Жаңалықтар

Қазақстанда «Ел тағдыры – менің тағдырым!» атты бірегей жоба іске қосылады

Қазақстанда ел азаматтарының тағдырлары арқылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кемел басшылығымен қол жеткен республика табыстарын көрсетуге бағытталған «Ел тағдыры – менің тағдырым!» атты бірегей жоба іске қосылады, деп хабарлайды ҚР ПРезиденті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты.  Өңірлік форумдар екі кезеңде – біріншісі аудан деңгейінде, екіншісі – облыстардың, сондай-ақ елорда мен Алматы қаласының деңгейінде өтеді. Ең лайықтыларға Астана Күнін мерекелеу аясында өтетін «Ел тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумына қатысу үшін Астанаға делегат ретінде жолдама беріледі, деп хабарлайды ұйымдастырушылар. «Ел тағдыры – менің тағдырым!» ІІ республикалық форумының ұйымдастырушылары – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі. 2012 жылдың шілде айында Астанада бірінші «Ел тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумы өткен болатын. Кең ауқымды қоғамдық серпіліс туғызған форумды жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізуге шешім қабылданған. Өңірлік форумға қатысушылар – өмір жолдары Еліміз бен оның Тәуелсіз Қазақстанның қарыштап дамуына қомақты үлес қосып жүрген азаматтарының тағдыры біртұтас екендігінің жарқын куәсі бола алатын сол өңірдің тұрғындары. Форумның делегаттары мен спикерлері біздің заманымыздың нағыз ерлері: көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлер, мемлекеттік органдардың, шығармашылық және ғылыми зиялылардың, этно-мәдени бірлестіктердің, ел экономикасының әртүрлі секторларының өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, белгілі спортшылар, жас көшбасшылар, деп хабарлайды ұйымдастырушылар. BNews.kz
16.02.2013 15:30 3751

Қазақстанда ел азаматтарының тағдырлары арқылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кемел басшылығымен қол жеткен республика табыстарын көрсетуге бағытталған «Ел тағдыры – менің тағдырым!» атты бірегей жоба іске қосылады, деп хабарлайды ҚР ПРезиденті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты

Өңірлік форумдар екі кезеңде – біріншісі аудан деңгейінде, екіншісі – облыстардың, сондай-ақ елорда мен Алматы қаласының деңгейінде өтеді. Ең лайықтыларға Астана Күнін мерекелеу аясында өтетін «Ел тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумына қатысу үшін Астанаға делегат ретінде жолдама беріледі, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

«Ел тағдыры – менің тағдырым!» ІІ республикалық форумының ұйымдастырушылары – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі.

2012 жылдың шілде айында Астанада бірінші «Ел тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумы өткен болатын. Кең ауқымды қоғамдық серпіліс туғызған форумды жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізуге шешім қабылданған.

Өңірлік форумға қатысушылар – өмір жолдары Еліміз бен оның Тәуелсіз Қазақстанның қарыштап дамуына қомақты үлес қосып жүрген азаматтарының тағдыры біртұтас екендігінің жарқын куәсі бола алатын сол өңірдің тұрғындары.

Форумның делегаттары мен спикерлері біздің заманымыздың нағыз ерлері: көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлер, мемлекеттік органдардың, шығармашылық және ғылыми зиялылардың, этно-мәдени бірлестіктердің, ел экономикасының әртүрлі секторларының өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, белгілі спортшылар, жас көшбасшылар, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға