Атырау облысында Серік Сәпиевтің бастамасымен ірі спорт кешені бой көтереді
14.02.2013 10:30
3409
Спортшының сөзіне қарағанда, Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласында ірі спорттық кешен құрылысын жүргізу мәселесі Атырау облысы әкімімен келісілген.
«Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Спорттық нысанның бой көтеретін орыны белгіленіп қойды. Болашақта спортқа жақын балалар мұнда бокс, таэквондо, ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық спорт түрлерімен шұғылданатын болады», деді С.Сәпиев баспасөз мәслихатында.
Олимпиада чемпионы бокспен айналысатын жеткіншектермен кездесіп, шеберлік класын өткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыда «Еуразия» кинофестивалі өтеді