Ғалымдар Марс топырағын зерттемек (видео)
10.02.2013 13:27
3890
АҚШ-тың Curiosity ғарыш аппараты Марс планетасынан топырақ алды. Ол үшін ғаламшарда бұрғылау әдісі арқылы тереңдігі 64 миллиметр, ал диаметрі 16 миллиметр шұңқыр қазылған. Ғалымдар алынған топырақты зерттеу арқылы Марста судың бар-жоғын анықтайтындығын айтты. Айта кетейік, бұған дейін топырақты алу үшін Марста мыңнан астам шұңқыр бұрғыланған екен. Естеріңізге салайық, Curiosity ғарыш аппараты Марсқа өткен жылы тамыз айында қонған болатын. Жоспар бойынша аппарат ғаламшарда екі жылдай болады. Curiosity аппаратын ұшыруға 2 миллиард АҚШ доллары жұмсалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карнавал в Бразилии превратился в хаос (видео)
Келесі жаңалық
Абай Бегейдің құдаларының тойы тағы қызу талқыға түсті