Жаңалықтар

Астана көгінде жасанды Күн пайда болуы мүмкін

Астаналық тұрғын, өнертапқыш Валерий Куличенко Елорда көгіне екінші Күн орнатуды ұсынып отыр. Бұл жайында «Экспресс-К» газеті хабарлайды. Басылымда жазылғандай, жаңа дүние жүзеге асып жатса, ол Экспо-2017 халықаралық көрмесінің рәмізіне айналар еді.  Өнертапқыштың айтуынша, оның идеясының ғаламшарға немесе өзге де жұлдыздарға қатысы жоқ және термоядролық энергиямен жұмыс істемейді. «Жарық сәулесінің тұрақты радиусын тапсақ жетіп жатыр. Ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулелердің диапазонына шығудың да қажеті жоқ. Техникалық тұрғыдан мұны шешуге болады. Кезінде Никола Тесла осыған ұқсас күкіртті плазмалы шам жасап шығарған болатын. Алайда оның шамының қабыршағы және газы бар. Ал, бізге олардың ешқайсысы қажет емес» дейді Куличенко. Оның айтуынша, жаңа «Күн» көкке орнатылса Астананың қонақтары мен тұрғындары жылына 365 күн оның сәулесін тамашалай алады. Ал ең кереметі, жел және күн батареяларын пайдаланатын болса, қала бюджеті артық энергия үшін бірде бір тиын жұмсамайды екен. Әзірге шешілмегені қауіпсіздік мәселесі. Өйткені, электрмен жұмыс үнемі қауіпті. Өнертапқыш болса бұл тығырықтан да шығатын жолды жуырда табатындығын мәлімдеп отыр. BAQ.kz
18.02.2013 04:01 2354

Астаналық тұрғын, өнертапқыш Валерий Куличенко Елорда көгіне екінші Күн орнатуды ұсынып отыр. Бұл жайында «Экспресс-К» газеті хабарлайды. Басылымда жазылғандай, жаңа дүние жүзеге асып жатса, ол Экспо-2017 халықаралық көрмесінің рәмізіне айналар еді. 
Өнертапқыштың айтуынша, оның идеясының ғаламшарға немесе өзге де жұлдыздарға қатысы жоқ және термоядролық энергиямен жұмыс істемейді. «Жарық сәулесінің тұрақты радиусын тапсақ жетіп жатыр. Ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулелердің диапазонына шығудың да қажеті жоқ. Техникалық тұрғыдан мұны шешуге болады. Кезінде Никола Тесла осыған ұқсас күкіртті плазмалы шам жасап шығарған болатын. Алайда оның шамының қабыршағы және газы бар. Ал, бізге олардың ешқайсысы қажет емес» дейді Куличенко.
Оның айтуынша, жаңа «Күн» көкке орнатылса Астананың қонақтары мен тұрғындары жылына 365 күн оның сәулесін тамашалай алады. Ал ең кереметі, жел және күн батареяларын пайдаланатын болса, қала бюджеті артық энергия үшін бірде бір тиын жұмсамайды екен.
Әзірге шешілмегені қауіпсіздік мәселесі. Өйткені, электрмен жұмыс үнемі қауіпті. Өнертапқыш болса бұл тығырықтан да шығатын жолды жуырда табатындығын мәлімдеп отыр.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға