Жаңалықтар

Винокуров науқас балаларға қол ұшын созды

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың көмегімен денсаулығында ақауы бар жеті бала шетелде емделу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жайында «Болашақ» ассоциациясының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.  Өткен жылы Винокуров Олимпиада ойындарында жеңіс алып келген велосипедін сатылымға шығарып, одан түскен 230 миллион АҚШ долларын науқас балалардың еміне жұмсады. Көмек алған сәбилердің арасында тума жүрек талмасына, сал ауруына, бауыр және бүйрек ауруларына шалдыққандар бар. Оларға жасалатын отаның әр қайсысының орташа құны 32 мың АҚШ долларын құрамақ. «Науқас балалардың ата-аналары операцияға жұмсалатын қаржыны өз күшімен жинай алмаған. Ал, бүгінгі акцияның ұйымдастырушылары Ресей, Белорусь және Украина мамандарымен келіссөздер жүргізді. Бүгінде қайырымдылықтан түскен қаржы тікелей сәбидер емделіп жатқан ауруханалардың шотына аударылды. Балалардың жартысына бүгінде сәтті ота жасалынған, қалғандары донорларын күтуде» делінген аталмыш хабарламада. Қазіргі таңда осынау акция жалғасып жатыр. Ұйымжастырушылар науқас сәбилердің әр қайсысын жіті назарға алған. BAQ.kz
13.02.2013 06:33 2708

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың көмегімен денсаулығында ақауы бар жеті бала шетелде емделу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жайында «Болашақ» ассоциациясының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. 
Өткен жылы Винокуров Олимпиада ойындарында жеңіс алып келген велосипедін сатылымға шығарып, одан түскен 230 миллион АҚШ долларын науқас балалардың еміне жұмсады. Көмек алған сәбилердің арасында тума жүрек талмасына, сал ауруына, бауыр және бүйрек ауруларына шалдыққандар бар. Оларға жасалатын отаның әр қайсысының орташа құны 32 мың АҚШ долларын құрамақ.
«Науқас балалардың ата-аналары операцияға жұмсалатын қаржыны өз күшімен жинай алмаған. Ал, бүгінгі акцияның ұйымдастырушылары Ресей, Белорусь және Украина мамандарымен келіссөздер жүргізді. Бүгінде қайырымдылықтан түскен қаржы тікелей сәбидер емделіп жатқан ауруханалардың шотына аударылды. Балалардың жартысына бүгінде сәтті ота жасалынған, қалғандары донорларын күтуде» делінген аталмыш хабарламада.
Қазіргі таңда осынау акция жалғасып жатыр. Ұйымжастырушылар науқас сәбилердің әр қайсысын жіті назарға алған.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға