Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті 1 күнде тіркей алады
Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Берік Имашев осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жылжымайтын мүлкін небары 1 күн ішінде тіркеуге қоя алатынын тағы бір еске салып өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу қолданысқа енгізілді. Сол арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі 1 күнге дейін қысқарды», - деді министр. Министрдің сөзіне сенсек, Қазақстанда бизнес ашу рәсімдері де барынша жеңілдетілген. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ, фото Бауыржан ЖУАСБАЕВТІКІ
11.02.2013 11:55
3485
Министрдің сөзіне сенсек, Қазақстанда бизнес ашу рәсімдері де барынша жеңілдетілген.
Бөлісу:
