Жаңалықтар

Бразилияда басталған карнавалдың астан-кестені шықты (видео)

Рио-де-Жанейрода басталған карнавалда ондаған адам зардап шекті. Оған себеп қала көшелерінде жиналған 2 млн халықтан пайда болған қыспақ пен  аптап ыстық болды. Ауқымды шараны тамашалауға Рио көшелеріне шамамен 2 млн адам жиналған. Аласапыран 2 полиция көлігінің жиналған топтың арасынан өтем деген кезде басталды. Шегінер жер таппаған  халықтан маза кетті. Күн райының ыстығынан тұрғындар есінен тана бастаған. Жастар көліктердің үстіне, тіпті, бағаналарға да мініп кеткен. Жараланғандарға жедел медициналық көмек көрсетілді. Айта кетейік, Бразилияда дәстүрге айналған бұл карнавал 1918 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын іс-шараға кемінде 2 млн адам қатысады.
10.02.2013 13:30 3232

Рио-де-Жанейрода басталған карнавалда ондаған адам зардап шекті. Оған себеп қала көшелерінде жиналған 2 млн халықтан пайда болған қыспақ пен  аптап ыстық болды.
Ауқымды шараны тамашалауға Рио көшелеріне шамамен 2 млн адам жиналған. Аласапыран 2 полиция көлігінің жиналған топтың арасынан өтем деген кезде басталды. Шегінер жер таппаған  халықтан маза кетті. Күн райының ыстығынан тұрғындар есінен тана бастаған. Жастар көліктердің үстіне, тіпті, бағаналарға да мініп кеткен. Жараланғандарға жедел медициналық көмек көрсетілді. Айта кетейік, Бразилияда дәстүрге айналған бұл карнавал 1918 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын іс-шараға кемінде 2 млн адам қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға