахнада сергек, режиссер ойын тез қабылдай білетін тәжірибелі актер. Шығармашылық репертуары 1975 жыл: М.Шолохов. «Тынық Дон» (1-бөлім) – Степан, Астахов (қоюшы режиссері – М.Байсеркенов); 1976 жыл: М.Шолохов. «Тынық Дон» (2-бөлім) – Степан, Астахов (қоюшы режиссері – М.Байсеркенов); С.Мұқанов. Т.Дүйсебаев. «Балуан Шолақ» – Күмісбай, Нұрмағанбет (қоюшы режиссері – Т.Дүйсебаев); 1977 жыл: Т.Нұрмағанбетов. «Табалдырығыңа табын» – Мақыш (қоюшы режиссері – Т.Дүйсебаев); 1979 жыл: Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Айдар (қоюшы режиссері – Т.Өтебаев); 1980 жыл: Д.Исабеков. «Ертеңді күту» – Тағай (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов); 1981 жыл: Т. Ахтанов. «Ант» – Барақ сұлтан (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); 1982 жыл: А.Чехов. «Иванов» – Лебедев (қоюшы режиссері – Т.Дүйсебаев); М.Әуезов. «Еңлік-Кебек» – Қараменде (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов); 1983 жыл: Б.Мұқаев. «Сергелдең болған серілер» – Байбол (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов); 1984 жыл: Г.Боровик. «Буэнос-Айрестегі интервью» – Почтальон (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов); Ю.Егоров. «Азап вагоны» – Жұмабай (қоюшы режиссері – Р.Сейтметов); Ә.Тарази. «Ол – менің тағдырым» – Ахмет (қоюшы режиссері – Қ.Жетпісбаев); М.Тойбаев. «Жолың болсын, балам!» – Жауашбай (қоюшы режиссері – М.Бекхожин); 1985 жыл: С.Досанов. «Дауыл» – Жақсыбай (қоюшы режиссері – М.Бекхожин); И.Родина, И.Грановская. «Дана Гүлжан туралы ертегі» – Ұста (қоюшы режиссері – М.Бекхожин); Қ.Найманбаев. «Ерлі зайыптылар және басқалар» – Жомарт (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов); В.Шацков. «Волоколамск тас жолы» – Заягин (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов); 1986 жыл: В.Шекспир. «Дуалы түнгі думан» – Ұршық (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов); Х.Ерғалиев, М.Ысқақов. «Құрманғазы» – Әубәкір (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); Е.Домбаев. «Өтірік әңгіме» – Іргебай (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); Б.Әбілдаев. «Айша бибі» – Айқожа (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов, М.Бекхожин); 1987 жыл: Т.Нұрмағанбетов. «Кемпірлер үкімі» – Сұраған (қоюшы режиссері – М.Бекхожин); Д.Исабеков. «Кішкентай ауыл» – Ұры (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); Е.Әлімжанов. «Жанталас» – Әбілахат (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); Қ.Мұхамеджанов. «Біз періштеміз бе?» – Есен (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); Б.Майлин. «Талтаңбайдың тәртібі» – Шапшаңбай (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); 1989 жыл: Б.Мұқаев. «Дүние кезек» – Ботан (қоюшы режиссері – Е.Обаев); К.Баялиев. «Оралу» – Әлжан (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Айдар (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов); 1990 жыл: Ш.Башбеков. «Темір қатын» – Молда суан (қоюшы режиссері – Е.Тәпенов); 1991 жыл: Ә.Тауасаров. «Махаббат аралы» – Марат (қоюшы режиссері – А.Дүйсебаев); Е.Домбаев. «Ақ келін» – Жасұлан (қоюшы режиссері – М.Бақытжанов); 1998 жыл: М.Ақынжанов. «Алтын сақа» – Алпамса (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); 1999 жыл: Ж.Омаров. «Құлыншақ пен бөлтірік» – Бозайғыр (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); Т.Миннулин. «Ах, Диләфруз, Диләфруз!» – Ғалым (қоюшы режиссері – Ж.Үмбетова); 2000 жыл: Д.Исабеков. «Пері мен періште» – Смағұл (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); Ш.Мұртаза. «Ноқтаға басы сыймаған» – Шибай (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); 2001 жыл: Е.Әлімжан. «Жанұран» – Тәртіпбек (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); 2002 жыл: Қ.Ысқақ Шахимарден. «Бизнес шал!..» – Әзірейіл (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); 2004 жыл: Г.Горин. «...атың өшсін, Герострат!» – Түрмеші (қоюшы режиссері – А.Файзулина); С.Пірманов. «Ұлыстың ұлы күні» – Қызыр баба (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); С.Қасымбек. «Палата» – Мұрат (қоюшы режиссері – Р.Сейтметов); 2005 жыл: Е.Уахитов. «Алтын дуал» – Әбдісалам (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); Б.Ұзақов. «Үміт» – Алқаш (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); 2006 жыл: Ж.Б.Мольер. «Бәледен құтылдың, медицина!» – Перонт (қоюшы режиссері – М.Ахманов); У.Шекспир. «Ричард ІІІ» – Стенли (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); 2008 жыл: Б.Ұзақов. «Жандауа» – Шал (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); 2009 жыл: А.Бекбосын. «Домалақ ене» – Қара Хайдар (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов); 2012 жыл: С.Ахмад. «Супер келін» – Етікші (қоюшы режиссері – К.Касенов).
20.02.2013 04:58 6416

Ж.А.Әйтпенбетовтің өмірбаяны және шығармашылық репертуары

Әйтпенбетов Жасұзақ Айыпұлы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1981 жылдан еңбек етіп келеді. Ол Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік институтының актерлік бөлімін бітірген.
Ж.Әйтпенбетов образдардың сыртқы бейнесін сомдаумен бірге ішкі психологиясына үңіле білетін актер. Әсіресе, комедиялық жанрлардағы образдардың табиғатын терең меңгеріп, қарапайымдылығына  үлкен мән береді.
Соңғы жылдары ол театр репертуарында М.Байжиевтің «Құдаларында» Бөпіш, Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» қойылымында Шибай,  Д.Исабековтің «Пері мен періштесінде» Смағұл,  Б.Ұзақовтың «Үмітінде» алқаш музыкант, Е.Уахитовтың «Алтын дуалында» Әбдісәлам, Мольердің «Бәледен құтылдың медицинасында» Жеронт, Шекспирдің «Ричард ІІІ» қойылымында Лорд Стенли, С.Қасымбектің «Палатасында» Мұрат,  А.Бекбосыновтың «Домалақ енесінде» Қара Хайдар рөлдерін өзіндік болмысымен, ізденімпаздық жоғары қабілетімен ерекше көрсетіп келеді.
Ол – өзіне тапсырылған рөлдің ішкі психологиясына, жан-дүниесіне үңіле отырып, көрермендер мен сахнадағы байланысты терең түсіне білетін дарын иесі. Үні ашық, сахнада сергек, режиссер ойын тез қабылдай білетін тәжірибелі актер.

Шығармашылық репертуары

1975 жыл: М.Шолохов. «Тынық Дон» (1-бөлім) – Степан, Астахов (қоюшы режиссері – М.Байсеркенов);

1976 жыл:

  • М.Шолохов. «Тынық Дон» (2-бөлім) – Степан, Астахов (қоюшы режиссері – М.Байсеркенов);
  • С.Мұқанов. Т.Дүйсебаев. «Балуан Шолақ» – Күмісбай, Нұрмағанбет (қоюшы режиссері – Т.Дүйсебаев);

1977 жыл: Т.Нұрмағанбетов. «Табалдырығыңа табын» – Мақыш (қоюшы режиссері – Т.Дүйсебаев);

1979 жыл: Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Айдар (қоюшы режиссері – Т.Өтебаев);

1980 жыл: Д.Исабеков. «Ертеңді күту» – Тағай (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);

1981 жыл: Т. Ахтанов. «Ант» – Барақ сұлтан (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);

1982 жыл:

  • А.Чехов. «Иванов» – Лебедев (қоюшы режиссері – Т.Дүйсебаев);
  • М.Әуезов. «Еңлік-Кебек» – Қараменде (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);

1983 жыл: Б.Мұқаев. «Сергелдең болған серілер» – Байбол (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);

1984 жыл:

  • Г.Боровик. «Буэнос-Айрестегі интервью» – Почтальон (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);
  • Ю.Егоров. «Азап вагоны» – Жұмабай (қоюшы режиссері – Р.Сейтметов);
  • Ә.Тарази. «Ол – менің тағдырым» – Ахмет (қоюшы режиссері – Қ.Жетпісбаев);
  • М.Тойбаев. «Жолың болсын, балам!» – Жауашбай (қоюшы режиссері – М.Бекхожин);

1985 жыл:

  • С.Досанов. «Дауыл» – Жақсыбай (қоюшы режиссері – М.Бекхожин);
  • И.Родина, И.Грановская. «Дана Гүлжан туралы ертегі» – Ұста (қоюшы режиссері – М.Бекхожин);
  • Қ.Найманбаев. «Ерлі зайыптылар және басқалар» – Жомарт (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);
  • В.Шацков. «Волоколамск тас жолы» – Заягин (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);

1986 жыл:

  • В.Шекспир. «Дуалы түнгі думан» – Ұршық (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);
  • Х.Ерғалиев, М.Ысқақов. «Құрманғазы» – Әубәкір (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);
  • Е.Домбаев. «Өтірік әңгіме» – Іргебай (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);
  • Б.Әбілдаев. «Айша бибі» – Айқожа (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов, М.Бекхожин);

1987 жыл:

  • Т.Нұрмағанбетов. «Кемпірлер үкімі» – Сұраған (қоюшы режиссері – М.Бекхожин);
  • Д.Исабеков. «Кішкентай ауыл» – Ұры (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);
  • Е.Әлімжанов. «Жанталас» – Әбілахат (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);
  • Қ.Мұхамеджанов. «Біз періштеміз бе?» – Есен (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);
  • Б.Майлин. «Талтаңбайдың тәртібі» – Шапшаңбай (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);

1989 жыл:

  • Б.Мұқаев. «Дүние кезек» – Ботан (қоюшы режиссері – Е.Обаев);
  • К.Баялиев. «Оралу» – Әлжан (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);
  • Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Айдар (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);

1990 жыл: Ш.Башбеков. «Темір қатын» – Молда суан (қоюшы режиссері – Е.Тәпенов);

1991 жыл:

  • Ә.Тауасаров. «Махаббат аралы» – Марат (қоюшы режиссері – А.Дүйсебаев);
  • Е.Домбаев. «Ақ келін» – Жасұлан (қоюшы режиссері – М.Бақытжанов);

1998 жыл: М.Ақынжанов. «Алтын сақа» – Алпамса (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);

1999 жыл:

  • Ж.Омаров. «Құлыншақ пен бөлтірік» – Бозайғыр (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
  • Т.Миннулин. «Ах, Диләфруз, Диләфруз!» – Ғалым (қоюшы режиссері – Ж.Үмбетова);

2000 жыл:

  • Д.Исабеков. «Пері мен періште» – Смағұл (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
  • Ш.Мұртаза. «Ноқтаға басы сыймаған» – Шибай (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);

2001 жыл: Е.Әлімжан. «Жанұран» – Тәртіпбек (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);

2002 жыл: Қ.Ысқақ Шахимарден. «Бизнес шал!..» – Әзірейіл (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);

2004 жыл:

  • Г.Горин. «...атың өшсін, Герострат!» – Түрмеші (қоюшы режиссері – А.Файзулина);
  • С.Пірманов. «Ұлыстың ұлы күні» – Қызыр баба (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
  • С.Қасымбек. «Палата» – Мұрат (қоюшы режиссері – Р.Сейтметов);

2005 жыл:

  • Е.Уахитов. «Алтын дуал» – Әбдісалам (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
  • Б.Ұзақов. «Үміт» – Алқаш (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);

2006 жыл:

  • Ж.Б.Мольер. «Бәледен құтылдың, медицина!» – Перонт (қоюшы режиссері – М.Ахманов);
  • У.Шекспир. «Ричард ІІІ» – Стенли (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);

2008 жыл: Б.Ұзақов. «Жандауа» – Шал (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);

2009 жыл: А.Бекбосын. «Домалақ ене» – Қара Хайдар (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);

2012 жыл: С.Ахмад. «Супер келін» – Етікші (қоюшы режиссері – К.Касенов).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға