Жаңалықтар

Жаңа ғасыр мұғалімі озық үлгіден үйренсе ұтады

Жан-жақты «қаруланған» білім мен білік өрісті іске жол ашып қана қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», дей келіп: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», деді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық да­муының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне қарай ықпалдастыру негізгі бағдарға айналуда. Оның негізінде жас ұрпақты қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде таныта білу, олардың рухани жандүниесінің кіршіксіз таза көзқарасы мен шығармашылық деңгейі биік, танымдық құндылықтары жо­ғары, отаншылдық рухының мықты болып жетілуі жатыр. Бұл талаптарды орындау үшін бүгінгі таңда білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін шектемей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау қажеттігі туындауда. Әсіресе, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау барысында Кембридж (Ұлыбритания) тәсілінің теориялық негіздерінен үйренер үлгі бар. Осындай игілікті жұмысты Алматы қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» іске асыра бастады. Оған ұйтқы болып келе жатқан аталмыш орталықтың директоры Берік Асубаев бастаған ұжым. Өткен жылдың қыркүйек – қараша айларында біздің мектептің 5 мұғалімі сол орталықта өз шеберліктерін шындап, біліктілігін көтерді. Біліктілікті көтеру курстарында Кембридж университетінің мамандарынан дәріс алған халықаралық деңгейдегі маман сабақ берді. Сегіз ғасырдан астам тарихы бар Кем­бридж университетінің іс-тәжірибесін мең­геру арқылы мұғалімдер білімнің мәнін, жа­уапкершіліктің салмағын ұғынумен қатар, икемді, құзыретті, шығармашылықпен жұмыс істеуге әзір болуға үйренуде. Ең басты мақ­сат – Назарбаев зияткерлік мектептерінің жинақтаған тәжірибесін  қазақстандық және шетелдік үздік педагогикалық жетістіктермен ұштастыра отырып, оқушыға жан-жақты білім беру. Біз осыны ескеріп, мектеп ұжымы кеңесе келіп, жоғарыдағы орталықпен өзара келісімге отырып, білім беру ісіндегі  тәжірибелік жұмысты бастадық. Яғни, озық үлгіні оқып үйрене отырып, өз мектебімізде  орнықтыруды жөн көрдік. Орталықтың Австралиядан келген кеңесші тренері Ларри Брода мектеп мұғалімдерімен жете танысып, өзінің тренинг-сабақтарын жүргізуде. Бұл тренингтер педагогтар «Жеке тұлғаға бағытталған амалды» қолдана отырып, топ және жұп болып «оқу, оқудағы өзгерістер» туралы сұхбаттасады. Өздеріне тиімді амалдарды талдайды және өз тәжірибелері жөнінде пікір алмасады. Тренинг соңында ұстаздар «мүмкіндіктерді зерттеу мүмкіндіктері» ту­ралы тұжырым жасап, білу икемділігін жетілдіретін стратегиялармен танысады. Осындай елімізде болып жатқан құнды­лықтардың өзгеруі жаңа ғасырдың мұғалімін дайындау міндетімен байланысты. Біз жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізіп, өз жұмысымызға, ізденістерімізге тиімді пайдаланатын боламыз. Бұл ұрпақ болашағы сеніп тапсырылған әр мұғалімнің міндетті ісі деп білемін. Біздің педагогикалық шеберлік орталығымен бір­лесіп жасаған бағдарламамыз ұстаздардың біліктілігін арттырумен қатар, шәкірттеріне сапалы білім беруіне, тәрбие үйретуіне өз ықпалын тигізеді деген сенімдемін. Нұрайым ҮСЕНОВА, Алматы қаласындағы № 172 жалпы білім беретін мектептің директоры. http://i-news.kz
16.02.2013 15:56 3362

Жан-жақты «қаруланған» білім мен білік өрісті іске жол ашып қана қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», дей келіп: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», деді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық да­муының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне қарай ықпалдастыру негізгі бағдарға айналуда. Оның негізінде жас ұрпақты қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде таныта білу, олардың рухани жандүниесінің кіршіксіз таза көзқарасы мен шығармашылық деңгейі биік, танымдық құндылықтары жо­ғары, отаншылдық рухының мықты болып жетілуі жатыр. Бұл талаптарды орындау үшін бүгінгі таңда білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін шектемей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау қажеттігі туындауда. Әсіресе, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау барысында Кембридж (Ұлыбритания) тәсілінің теориялық негіздерінен үйренер үлгі бар. Осындай игілікті жұмысты Алматы қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» іске асыра бастады. Оған ұйтқы болып келе жатқан аталмыш орталықтың директоры Берік Асубаев бастаған ұжым.

Өткен жылдың қыркүйек – қараша айларында біздің мектептің 5 мұғалімі сол орталықта өз шеберліктерін шындап, біліктілігін көтерді. Біліктілікті көтеру курстарында Кембридж университетінің мамандарынан дәріс алған халықаралық деңгейдегі маман сабақ берді.

Сегіз ғасырдан астам тарихы бар Кем­бридж университетінің іс-тәжірибесін мең­геру арқылы мұғалімдер білімнің мәнін, жа­уапкершіліктің салмағын ұғынумен қатар, икемді, құзыретті, шығармашылықпен жұмыс істеуге әзір болуға үйренуде. Ең басты мақ­сат – Назарбаев зияткерлік мектептерінің жинақтаған тәжірибесін  қазақстандық және шетелдік үздік педагогикалық жетістіктермен ұштастыра отырып, оқушыға жан-жақты білім беру. Біз осыны ескеріп, мектеп ұжымы кеңесе келіп, жоғарыдағы орталықпен өзара келісімге отырып, білім беру ісіндегі  тәжірибелік жұмысты бастадық. Яғни, озық үлгіні оқып үйрене отырып, өз мектебімізде  орнықтыруды жөн көрдік.

Орталықтың Австралиядан келген кеңесші тренері Ларри Брода мектеп мұғалімдерімен жете танысып, өзінің тренинг-сабақтарын жүргізуде. Бұл тренингтер педагогтар «Жеке тұлғаға бағытталған амалды» қолдана отырып, топ және жұп болып «оқу, оқудағы өзгерістер» туралы сұхбаттасады. Өздеріне тиімді амалдарды талдайды және өз тәжірибелері жөнінде пікір алмасады. Тренинг соңында ұстаздар «мүмкіндіктерді зерттеу мүмкіндіктері» ту­ралы тұжырым жасап, білу икемділігін жетілдіретін стратегиялармен танысады.

Осындай елімізде болып жатқан құнды­лықтардың өзгеруі жаңа ғасырдың мұғалімін дайындау міндетімен байланысты. Біз жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізіп, өз жұмысымызға, ізденістерімізге тиімді пайдаланатын боламыз. Бұл ұрпақ болашағы сеніп тапсырылған әр мұғалімнің міндетті ісі деп білемін. Біздің педагогикалық шеберлік орталығымен бір­лесіп жасаған бағдарламамыз ұстаздардың біліктілігін арттырумен қатар, шәкірттеріне сапалы білім беруіне, тәрбие үйретуіне өз ықпалын тигізеді деген сенімдемін.

Нұрайым ҮСЕНОВА,

Алматы қаласындағы № 172 жалпы

білім беретін мектептің директоры.

http://i-news.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға