Жаңалықтар

Қазақстандық балаларға Голливудта шеберлік шыңдау мүмкіндігі ұсынылады

Қазақстанның ең дарынды балақайлары «Baby Star of Kazakhstan-2013» ІІІ қайырымдылық байқауында әлемге әйгілі Голливудтағы студияға жолдама алу үшін бақ сынасатын болады. Ал байқау жеңімпазы аталмыш студияда екі ай бойы актерлік шеберлік сабақтарына қатысып, қабілетін шыңдауға мүмкіндік ала алады.  Голливудқа сапар шегу үшін 12-17 жас аралығында балалар бәсекеге түседі. Ал 5-11 жас шамасындағы балалар Париждегі Диснейлендке жолдама алатын болады. Байқауға қатысуға өтініштер наурыз айының 15-іне дейін қабылданады. Ал гала-концерт 2013 жылдың 11 шілдесінде Алматы қаласында өтеді. Байқауға қатысушы бүлдіршіндер «ең үздік әнші», «биші», «модель», «әртіс»  номинациялары бойынша бәйгеге түседі. Жарыс соңында қазылар алқасы ең дарынды деген 30-40 үміткерлерді таңдап, финалдық шоуға қатысуға мүмкіндік береді.  Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы өткен байқаудың Гран-приіне 600 жуық қатысушылар іріктеліп, сынға түскен болатын. Нәтижесінде, бес жасар Стансилав Алексеев пен Алина Игильман есімді бүлдіршіндер жеңімпаз атанды. BAQ.kz
18.02.2013 12:01 2957

Қазақстанның ең дарынды балақайлары «Baby Star of Kazakhstan-2013» ІІІ қайырымдылық байқауында әлемге әйгілі Голливудтағы студияға жолдама алу үшін бақ сынасатын болады. Ал байқау жеңімпазы аталмыш студияда екі ай бойы актерлік шеберлік сабақтарына қатысып, қабілетін шыңдауға мүмкіндік ала алады. 

Голливудқа сапар шегу үшін 12-17 жас аралығында балалар бәсекеге түседі. Ал 5-11 жас шамасындағы балалар Париждегі Диснейлендке жолдама алатын болады. Байқауға қатысуға өтініштер наурыз айының 15-іне дейін қабылданады. Ал гала-концерт 2013 жылдың 11 шілдесінде Алматы қаласында өтеді.

Байқауға қатысушы бүлдіршіндер «ең үздік әнші», «биші», «модель», «әртіс»  номинациялары бойынша бәйгеге түседі. Жарыс соңында қазылар алқасы ең дарынды деген 30-40 үміткерлерді таңдап, финалдық шоуға қатысуға мүмкіндік береді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы өткен байқаудың Гран-приіне 600 жуық қатысушылар іріктеліп, сынға түскен болатын. Нәтижесінде, бес жасар Стансилав Алексеев пен Алина Игильман есімді бүлдіршіндер жеңімпаз атанды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға