Жаңалықтар

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайынан жаңа көрме ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында жаңа көрме ашылды. «Қазақстанның спорттық даңқы» деп аталатын осынау жаңа бөлім ел спортының тарихынан сыр шертіп, ерекше экспонаттардан тұрады.  Ауқымды іс-шараның негізгі мазмұны Қазақстанның спорт саласындағы табыстарына арналған. Тарихы 1951 жылдан басталатын Қысқы Азия ойындарының VІІ-ші алауы қасиетті қазақ жерінде жағылып, төрткүл дүниенің назарын өзіне қаратқаны еліміздің басты жеңістерінің бірі еді. Сарапқа салынған медальдардың 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медалін еншілеген Азиада ойындары Қазақстанның даңқын шартарапқа алып кетті. Қысқы ғана емес Лондонда өткен Жазғы Олимпиада да 13 медаль, оның ішінде 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальді иеленген спортшыларымыз 12-ші орынға табан тіреген еді. Спорттық ойындарда алдына жан салмай жүрген Голландия, Украина, Куба, Иран, Чехия, Испания, Бразилия, Аргентина секілді мемлекеттер Қазақстаннан кейінгі орындарды місе тұтқан болатын. Еуропа, Аустралия, Азия, Америка құрлықтарында қазақтың әнұранын ойнатып, туын биікке көтерген даңқты спортшыларымыз Владимир Смирнов, Юрий Мельниченко, Василий Жиров, Александр Парыгыин, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Бахтияр Артаев, Бахыт Сәрсекбаев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Илья Ильин, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Даниал Гаджиев, Марина Вольнова, Гюзель Манюрова, Иван Дычко, Ақжүрек Таңатаров секілді жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымыздың жетістіктері біздің мақтанышымызға айналды. Спорттық тарихымызда алтын әріптермен жазылды. Сонымен қатар, Қазақстанның даңқын құрлық және теңіз жолдары арқылы жүріп өтіп, әлемге паш етіп, мотоциклмен жер шарын аралап саяхатқа шыққан Дмитрий Петрухинді біз белсенді азаматтық ұстанымдары бар адам деп айта аламыз. Мотоциклмен ол 2004 – 2011 жылдар аралығында әлемнің 80 елін аралап, Қазақстанның абыройын асқақтатқан болатын. Осылайша 200 000 шақырымдық жолды бағындырған ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. Д.И. Петрухин «Шоқан Уәлиханов» желкенді яхтасымен Жершары саяхатын жасаған ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырушы. 2007 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев саяхатшыларға еліміздің байрағын табыстай отырып, сәт сапар тілегімен Ақтау портынан шығарып салған болатын. Қазіргі таңда Д.И. Петрухин өз саяхатын әлі күнге дейін жалғастырып жүрген яхтаның капитаны. Оның жол картасы, кәдесыйлықтары, мотоциклі, саяхат барысындағы экзотикалық елдерде түсірілген фотосуреттері осы көрмеден орын алған. Мұражай ұжымының зор еңбегін талап еткен экпозицияда егемен еліміздің спорт саласындағы жетістіктерінен фотоколлаждар, спортшыларымыздың медальдары, спорттық бұйымдары ұсынылған. Тамаша тұжырым мен шеберлікпен ойластыра отырып қойылған жәдігерлер еліміздің әр кезеңіндегі спорт жетістіктерін айқын бейнелейді. Мұражайдан VII қысқы Азия ойындары медальдарының жинағы, Халықаралық Олимпиада комитетінің Президенті Жак Роггеден Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа берілген сый табағы, ҚР спорттық бағдарлау құрамасының VII Қысқы Азия ойындары чемпиондарын спорттық жүріп өту жолдарын бағдарлау картасы, "Fluege.de" трамплиннен секіру шаңғылары (VII Қысқы Азия ойындары чемпиондары – Е.Левкин, Р.Жапаров, К.Биекенов, А.Королев және Н.Карпенконың қолтаңбалары қойылған), Василий Жировтың жекпе-жек аяқталысымен ҚР Президентіне сыйға тартқан белдігі, «IBA» нұсқасы бойынша әлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың белдігі, Серік Сәпиевке Олимпиадада жеңіс сыйлаған бокс қолғабы, Ольга Шишигинаның жеке қорынан ұсынылған медальдар жинағы, сонымен қатар «Астана» велокомандасы мен оның капитаны Александр Винокуровқа 2006 жылы қазан айында Испанияда өткен халықаралық «Вуэльта» велотурында жеңіс сыйлаған велосипеді де осы көрмеге қойылған. Афины олимпиада ойындарының жеңімпазы, боксшы Бахтияр Артаевтың гүлтәжі келушілерді өз тариыхмен қатар, көзтартар әдемілігімен де қызықтырады. Ресми түрдегі тарихы 1886 жылдан басталатын Олимпиада ойындарының 1886-1996 жылдар аралығындағы медальондарының жинағы көрменің құнды жәдігерлерінің бірі. Рухы биік елдің салуатты өмір салтын ұстанған азаматтарының өнегелі өмірінен мол мағлұматтар беретін «Қазақстанның спорттық даңқы» атты көрмесі кез-келген қонаққа тамаша патриоттық сезім, қайталанбас әсер сыйлары анық. Астаналықтар мен қала қонақтарын күн сайын (дүйсенбіден басқа күндері) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша аталған көрмені тегін тамашалауға шақырамыз: Астана қаласы, Бейбітшілік даңғылы 11 үй. BAQ.kz
10.02.2013 13:54 3032

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында жаңа көрме ашылды. «Қазақстанның спорттық даңқы» деп аталатын осынау жаңа бөлім ел спортының тарихынан сыр шертіп, ерекше экспонаттардан тұрады. 
Ауқымды іс-шараның негізгі мазмұны Қазақстанның спорт саласындағы табыстарына арналған.
Тарихы 1951 жылдан басталатын Қысқы Азия ойындарының VІІ-ші алауы қасиетті қазақ жерінде жағылып, төрткүл дүниенің назарын өзіне қаратқаны еліміздің басты жеңістерінің бірі еді. Сарапқа салынған медальдардың 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медалін еншілеген Азиада ойындары Қазақстанның даңқын шартарапқа алып кетті.
Қысқы ғана емес Лондонда өткен Жазғы Олимпиада да 13 медаль, оның ішінде 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальді иеленген спортшыларымыз 12-ші орынға табан тіреген еді. Спорттық ойындарда алдына жан салмай жүрген Голландия, Украина, Куба, Иран, Чехия, Испания, Бразилия, Аргентина секілді мемлекеттер Қазақстаннан кейінгі орындарды місе тұтқан болатын. Еуропа, Аустралия, Азия, Америка құрлықтарында қазақтың әнұранын ойнатып, туын биікке көтерген даңқты спортшыларымыз Владимир Смирнов, Юрий Мельниченко, Василий Жиров, Александр Парыгыин, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Бахтияр Артаев, Бахыт Сәрсекбаев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Илья Ильин, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Даниал Гаджиев, Марина Вольнова, Гюзель Манюрова, Иван Дычко, Ақжүрек Таңатаров секілді жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымыздың жетістіктері біздің мақтанышымызға айналды. Спорттық тарихымызда алтын әріптермен жазылды.
Сонымен қатар, Қазақстанның даңқын құрлық және теңіз жолдары арқылы жүріп өтіп, әлемге паш етіп, мотоциклмен жер шарын аралап саяхатқа шыққан Дмитрий Петрухинді біз белсенді азаматтық ұстанымдары бар адам деп айта аламыз. Мотоциклмен ол 2004 – 2011 жылдар аралығында әлемнің 80 елін аралап, Қазақстанның абыройын асқақтатқан болатын. Осылайша 200 000 шақырымдық жолды бағындырған ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Д.И. Петрухин «Шоқан Уәлиханов» желкенді яхтасымен Жершары саяхатын жасаған ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырушы. 2007 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев саяхатшыларға еліміздің байрағын табыстай отырып, сәт сапар тілегімен Ақтау портынан шығарып салған болатын. Қазіргі таңда Д.И. Петрухин өз саяхатын әлі күнге дейін жалғастырып жүрген яхтаның капитаны. Оның жол картасы, кәдесыйлықтары, мотоциклі, саяхат барысындағы экзотикалық елдерде түсірілген фотосуреттері осы көрмеден орын алған.
Мұражай ұжымының зор еңбегін талап еткен экпозицияда егемен еліміздің спорт саласындағы жетістіктерінен фотоколлаждар, спортшыларымыздың медальдары, спорттық бұйымдары ұсынылған. Тамаша тұжырым мен шеберлікпен ойластыра отырып қойылған жәдігерлер еліміздің әр кезеңіндегі спорт жетістіктерін айқын бейнелейді.
Мұражайдан VII қысқы Азия ойындары медальдарының жинағы, Халықаралық Олимпиада комитетінің Президенті Жак Роггеден Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа берілген сый табағы, ҚР спорттық бағдарлау құрамасының VII Қысқы Азия ойындары чемпиондарын спорттық жүріп өту жолдарын бағдарлау картасы, "Fluege.de" трамплиннен секіру шаңғылары (VII Қысқы Азия ойындары чемпиондары – Е.Левкин, Р.Жапаров, К.Биекенов, А.Королев және Н.Карпенконың қолтаңбалары қойылған), Василий Жировтың жекпе-жек аяқталысымен ҚР Президентіне сыйға тартқан белдігі, «IBA» нұсқасы бойынша әлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың белдігі, Серік Сәпиевке Олимпиадада жеңіс сыйлаған бокс қолғабы, Ольга Шишигинаның жеке қорынан ұсынылған медальдар жинағы, сонымен қатар «Астана» велокомандасы мен оның капитаны Александр Винокуровқа 2006 жылы қазан айында Испанияда өткен халықаралық «Вуэльта» велотурында жеңіс сыйлаған велосипеді де осы көрмеге қойылған. Афины олимпиада ойындарының жеңімпазы, боксшы Бахтияр Артаевтың гүлтәжі келушілерді өз тариыхмен қатар, көзтартар әдемілігімен де қызықтырады. Ресми түрдегі тарихы 1886 жылдан басталатын Олимпиада ойындарының 1886-1996 жылдар аралығындағы медальондарының жинағы көрменің құнды жәдігерлерінің бірі.
Рухы биік елдің салуатты өмір салтын ұстанған азаматтарының өнегелі өмірінен мол мағлұматтар беретін «Қазақстанның спорттық даңқы» атты көрмесі кез-келген қонаққа тамаша патриоттық сезім, қайталанбас әсер сыйлары анық. Астаналықтар мен қала қонақтарын күн сайын (дүйсенбіден басқа күндері) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша аталған көрмені тегін тамашалауға шақырамыз: Астана қаласы, Бейбітшілік даңғылы 11 үй.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға