Жаңалықтар

БОКС: Қазақстан Өзбекстанды 8:2 есебімен ұтты

Астанада өтіп жатқан бокстан Әзірбайжан, Өзбекстан, Украина және Қазақстан құрама командаларының жолдастық кездесуінің екінші күнінде біздің елдің ұландары өзбек боксшыларынан басым түсті. Есеп 8:2. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 14 ақпанда қазақтың былғары қолғап шеберлері әзірбайжандық қарсыластарын 9:1 есебімен ұтқан болатын.  Он салмақ дәрежесінде сынға түскен командалар арасындағы бәсекені алдымен 49 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Хасанбой Дусматов пен отандасымыз Біржан Жақыпов бастады. Шаршы алаңда ширақтығымен шапшаң қимылдайтын боксшымыз Біржанға көрермендер нық сенімді болатын. Алайда, бірінші раундта-ақ көрші елдің «қарадомалағы» Біржанға оңай қарсылас емес екенін бірден аңғартты. Бар-жоғы жиырма жастағы өзбектің Хасанбойының бойы тапал болғанымен, денесі тығыншықтай, жұдырығы тоқпақтай. Жерлесіміздің қорғанысын бұзып, соққыны жаңбырша жаудырды. Тіпті, соңғы кезеңнің бітуіне санаулы секундтар қалғанда өзбек боксшысы тәжірибесі мол тісқаққан боксшымыздың ашық қалған сәтін сәтті пайдаланып, шықшытынан сілейте соқты. Сөйтіп, Біржанды нокаутқа түсіріп, шаршы алаңға бір аунатып алды-дағы жүлдені қанжығасына байлап кете барды. Әрі-сәрі күйге түскен бас бапкеріміз ортаға  орамал лақтырмаққа әрекеттене бергенде, гонг соғылып үлгерді... Біз үшін сәтсіз бастау алған жарыстың екінші кезеңі, 52 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Ілияс Сүлейменов пен өзбек Жасур Латипов арасындағы жекпе-жекпен жалғасын тапты. Өзбек боксшысы осы кезге дейін 93 кездесуінің 81-інде жеңіске жеткен, 2011 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Ол шаршы алаңда сылбыр қимылдады. Тіпті, сол үшін ескерту де алып үлгерді. Есесіне, отандасымыз жасындай жарқырап, алдыңғы кезеңде кеткен есемізді қайтарғандай болды. Бүгінге дейін 155 кездесу өткізген Ілияс 2010-12 жылдардағы ел чемпионы және 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Нағыз бабына келген 22 жасар боксшымыз Әлем чемпионатының қола жүлдегерін 20:13 есебімен тізе бүктірді.  56 келілік салмақта өнер көрсеткен оғландар - Қайрат Ералиев пен Шахриер Исақов арасындағы жекпе-жек те тартысты өтті. Әсіресе, қолды-аяққа тұрмайтын жерлесіміз Қайраттың қорғану мен шабуылдау техникасы мықты, күші де мығым. Белсенді қимылдап кімнің шаңырақ иесі екендігін көршімізге оңай сездіргендей. Қайрат та қарсыласын сенімді ұтты.  60 келі салмақ бойынша бақ сынаған жерлесіміз Берік Абдрахманов пен өзбек боксшысы Фазлиддин Гаибназаров арасындағы тартыс мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі раунд бойы жерлесімізалда келе жатқан (5:3, 7:4).  Ойда жоқта Фазлиддиннің ережеге қайшы әрекет жасауы, боксшымыздың жарыстан шеттеуіне сеп болды. Төрешілер шешімімен жеңіс өзімізде қалып, өзбек боксшысына әкімшілік шара қолдану жарияланды.  64 келіде шаршы алаңның шаңын шығарып жүрген боксшымыз Мерей Ақшаловқа бұл жолы өзбектерден Санжарбек Рахманов қарсылас атанды. Арақашықтықты шебер сақтай білетін Мерей Санжарбекті ә дегеннен-ақ састырды. Бәсеке барысында сериялы соққы жасаудың шебері Мерейдің өнері мінсіз деп танылып, барлық төреші жеңісті бірауыздан жерлесімізге бұйыртты. 69 келі салмақтағы былғары қолғап шеберлері Данияр Елеусінов пен Уктамжон Рахмоновтың арасындағы жекпе-жек те өте тартысты әрі қызықты өтті. Қос боксшының  да Лондон олимпиадасының қатысушылары екендігін ескерсек, тәжірибесі мол болуы тиіс сияқты көрінген. Біздің Даниярда мін жоқ-ау. Қызығы сол, қызыл бұрыштан шыққан оның қарсыласының бар мәселені құлаштай ұрған бір ғана соққымен шешуге ұмтылуы көрерменнің езуіне күлкі үйірді. Тіпті, ол отандасымызды оңай шағылар жаңғақтай санағаны соншалық, ашық айқасқа шығып, қорғанысты мүлдем ұмытқандай. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермейтін Данияр соққыларын дөп тигізе білді. Нәтижесінде қазақ боксшысы 9:19 есебімен озық шықты. 75 келі салмақта өнер көрсететін Әлімжанұлы Жәнібектің өзбек Шухрат Абдуллаевпен айқасында жерлесіміз басым түсті. Осы кезге дейін 97-і кездесу өткізіп, оның 89-ында жеңіске жеткен Шухрат 2011 жылы Азия чемпионы атанған. Ал Жәнібек бар болғаны 2012 жылы ел чемпионы болған. Жәнібекке өзбек боксшысы лайықты қарсылас болып шықты. Сонда да оны 2-раундта ногдаунға түсіріп, есеп ашқан жерлесіміз 14:7 есебімен жеңіске қол жеткізді. 81 келіде өнер көрсеткен Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен Лондоннан бұрын Бейжіңге де барған өзбек боксшысы Эльшод Расуловтың арасындағы айқас та арпалысқа толы болды. Соққы алмасу есебі бойынша отандасымыз 4 ұпай айрмасымен алға шықты. Ал шаршы алаңға 91 келіде шыққан боксшымыз Антон Пинчук Рустам Тулягановқа есе жіберіп қойды. Бұл осы кездесу барысындағы біздің ел командасының екінші жеңілісі болатын. Мұнан соң аса ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко өзбек Сардор Абдуллаевқа қарағанда шеберлігі басым боксшы екендігін оңай аңғартты. Сөйтіп, жалпылай алғанда 8:2 есебімен қазақ боксшылары алға шығып, командалық жарыста өздерінің мықты екендігін екінші рет дәлелдеді. Кіл мықтыны анықтайтын ақтық сын жексенбі күні 14:00 және 17:00-де «Дәулет» спорт кешенінде жалғасын тапақ. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ BAQ.kz
16.02.2013 15:15 3387

Астанада өтіп жатқан бокстан Әзірбайжан, Өзбекстан, Украина және Қазақстан құрама командаларының жолдастық кездесуінің екінші күнінде біздің елдің ұландары өзбек боксшыларынан басым түсті. Есеп 8:2. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 14 ақпанда қазақтың былғары қолғап шеберлері әзірбайжандық қарсыластарын 9:1 есебімен ұтқан болатын. 
Он салмақ дәрежесінде сынға түскен командалар арасындағы бәсекені алдымен 49 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Хасанбой Дусматов пен отандасымыз Біржан Жақыпов бастады. Шаршы алаңда ширақтығымен шапшаң қимылдайтын боксшымыз Біржанға көрермендер нық сенімді болатын. Алайда, бірінші раундта-ақ көрші елдің «қарадомалағы» Біржанға оңай қарсылас емес екенін бірден аңғартты. Бар-жоғы жиырма жастағы өзбектің Хасанбойының бойы тапал болғанымен, денесі тығыншықтай, жұдырығы тоқпақтай. Жерлесіміздің қорғанысын бұзып, соққыны жаңбырша жаудырды. Тіпті, соңғы кезеңнің бітуіне санаулы секундтар қалғанда өзбек боксшысы тәжірибесі мол тісқаққан боксшымыздың ашық қалған сәтін сәтті пайдаланып, шықшытынан сілейте соқты. Сөйтіп, Біржанды нокаутқа түсіріп, шаршы алаңға бір аунатып алды-дағы жүлдені қанжығасына байлап кете барды. Әрі-сәрі күйге түскен бас бапкеріміз ортаға  орамал лақтырмаққа әрекеттене бергенде, гонг соғылып үлгерді...

Біз үшін сәтсіз бастау алған жарыстың екінші кезеңі, 52 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Ілияс Сүлейменов пен өзбек Жасур Латипов арасындағы жекпе-жекпен жалғасын тапты. Өзбек боксшысы осы кезге дейін 93 кездесуінің 81-інде жеңіске жеткен, 2011 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Ол шаршы алаңда сылбыр қимылдады. Тіпті, сол үшін ескерту де алып үлгерді. Есесіне, отандасымыз жасындай жарқырап, алдыңғы кезеңде кеткен есемізді қайтарғандай болды. Бүгінге дейін 155 кездесу өткізген Ілияс 2010-12 жылдардағы ел чемпионы және 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Нағыз бабына келген 22 жасар боксшымыз Әлем чемпионатының қола жүлдегерін 20:13 есебімен тізе бүктірді. 
56 келілік салмақта өнер көрсеткен оғландар - Қайрат Ералиев пен Шахриер Исақов арасындағы жекпе-жек те тартысты өтті. Әсіресе, қолды-аяққа тұрмайтын жерлесіміз Қайраттың қорғану мен шабуылдау техникасы мықты, күші де мығым. Белсенді қимылдап кімнің шаңырақ иесі екендігін көршімізге оңай сездіргендей. Қайрат та қарсыласын сенімді ұтты. 
60 келі салмақ бойынша бақ сынаған жерлесіміз Берік Абдрахманов пен өзбек боксшысы Фазлиддин Гаибназаров арасындағы тартыс мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі раунд бойы жерлесімізалда келе жатқан (5:3, 7:4).  Ойда жоқта Фазлиддиннің ережеге қайшы әрекет жасауы, боксшымыздың жарыстан шеттеуіне сеп болды. Төрешілер шешімімен жеңіс өзімізде қалып, өзбек боксшысына әкімшілік шара қолдану жарияланды. 
64 келіде шаршы алаңның шаңын шығарып жүрген боксшымыз Мерей Ақшаловқа бұл жолы өзбектерден Санжарбек Рахманов қарсылас атанды. Арақашықтықты шебер сақтай білетін Мерей Санжарбекті ә дегеннен-ақ састырды. Бәсеке барысында сериялы соққы жасаудың шебері Мерейдің өнері мінсіз деп танылып, барлық төреші жеңісті бірауыздан жерлесімізге бұйыртты.
69 келі салмақтағы былғары қолғап шеберлері Данияр Елеусінов пен Уктамжон Рахмоновтың арасындағы жекпе-жек те өте тартысты әрі қызықты өтті. Қос боксшының  да Лондон олимпиадасының қатысушылары екендігін ескерсек, тәжірибесі мол болуы тиіс сияқты көрінген. Біздің Даниярда мін жоқ-ау. Қызығы сол, қызыл бұрыштан шыққан оның қарсыласының бар мәселені құлаштай ұрған бір ғана соққымен шешуге ұмтылуы көрерменнің езуіне күлкі үйірді. Тіпті, ол отандасымызды оңай шағылар жаңғақтай санағаны соншалық, ашық айқасқа шығып, қорғанысты мүлдем ұмытқандай. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермейтін Данияр соққыларын дөп тигізе білді. Нәтижесінде қазақ боксшысы 9:19 есебімен озық шықты.
75 келі салмақта өнер көрсететін Әлімжанұлы Жәнібектің өзбек Шухрат Абдуллаевпен айқасында жерлесіміз басым түсті. Осы кезге дейін 97-і кездесу өткізіп, оның 89-ында жеңіске жеткен Шухрат 2011 жылы Азия чемпионы атанған. Ал Жәнібек бар болғаны 2012 жылы ел чемпионы болған. Жәнібекке өзбек боксшысы лайықты қарсылас болып шықты. Сонда да оны 2-раундта ногдаунға түсіріп, есеп ашқан жерлесіміз 14:7 есебімен жеңіске қол жеткізді.
81 келіде өнер көрсеткен Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен Лондоннан бұрын Бейжіңге де барған өзбек боксшысы Эльшод Расуловтың арасындағы айқас та арпалысқа толы болды. Соққы алмасу есебі бойынша отандасымыз 4 ұпай айрмасымен алға шықты. Ал шаршы алаңға 91 келіде шыққан боксшымыз Антон Пинчук Рустам Тулягановқа есе жіберіп қойды. Бұл осы кездесу барысындағы біздің ел командасының екінші жеңілісі болатын. Мұнан соң аса ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко өзбек Сардор Абдуллаевқа қарағанда шеберлігі басым боксшы екендігін оңай аңғартты. Сөйтіп, жалпылай алғанда 8:2 есебімен қазақ боксшылары алға шығып, командалық жарыста өздерінің мықты екендігін екінші рет дәлелдеді. Кіл мықтыны анықтайтын ақтық сын жексенбі күні 14:00 және 17:00-де «Дәулет» спорт кешенінде жалғасын тапақ.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға