БОКС: Қазақстан құрамасы «Төрт ел турнирі» жеңімпазы
Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өткен төрт елдің турнирінде жеңіске жетті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан 14 ақпан күні Әзірбайжанды 9:1 есебімен, 15 ақпанда Өзбекстанды 8:2 есебімен ұтқан. Ал кеше, 17 ақпан күні Украина командасын 9:1 есебімен ойсырата ұтып, жалпы есеп бойынша бірінші орынға шықты. Украинамен болған айқаста 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы ғана есе жіберіп алды. Қалған боксшылар: Біржан Жақыпов (49 келі), Ілияс Сүлейменов (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Ғани Жайлауов(60 келі), Айдар Әмірзақов (64 келі), Бақытжан Қожабеков (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі), Иван Дычко (91 ден жоғары) айқын жеңіске жетті. BAQ.kz
18.02.2013 02:55
2958
BAQ.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
В Усть-Каменогорске завершился конкурс «ШЫҒЫСSTAR»
Келесі жаңалық
Астанада шаршы алаңға шығуға асықпын - Баходир Жалолов