Жаңалықтар

Енді қазақстандықтар аты-жөндерін интернет арқылы өзгерте алады

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет интернет-порталында  – «Некеге тұру немесе бұзылуына байланысты аты-жөн өзгерісін тіркеуге электрондық өтініш беру» жаңа қызметі пайда болды. Бұл туралы  жұмысты ұйымдастыру және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөліміне сілтеме жасап, Астана қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдейді. Мұндай қызмет тек электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) барларға ғана көрсетіледі. Ал ЭСҚ-ны  www.egov.kz порталынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Аты-жөнді өзгерту туралы электрондық өтініш беру үшін порталда тіркеліп, өтінішті (жүйеге мәліметтерді енгізіп, өтінішке ЭСҚ көмегімен қол қою) толтыру жеткілікті. Көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік баж салығын төлеу электрондық үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
11.02.2013 06:10 2899

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет интернет-порталында  – «Некеге тұру немесе бұзылуына байланысты аты-жөн өзгерісін тіркеуге электрондық өтініш беру» жаңа қызметі пайда болды. Бұл туралы  жұмысты ұйымдастыру және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөліміне сілтеме жасап, Астана қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Мұндай қызмет тек электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) барларға ғана көрсетіледі. Ал ЭСҚ-ны  www.egov.kz порталынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аты-жөнді өзгерту туралы электрондық өтініш беру үшін порталда тіркеліп, өтінішті (жүйеге мәліметтерді енгізіп, өтінішке ЭСҚ көмегімен қол қою) толтыру жеткілікті.

Көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік баж салығын төлеу электрондық үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға