Жаңалықтар

Ерекше талант иесі – Айбек Таутаев (видео)

Қарағандылық студент суретті бірден екі қолмен сала алады. Жергілікті колледждің екінші курс студенті бір мезгілде оң қолымен натюрморт , сол қолымен ертегі кейіпкерлерін салып үлгереді. Айбек Таутаев сурет салуды бала кезінде ұнатыпты. Ал екі қолмен жазу, сурет салу қабілеті осындан бір жыл бұрын ашылған екен. Колледждің екінші курс студенті интерьер дизайнері мамандығын таңдаған. Үздік оқушы, белсенді жасқа оқытушылар да сүйіспеншілікпен қарайды. Дәулет ІЗБАСАРОВ, колледж оқытушысы: - Екі қолмен сурет салудың тиімділігі аудиторияда отырған кезде қойылымда оң жақтан да, сол жақтан да болу мүмкін, сол кезде бір қолмен салатын балалар бұрылып қиналып қалады. Ал, Айбек еш қиындықсыз екі қолымен де сала береді. Айбек ән жазады, өзі орындайды, би билейді оған қоса үздік оқушы. Балалық шағында жазуды сол қолмен бастап, педагог анасы оң қолмен жазып үйретіпті. Нәтижесінде екі қолымен де жазу жазып, сурет салады. Адам баласында екі қолмен бір мезгілде екі түрлі сурет салу қабілеті сирек кездеседі. Айбек ТАУТАЕВ, студент: - Басында сол қолыммен сурет салып жүрдім. Сосын екі қолмен салып көрейін ба деген ой туындады. Басында қиын болды. Себебі, көзбен көп жұмыс істеу керек болды. Қазір екі қолыммен де салып жүрмін. Ыңғайлы екендігін де түсіндім. Ерекше қабілеті бар Айбек Таутаевтың ендігі арманы мультфильм жасау.
17.02.2013 09:11 5149

Қарағандылық студент суретті бірден екі қолмен сала алады. Жергілікті колледждің екінші курс студенті бір мезгілде оң қолымен натюрморт , сол қолымен ертегі кейіпкерлерін салып үлгереді.

Айбек Таутаев сурет салуды бала кезінде ұнатыпты. Ал екі қолмен жазу, сурет салу қабілеті осындан бір жыл бұрын ашылған екен. Колледждің екінші курс студенті интерьер дизайнері мамандығын таңдаған. Үздік оқушы, белсенді жасқа оқытушылар да сүйіспеншілікпен қарайды.

Дәулет ІЗБАСАРОВ, колледж оқытушысы:

- Екі қолмен сурет салудың тиімділігі аудиторияда отырған кезде қойылымда оң жақтан да, сол жақтан да болу мүмкін, сол кезде бір қолмен салатын балалар бұрылып қиналып қалады. Ал, Айбек еш қиындықсыз екі қолымен де сала береді.

Айбек ән жазады, өзі орындайды, би билейді оған қоса үздік оқушы. Балалық шағында жазуды сол қолмен бастап, педагог анасы оң қолмен жазып үйретіпті. Нәтижесінде екі қолымен де жазу жазып, сурет салады. Адам баласында екі қолмен бір мезгілде екі түрлі сурет салу қабілеті сирек кездеседі.

Айбек ТАУТАЕВ, студент:

- Басында сол қолыммен сурет салып жүрдім. Сосын екі қолмен салып көрейін ба деген ой туындады. Басында қиын болды. Себебі, көзбен көп жұмыс істеу керек болды. Қазір екі қолыммен де салып жүрмін. Ыңғайлы екендігін де түсіндім.

Ерекше қабілеті бар Айбек Таутаевтың ендігі арманы мультфильм жасау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға