Жаңалықтар

Ертегі

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012   ЕРТЕГІ — фольклордың негізгі жанрларының бірі. Е. жанры — халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты — тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстет. ләззат беру. Е-нің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстет. рөл атқарады. Е-нің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі қызметтен шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті — сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек Е. шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Е. жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні — алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. ґзінің қалыптасу барысында Е. осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық Е-ге айналған. Солардың бірі — миф жанры. Мифтің Е-ге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф — алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте “қасиетті” сипатынан айырылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң Е-ге айналады. Е-нің тағы бір тамыры — алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан Е-ге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ Е-лерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің Е-де сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т. б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге Е-ге де айналады. Оның Е. құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің Е-ге айналу жолында хикая мен Е. қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы Е-лердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта Е. өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал, көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Е-де қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Е-дегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. ґмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету — Е-нің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге Е-дегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ, тыңдаушыға да, Е-нің айтылу жағдайына да байланысты. Е-де қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Е. адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. Е-нің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Е-інің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп ол белгілі бір схема бойынша құрылады. Мұның бәрі Е-ге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстет. мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, уақыттың тұйық болуы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т. т. Е-нің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама — эпикалық баяндау — аяқтау. Бастама, әдетте өлең, немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып, немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. ґзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ Е-лерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Қазақ Е-лері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер. Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән Е-лермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған Е-лер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетикалық, яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ Е-лерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Қазақ Е-лерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Е-лердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы — 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.Радлов, И.Березин, Ы.Алтынсарин, Я.Лютш, Г.Потанин, М.Миропиев, А.Васильев, А.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында Е-лердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан Е. мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз Е. жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ Е-лері Потаниннің, Радловтың, В.Стасовтың, А.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл. зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта Е-лерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, “Дала уалаятының газетінде” жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы Е-лерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Е-лерді ғыл. әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40— 50-жылдарына дейін Е-лер, көбінесе, оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы Е. жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар Е-ні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, Е-ні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап Е. жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар Е-лердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Е-лер 1960 ж. басылып шыққан “Қазақ әдебиетінің тарихына” жеке бөлім болып енді (авторы — Әуезов). Е. жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген “История казахской литературы” атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы — Е. Костюхин). Е-ні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972 — 73 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы Е-лердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Е. жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде “Қазақтың халық прозасы” атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. берілді (авторы — Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымымыздың үлкен де маңызды бір саласына айналды. С. Қасқабасов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
08.11.2012 10:49 8865

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

 

ЕРТЕГІ — фольклордың негізгі жанрларының бірі. Е. жанры — халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты — тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстет. ләззат беру. Е-нің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстет. рөл атқарады. Е-нің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі қызметтен шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті — сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек Е. шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Е. жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні — алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. ґзінің қалыптасу барысында Е. осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық Е-ге айналған. Солардың бірі — миф жанры. Мифтің Е-ге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф — алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте “қасиетті” сипатынан айырылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң Е-ге айналады. Е-нің тағы бір тамыры — алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан Е-ге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ Е-лерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің Е-де сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т. б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге Е-ге де айналады. Оның Е. құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің Е-ге айналу жолында хикая мен Е. қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы Е-лердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта Е. өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал, көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Е-де қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Е-дегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. ґмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету — Е-нің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге Е-дегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ, тыңдаушыға да, Е-нің айтылу жағдайына да байланысты. Е-де қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Е. адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. Е-нің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Е-інің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп ол белгілі бір схема бойынша құрылады. Мұның бәрі Е-ге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстет. мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, уақыттың тұйық болуы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т. т. Е-нің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама — эпикалық баяндау — аяқтау. Бастама, әдетте өлең, немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып, немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. ґзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ Е-лерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Қазақ Е-лері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер. Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән Е-лермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған Е-лер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетикалық, яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ Е-лерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Қазақ Е-лерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Е-лердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы — 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.Радлов, И.Березин, Ы.Алтынсарин, Я.Лютш, Г.Потанин, М.Миропиев, А.Васильев, А.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында Е-лердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан Е. мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз Е. жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ Е-лері Потаниннің, Радловтың, В.Стасовтың, А.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл. зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта Е-лерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, “Дала уалаятының газетінде” жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы Е-лерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Е-лерді ғыл. әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40— 50-жылдарына дейін Е-лер, көбінесе, оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы Е. жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар Е-ні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, Е-ні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап Е. жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар Е-лердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Е-лер 1960 ж. басылып шыққан “Қазақ әдебиетінің тарихына” жеке бөлім болып енді (авторы — Әуезов). Е. жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген “История казахской литературы” атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы — Е. Костюхин). Е-ні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972 — 73 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы Е-лердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Е. жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде “Қазақтың халық прозасы” атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. берілді (авторы — Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымымыздың үлкен де маңызды бір саласына айналды.

С. Қасқабасов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға