БОКС: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуге сақадай сай
«Дәл қазіргі таңда үш елдің біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз: Қазақстан, Украина, Әзірбайжан. Осы дайындықтан кейін Астанаға Өзбекстан ұлттық құрамасы да келеді, төрт ел арасында жолдастық кездесу өткіземіз. Бұл бірақ, тек дайындық қана, негізгі мақсат – әлем чемпионаты, күзде өтетін. Ал, оған дейін Азия чемпионаты бар. Қайда және нақты қай уақытта өткізілетіні белгісіз. Осы жақын күндері анықталатын болады» деді бас бапкер сөз барысында.
14-17 ақпан аралығында өтетін жолдастық кездесуге Қазақстан ұлттық құрамасы мынадай құрамда шаршы алаңға шығатын болды:
Біржан Жақыпов – 49 кг;
Ілияс Сүлейменов – 52 кг;
Қайрат Ералиев – 56 кг;
Берік Әбдірахманов – 60 кг;
Мерей Ақшалов – 64 кг;
Данияр Елеусінов – 69 кг;
Жәнібек Әлімханұлы – 75 кг;
Әділбек Ниязымбетов – 81 кг;
Антон Пинчук – 91 кг;
Иван Дычко – +91 кг.
Жерлестерімізге жеңіс тілейік!
Серғали Балажан
BAQ.kz