Жаңалықтар

Метеориттің құлауынан зардап шеккендердің саны 1,2 мың адамнан асты

Челябі облысында метеориттің құлауынан зардап шеккендердің саны 1,2 мың адамға артты, деп хабарлады Ресей Жаңалықтар агенттігі РФ-ның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.   «Шыны сынықтарынан 1145 адам жарақаттанды, соның 50-і емдеу мекемелеріне жатқызылды. Оқиға салдарынан 2962 нысан зардап шекті, оның 34-і денсаулық сақтау, 11-і әлеуметтік қорғау мекемесі, 361-і мектеп пен балабақшалар», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні метеоритті жаңбыр Челябі, Түмен, Курган және Свердлов облыстарында, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тіркелді. Метеориттің құлауынан келтірілген материалдық шығын алдын ала жасалған болжам бойынша, 1 миллиард рубльдан (33,2 млн. доллар) асады. BAQ.kz
16.02.2013 15:21 3272

Челябі облысында метеориттің құлауынан зардап шеккендердің саны 1,2 мың адамға артты, деп хабарлады Ресей Жаңалықтар агенттігі РФ-ның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.  

«Шыны сынықтарынан 1145 адам жарақаттанды, соның 50-і емдеу мекемелеріне жатқызылды. Оқиға салдарынан 2962 нысан зардап шекті, оның 34-і денсаулық сақтау, 11-і әлеуметтік қорғау мекемесі, 361-і мектеп пен балабақшалар», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні метеоритті жаңбыр Челябі, Түмен, Курган және Свердлов облыстарында, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тіркелді. Метеориттің құлауынан келтірілген материалдық шығын алдын ала жасалған болжам бойынша, 1 миллиард рубльдан (33,2 млн. доллар) асады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға