Жаңалықтар

Әділет министрлігі заңсыз қолданылып келген 1500 нормативтік-құқықтық актіні анықтаған

2012 жылы Әділет министрлігі заңсыз қолданылып келген 1524 нормативтік-құқықтық актіне анықтаған. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Әділет министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Берік Имашев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, олардың сапасын қадағалау Әділет министрлігінің құзырына кіреді. Есептік кезең ішінде орталық және жергілікті органдар жүзеге асыратын актілерге мониторинг жүргізе отырып, министрлік мың жарымнан аса, яғни 1524 заңсыз қолданылған нормативтік-құқықтық актіні анықтап, 58 әкімшілік іс қозғады. Заң бұзушылықтардың салдарын жою үшін 547 ұсыныс енгізілді», - деді министр алқа мәжілісінде. Айта кетейік, бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтуде. Кенжекей Тоқтамұрат  
11.02.2013 11:57 2901

2012 жылы Әділет министрлігі заңсыз қолданылып келген 1524 нормативтік-құқықтық актіне анықтаған. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Әділет министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Берік Имашев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, олардың сапасын қадағалау Әділет министрлігінің құзырына кіреді. Есептік кезең ішінде орталық және жергілікті органдар жүзеге асыратын актілерге мониторинг жүргізе отырып, министрлік мың жарымнан аса, яғни 1524 заңсыз қолданылған нормативтік-құқықтық актіні анықтап, 58 әкімшілік іс қозғады. Заң бұзушылықтардың салдарын жою үшін 547 ұсыныс енгізілді», - деді министр алқа мәжілісінде.

Айта кетейік, бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтуде.

Кенжекей Тоқтамұрат

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға