Жаңалықтар

Өткен жылы Әділет министрлігі 48 заң жобасын әзірлеген

Өткен жылы Әділет министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 48 заң жобасын әзірлеген. Бұл туралы бүгін аталмыш министрліктің алқа мәжілсінде ведомство басшысы Берік Имашев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Әділет министрлігі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарын толық көлемде орындады. Бұдан басқа, өткен жылы жоспардан тыс заң жобаларының саны 22-ден 14 құжатқа дейін азайды. Жалпы, есептік кезеңде Әділет министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 48 заң жобасын әзірледі», - деп атап өтті министр. Б.Имашевтың айтуынша, осы заң жобаларының ішінде 34 құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысының 2012 жылғы жоспарына сәйкес әзірленсе, 7 заң жобасы Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы Жолдауын жүзеге асыру үшін, 4 заң жобасы «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты Елбасының мақаласын жүзеге асыру үшін, 3 құжат Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын орындау үшін дайындалған. Кенжекей Тоқтамұрат
11.02.2013 17:44 2193

Өткен жылы Әділет министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 48 заң жобасын әзірлеген. Бұл туралы бүгін аталмыш министрліктің алқа мәжілсінде ведомство басшысы Берік Имашев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Әділет министрлігі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарын толық көлемде орындады. Бұдан басқа, өткен жылы жоспардан тыс заң жобаларының саны 22-ден 14 құжатқа дейін азайды. Жалпы, есептік кезеңде Әділет министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 48 заң жобасын әзірледі», - деп атап өтті министр.

Б.Имашевтың айтуынша, осы заң жобаларының ішінде 34 құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысының 2012 жылғы жоспарына сәйкес әзірленсе, 7 заң жобасы Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы Жолдауын жүзеге асыру үшін, 4 заң жобасы «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты Елбасының мақаласын жүзеге асыру үшін, 3 құжат Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын орындау үшін дайындалған.

Кенжекей Тоқтамұрат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға