Елордада «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады
Бүгін Мектеп оқушылары сарайының AstanaArtline галереясы өнерді бағалаушылар үшін өз есігін айқара ашуда. Мұнда «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады. Көрмеге келушілер екі елдің суретшілері түрлі техника мен жанрда орындаған көркем еңбектерді: натюрморттар, портреттер мен пейзаждарды көріп тамашалай алады, деп жазады елорданың ресми сайты. «Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы тарихы 20 жылдан бері жалғасып келеді. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тек саяси тұрғыдан ғана емес, мәдени жағынан да маңызды», деп санайды көрмені ұйымдастырушылар. Экспозицияда танымал француз суретшісі Мартин Ривази-Оффан мен Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері: Ұмсын Арқабаеваның, Армат Бектастың, Ерлан Назарқұлдың, Гүлмира Телғозиеваның, Еркінбек Есімовтің, Ералы Досмағанбетова мен Жаннет Әбіштің қартиналары қойылған. BAQ.kz
16.02.2013 15:19
3423
«Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы тарихы 20 жылдан бері жалғасып келеді. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тек саяси тұрғыдан ғана емес, мәдени жағынан да маңызды», деп санайды көрмені ұйымдастырушылар.
Экспозицияда танымал француз суретшісі Мартин Ривази-Оффан мен Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері: Ұмсын Арқабаеваның, Армат Бектастың, Ерлан Назарқұлдың, Гүлмира Телғозиеваның, Еркінбек Есімовтің, Ералы Досмағанбетова мен Жаннет Әбіштің қартиналары қойылған.
BAQ.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
БОКС: Қазақстан Өзбекстанды 8:2 есебімен ұтты
Келесі жаңалық
Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды