Жаңалықтар

Ұйқы адам тағдырына әсер етеді

Британиялық ғалымдар ерте ұйықтап, ерте оянатын адамның ұйқыбас адамнан қарағанда бақыттырақ және денсаулығы да мықты болатынын мәлімдеп отыр. Бұл жайында Medlinks агенттігі мәлімдеді.  Ғалымдардың осынау зерттеуіне 17 мен 38 жас аралығындағы 435, 59-79 жас аралығындағы 300 ерікті азамат қатысқан. Олардың барлығы өздерінің қай уақытта ұйықтап, қай уақытта оянатындықтарын айтқан. Ал, ғалымдар болса еріктілердің денсаулығын және өмірін толықтай зерттеп шықты. Нәтижесінде жастардың тек 7 пайызы ғана ерте ұйықтайтын адамдар қатарында. Сондай-ақ, жасы егде тартқан топтың 91 пайызы ерте жатып, ерте оянады. Тексеріс көрсеткендей, бұл топтағы жандардың денсаулығы ұйқыны жақсы көретіндерден әлдеқайда жақсырақ. Ал, қазақшалап айтқанда «маубастар» тобындағы адамдардың өмірде жиі мазасызданып, ашуланғыш болып келетіндігі де анықталып отыр. Медициналық сараптама нәтижесінде ұйқыбастардың 60 пайызының ағзасында кортизолдың (көңіл-күйді төмендедетін гормон) көп болып шықты. Ал, екінші ширақ топтың өкілдерінде серотин гормоны (көтеріңкі көңіл-күй гормоны) өзгелерден қарағанда 15 пайызға артық. Қызығы сол, әлем ғалымдары бұл зерттеуге қаншама уақытын жоғалтып, қаншама адамды тексеруден өткізді. Ал, атам қазақ мұның сырын баяғыда-ақ «Ерте оянған еркектің ырысы артық, ерте оянған әйелдің бір ісі артық» деп айтып қойған. Иә, бұл мақалды ешқандай ғылыми атағы жоқ, ешқандай университет пен академияларда оқымаған қазақтың бір қариясы айтқан. Ал, том-том еңбек жазып, бүкіл өмірін ғылымға арнаған ғалымдар маубастықтың денсаулыққа зияндығын енді ғана анықтап жатыр.  Серғали Балажан BAQ.kz
12.02.2013 05:36 4898

Британиялық ғалымдар ерте ұйықтап, ерте оянатын адамның ұйқыбас адамнан қарағанда бақыттырақ және денсаулығы да мықты болатынын мәлімдеп отыр. Бұл жайында Medlinks агенттігі мәлімдеді. 
Ғалымдардың осынау зерттеуіне 17 мен 38 жас аралығындағы 435, 59-79 жас аралығындағы 300 ерікті азамат қатысқан. Олардың барлығы өздерінің қай уақытта ұйықтап, қай уақытта оянатындықтарын айтқан. Ал, ғалымдар болса еріктілердің денсаулығын және өмірін толықтай зерттеп шықты.
Нәтижесінде жастардың тек 7 пайызы ғана ерте ұйықтайтын адамдар қатарында. Сондай-ақ, жасы егде тартқан топтың 91 пайызы ерте жатып, ерте оянады. Тексеріс көрсеткендей, бұл топтағы жандардың денсаулығы ұйқыны жақсы көретіндерден әлдеқайда жақсырақ. Ал, қазақшалап айтқанда «маубастар» тобындағы адамдардың өмірде жиі мазасызданып, ашуланғыш болып келетіндігі де анықталып отыр.
Медициналық сараптама нәтижесінде ұйқыбастардың 60 пайызының ағзасында кортизолдың (көңіл-күйді төмендедетін гормон) көп болып шықты. Ал, екінші ширақ топтың өкілдерінде серотин гормоны (көтеріңкі көңіл-күй гормоны) өзгелерден қарағанда 15 пайызға артық.
Қызығы сол, әлем ғалымдары бұл зерттеуге қаншама уақытын жоғалтып, қаншама адамды тексеруден өткізді. Ал, атам қазақ мұның сырын баяғыда-ақ «Ерте оянған еркектің ырысы артық, ерте оянған әйелдің бір ісі артық» деп айтып қойған. Иә, бұл мақалды ешқандай ғылыми атағы жоқ, ешқандай университет пен академияларда оқымаған қазақтың бір қариясы айтқан. Ал, том-том еңбек жазып, бүкіл өмірін ғылымға арнаған ғалымдар маубастықтың денсаулыққа зияндығын енді ғана анықтап жатыр. 

Серғали Балажан

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға