Жаңалықтар

400-ден аса оқытушы «Болашақ» бағдарламасымен шетелде біліктіліктерін арттырады

Елімізде алғаш рет жоғарғы оқу орындарының бір топ оқытушысы мен топ-менеджерлеріне атаулы халықаралық стипендиялар табыс етілді. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының пилоттық жобасы бойынша оқытушылар осындай мүмкіндікке ие болған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Оқытушылар 3 ай бойы бизнес, экономика, маркетинг және басқару саласы бойынша курстарда білімін жетілдіреді. Жалпы биылғы жылы 400-ден аса оқытушы ғылыми-педагогикалық стажировкадан өтіп, өзінің біліктілігін жетілдіреді. Ол үшін үміткер мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихынан емтихан тапсырып, психологиялық тесттен өтеді. Одан кейін Мемлекеттік комиссия мүшелерімен әңгімелесу болады. «Бұл Қазақстанның білім беру жүйесі үшін үлкен жетістік. Оқытушылар үшін осындай мүмкіндік қарастырылуы өте жақсы болды. Бұған дейін жастар ғана бағдарламаға қатысып, ғылыми қызметкерлер сырт қалатын», дейді «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Гүлнәр Күренкеева.
19.02.2013 11:44 2800

Елімізде алғаш рет жоғарғы оқу орындарының бір топ оқытушысы мен топ-менеджерлеріне атаулы халықаралық стипендиялар табыс етілді. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының пилоттық жобасы бойынша оқытушылар осындай мүмкіндікке ие болған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оқытушылар 3 ай бойы бизнес, экономика, маркетинг және басқару саласы бойынша курстарда білімін жетілдіреді.

Жалпы биылғы жылы 400-ден аса оқытушы ғылыми-педагогикалық стажировкадан өтіп, өзінің біліктілігін жетілдіреді. Ол үшін үміткер мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихынан емтихан тапсырып, психологиялық тесттен өтеді. Одан кейін Мемлекеттік комиссия мүшелерімен әңгімелесу болады.

«Бұл Қазақстанның білім беру жүйесі үшін үлкен жетістік. Оқытушылар үшін осындай мүмкіндік қарастырылуы өте жақсы болды. Бұған дейін жастар ғана бағдарламаға қатысып, ғылыми қызметкерлер сырт қалатын», дейді «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Гүлнәр Күренкеева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға