Жаңалықтар

Әнші Қайрат Нұртас туралы фильм прокатқа шығады

2013 жылдың сәуір айында әнші Қайрат Нұртастың өмірінен сыр шертетін «Өкініш» атты көркем фильмнің тұсаукесері болады.  Бұл туралы фильм директоры Мира Келімбетова хабарлайды. «Фильм Қайраттың ересек өмірі, шығармашылығы, табысқа жету жолындағы қиындықтары  жайлы баяндайды. Оқиға желісі құпия қалсын, уақытында көрермен көзайым болар. Бұл біздің алғашқы туындымыз. Сол себепті, студиядан шықпай, күні-түні фильмнің әрбір деталіне ерекше назар аударып отырмыз» деп ағынан жарылды продюсер. Фильм түсірілімі 2012 жылдың шілде-қазан айлары арасында Астана, Актау және әншінің туған жері Түркістан қаласында өткен болатын. Аталмыш жобаға Қайраттың ата-анасы мен ағайындарынан басқа, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов сынды қазақ киносының жұлдыздары қатысты. Ал  басты рөлдерді Қайрат Нұртаспен қоса әнші Сиви Махмуди, актриса Жания Джуринская және әнші  Ренат Баситов сомдайды. Әншінің жеке пордюссері-анасы Гүлзира Айдарбекова киноға продюсерлік жасауды да мойнына алған. 23 жасар Қайрат Нұртас ең алғаш рет сахнаға тоғыз жасында шыққан көрінеді. Бүгінге дейін әнші 100-ге жуық ән жазғызып, жеке концерттік бағдарласымен Қазақстанның бар өңірін аралап шыққан. Әншінің айтуы бойынша, қазіргі басты арманы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қосылып ән шырқау. BAQ.kz
12.02.2013 09:18 3486

2013 жылдың сәуір айында әнші Қайрат Нұртастың өмірінен сыр шертетін «Өкініш» атты көркем фильмнің тұсаукесері болады.  Бұл туралы фильм директоры Мира Келімбетова хабарлайды.

«Фильм Қайраттың ересек өмірі, шығармашылығы, табысқа жету жолындағы қиындықтары  жайлы баяндайды. Оқиға желісі құпия қалсын, уақытында көрермен көзайым болар. Бұл біздің алғашқы туындымыз. Сол себепті, студиядан шықпай, күні-түні фильмнің әрбір деталіне ерекше назар аударып отырмыз» деп ағынан жарылды продюсер.

Фильм түсірілімі 2012 жылдың шілде-қазан айлары арасында Астана, Актау және әншінің туған жері Түркістан қаласында өткен болатын. Аталмыш жобаға Қайраттың ата-анасы мен ағайындарынан басқа, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов сынды қазақ киносының жұлдыздары қатысты. Ал  басты рөлдерді Қайрат Нұртаспен қоса әнші Сиви Махмуди, актриса Жания Джуринская және әнші  Ренат Баситов сомдайды. Әншінің жеке пордюссері-анасы Гүлзира Айдарбекова киноға продюсерлік жасауды да мойнына алған.

23 жасар Қайрат Нұртас ең алғаш рет сахнаға тоғыз жасында шыққан көрінеді. Бүгінге дейін әнші 100-ге жуық ән жазғызып, жеке концерттік бағдарласымен Қазақстанның бар өңірін аралап шыққан. Әншінің айтуы бойынша, қазіргі басты арманы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қосылып ән шырқау.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға