Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы ҚР Бас Консулы мен Түркия Қазақ мәдени қоры басқосу өткізді

Кеше еліміздің Ыстамбұлдағы бас консулы Арслан Дандыбав, консул Әлімжан Сұранқұлов және вице-консул Исатай Сүлеймановтар Түркия Қазақ мәдени қорында кездесу өткізіп, Қордың жаңа басшысын құттықтады. Бұдан бұрын Абдұлвахап Қылыш тізгінін ұстап отырған мәдени қорды басқару міндетін Жәлел Кахраман өз міндетіне алды. Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың да құттықтауын жеткізген Консул басшылары Ыстамбұлда тұратын қазақтардың түйткілді мәселелерін шешуді де қарастырды.  «Кездесуде Түркияда тұрып жатқан қазақ қауымдастығымен тығыз байланыстарды одан әрі жалғастыру, нығайту талқыланыпты. Қазақ мәдени қоры тарапынан жақында ашылған бала бақшаға ойыншықтар мен кітаптар алып беру өтініші өз шешімін тапты. Биылғы жылдан бастап Наурыз мейрамын біздің Консулдық пен Қазақ мәдени қоры бірлікте тойлайтын болады»,- дейді Әлімжан Сұранқұлов. Оның айтуынша Ыстамбұлдағы қазақ бауырлар бүлдіршіндердің ана тілін ұмытпау және қазақ тілін жетік білмейтін қандастарымызға төл тілімізді үйрету мақсатында Консулдың көмегімен қазақ тілі курстары ашылыпты. Алдағы уақытта қатысушыларды көптеп тарту жұмыстары жасалып жатқан көрінеді. Айта кетейік, Түркиядағы Қазақ мәдени қоры 1986 жылы Түркиядағы қазақтың мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын сақтау үшін құрылған болатын. Бұл күнде аталмыш Қор Түркиядағы қазақтың басын қосуда үлкен жұмыс жасайтын бірден-бір орталыққа айналған. Майгүл СҰЛТАН Baq.kz
14.02.2013 03:08 2925

Кеше еліміздің Ыстамбұлдағы бас консулы Арслан Дандыбав, консул Әлімжан Сұранқұлов және вице-консул Исатай Сүлеймановтар Түркия Қазақ мәдени қорында кездесу өткізіп, Қордың жаңа басшысын құттықтады. Бұдан бұрын Абдұлвахап Қылыш тізгінін ұстап отырған мәдени қорды басқару міндетін Жәлел Кахраман өз міндетіне алды. Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың да құттықтауын жеткізген Консул басшылары Ыстамбұлда тұратын қазақтардың түйткілді мәселелерін шешуді де қарастырды. 

«Кездесуде Түркияда тұрып жатқан қазақ қауымдастығымен тығыз байланыстарды одан әрі жалғастыру, нығайту талқыланыпты. Қазақ мәдени қоры тарапынан жақында ашылған бала бақшаға ойыншықтар мен кітаптар алып беру өтініші өз шешімін тапты. Биылғы жылдан бастап Наурыз мейрамын біздің Консулдық пен Қазақ мәдени қоры бірлікте тойлайтын болады»,- дейді Әлімжан Сұранқұлов. Оның айтуынша Ыстамбұлдағы қазақ бауырлар бүлдіршіндердің ана тілін ұмытпау және қазақ тілін жетік білмейтін қандастарымызға төл тілімізді үйрету мақсатында Консулдың көмегімен қазақ тілі курстары ашылыпты. Алдағы уақытта қатысушыларды көптеп тарту жұмыстары жасалып жатқан көрінеді.
Айта кетейік, Түркиядағы Қазақ мәдени қоры 1986 жылы Түркиядағы қазақтың мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын сақтау үшін құрылған болатын. Бұл күнде аталмыш Қор Түркиядағы қазақтың басын қосуда үлкен жұмыс жасайтын бірден-бір орталыққа айналған.

Майгүл СҰЛТАН

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға