Жаңалықтар

«Қазақстан Барысының» іріктеу кезеңі басталды (видео)

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу сынының бірінші кезеңі бойынша Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жаңажол ауылында 100-ден астам жасөспірім сынға түсті. Апайтөс палуандар бәсекесі биыл үшінші рет ұйымдастырылмақ. «Алтын белбеуден» үміткерлер 4 жас ерекшелігі және 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Дүбірлі доданың ақтық сынына ауылдық, аудандық, облыстық кезеңдерде жауырыны жер тимегендер қатысады. Мамыр айында палуандарды іріктеу аяқталады. Ептілігі мен қайраты келісіп, сыннан сүрінбеген белдесу шеберлері Ел Президенті жүлдесі жолында боз кілемде бақ сынайды. Сәрсен ҚҰРАНБЕК, «Қазақстан Барысы» қорының атқарушы директоры: -  «Қазақстан Барысының» алғаш қанат қаққан жері осы Сыр өңірі болатын. Қызылорда облысының әкімдігі тікелей қолдау көрсетіп, алғаш «Қазақстан Барысын» ұйымдастырған болатынбыз. Нәтижесінде «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі қанаты қатайды, бұғанасы бекіді деп толық сеніммен айта аламыз. Өлмесхан БОЛАТБЕКОВ, «Нұр Отан» ХДП ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары: - «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты, «Қазақстан Барысы» республикалық жарысын ұйымдастыру қоры, спорт агенттігі мен «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлескен меморандумға отырдық. Бұл жобаны Қазақстандағы спортты одан әрі қарай үлкен ауқымға жеткізу мақсатында қолға алынып отыр.
20.02.2013 03:22 3271

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу сынының бірінші кезеңі бойынша Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жаңажол ауылында 100-ден астам жасөспірім сынға түсті.

Апайтөс палуандар бәсекесі биыл үшінші рет ұйымдастырылмақ.

«Алтын белбеуден» үміткерлер 4 жас ерекшелігі және 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Дүбірлі доданың ақтық сынына ауылдық, аудандық, облыстық кезеңдерде жауырыны жер тимегендер қатысады. Мамыр айында палуандарды іріктеу аяқталады. Ептілігі мен қайраты келісіп, сыннан сүрінбеген белдесу шеберлері Ел Президенті жүлдесі жолында боз кілемде бақ сынайды.

Сәрсен ҚҰРАНБЕК, «Қазақстан Барысы» қорының атқарушы директоры:

-  «Қазақстан Барысының» алғаш қанат қаққан жері осы Сыр өңірі болатын. Қызылорда облысының әкімдігі тікелей қолдау көрсетіп, алғаш «Қазақстан Барысын» ұйымдастырған болатынбыз. Нәтижесінде «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі қанаты қатайды, бұғанасы бекіді деп толық сеніммен айта аламыз.

Өлмесхан БОЛАТБЕКОВ, «Нұр Отан» ХДП ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты, «Қазақстан Барысы» республикалық жарысын ұйымдастыру қоры, спорт агенттігі мен «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлескен меморандумға отырдық. Бұл жобаны Қазақстандағы спортты одан әрі қарай үлкен ауқымға жеткізу мақсатында қолға алынып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға