Елордада бокстан халықаралық дәстүрлі турнир жалғасуда (видео)
15.02.2013 10:46
2818
Астанада бокстан халықаралық дәстүрлі турнир жалғасуда. Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы Әзірбайжан елінің былғары қолғап шеберлерімен жұдырықтасты.
Тартысты өткен кездесуде жерлестеріміз 9:1 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрамадан Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов, Аділбек Ниязымбетов және Иван Дычколар қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал, 91 келіде өнер көрсететін қазақстандық Антон Пинчук Еуропа чемпионы Тимур Момедовқа күтпеген жерден есе жіберді. Енді, Ұлттық құрама Өзбекстан және Украина боксшыларымен кездеседі. Жарыстың жалпы қорытындысы 17 ақпанда белгілі болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға