Жаңалықтар

Астанада «STOP-ҚАР!» акциясы аясында 5340 текше метр қар қала сыртына шығарылды

Елорда жастарының «STOP-ҚАР!» атты сенбілік-акциясы аясында 5340 текше метр қар қала сыртына шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы. «Басқарма 16 ақпан күні сағат 10.30-да «Ильинка» елді-мекенінде Елорда жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қала тазалығын сақтауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қалалық сенбілік өткізді. Аталған іс-шараға Елорданың 500-ге жуық жас азаматтары атсалысты. Сонымен қатар, 50-ден астам техникамен 553 рейс жасалып, барлығы 5340 текше метр қар қала сыртына шығарылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Астананың су басу қаупі бар аймақтарын қардан тазалап, қала тазалығына жастарды жұмылдыру», - делінген хабарламада. Айту керек, 2012 жылдың 22 қарашасында еңселі Елорда «Халықаралық EXPO-2017» көрмесін қазақ елінде, Сарыарқа төрінде ұйымдастыру құрметіне ие болғаны белгілі. Бас шаһардың жас азаматтары осынау үлкен іс-шараға атсалысуды бүгіннен бастамақ. Баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану – ең алдымен табиғатты қорғау, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуден басталуы керек деп есептейді қала жастары. Сарыарқаның самал желін, ерке Есілдің суын баламалы энергия көзі ретінде пайдаланар болсақ, оның тазалығы маңызды екендігі рас. Болашақта аталған акцияларды жүйелі түрде өткізу мүмкіндігі қарастырылуда. Өйткені, жаһандық көрме орталығына айналар Елордаға әлем жұртшылығы тамсана көз тастайтыны рас. BNews.kz
19.02.2013 10:57 3486

Елорда жастарының «STOP-ҚАР!» атты сенбілік-акциясы аясында 5340 текше метр қар қала сыртына шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

«Басқарма 16 ақпан күні сағат 10.30-да «Ильинка» елді-мекенінде Елорда жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қала тазалығын сақтауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қалалық сенбілік өткізді. Аталған іс-шараға Елорданың 500-ге жуық жас азаматтары атсалысты. Сонымен қатар, 50-ден астам техникамен 553 рейс жасалып, барлығы 5340 текше метр қар қала сыртына шығарылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Астананың су басу қаупі бар аймақтарын қардан тазалап, қала тазалығына жастарды жұмылдыру», - делінген хабарламада.

Айту керек, 2012 жылдың 22 қарашасында еңселі Елорда «Халықаралық EXPO-2017» көрмесін қазақ елінде, Сарыарқа төрінде ұйымдастыру құрметіне ие болғаны белгілі. Бас шаһардың жас азаматтары осынау үлкен іс-шараға атсалысуды бүгіннен бастамақ. Баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану – ең алдымен табиғатты қорғау, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуден басталуы керек деп есептейді қала жастары. Сарыарқаның самал желін, ерке Есілдің суын баламалы энергия көзі ретінде пайдаланар болсақ, оның тазалығы маңызды екендігі рас. Болашақта аталған акцияларды жүйелі түрде өткізу мүмкіндігі қарастырылуда. Өйткені, жаһандық көрме орталығына айналар Елордаға әлем жұртшылығы тамсана көз тастайтыны рас.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға