Жаңалықтар

"Текті сөздің төресі – терме" байқауы жеңімпаздарының тізімі

Былтырғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешіті «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы бүгін, ақпанның 9-ы күні шығарылды. Ең үздік терме авторы автокөлікке ие болды. Бас бәйгені айтыскер ақын Арман Бердалин жеңіп алды. Үздік шыққан басқа да авторларға берілер жүлделер қомақты. Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жаңа термелерге арналған бұл бәйге өз мәресіне жетті. Ақпанның 9-ы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында, сағат 14:30-да бәйгенің қорытынды кеші өтті. Кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталды. Кешке ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар Дербісәлі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Мақсат Сқақов, басқа да мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.   Жүлделі болғандар: Бас жүлде - айтыскер ақын Арман Бердалин. "Әзірет Сұлтан" мешіті Арман ақынға автокөлік мінгізді.   І орын - "Нұр" Қазақ-Египет Ислам мәдени университетінің 2 курс студенті Роман Бұрқаштың қанжығасына байланды. Ол 1 500 000 теңге сыйлыққа ие болды.   ІІ орын иегерлері Ақын Қалқаман Сарин  Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров Екінші орын иелерінің әрқайсына 750 000 теңгеден берілді.   ІІІ орын  1)Ақын Жұма-Назар Сомжүрек  2)Оңтүстік Қазақстан облысынан өнер мектеп-интернаты айтыс пәнінің мұғалімі Бекмұрат Анарбаев  3)Ақын Серік Қалиев Үшінші орынның үш жүлдегері 500 000 теңгеден олжалады.   Ынталандыру сыйлықтары 13 адамға берілді. Олар: Айтыскер ақын, әдебиеттанушы Серікзат Дүйсенғазин Ақын, журналист Мырзан Кенжебай Ақын бала Жамбыл Дүйсенов Ақын Батырболат Айтболатұлы Қазақ тілі мұғалімі Қанат Ибрагимов Ақын Алмас Темірбай Ақын Тоқтарәлі Таңжарық Ақын Бауыржан Қарағызұлы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 3 курс студенті Амандос Қаршалов Ақмола облысы Зеренді ауданы аграрлық бизнес колледжінің оқытушысы Тынымбай Досбатыр Тараз қаласындағы Тектұрмас мешітінің бас имамы Медетбек Шағданбекұлы Айтыскер ақын Сырым Әуезхан Айтыскер ақын Тілеген Әділов Ынталандыру сыйлығы - умра қажылық. «ҮЗДІК МАҚАМ»: 1. Жақып Спатаев (Бекмұрат Анарбаев), Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі, сазгер-термеші. 2. Әділбек Сарин, әнші, жырау. 3. Жарқынбек Тұрымбетов, Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық әуез мектебінің оқытушысы, сазгер, жырау, термеші (Тынымбай Сәденұлы). «ҮЗДІК ОРЫНДАУШЫ»: 1. Серік Жақсығұлов (Алмас Алматов), Халықаралық және Республикалық жыршы-жыраулар байқауының бірнеше дүркін лауреаты. 2. Еркін Шүкіманов (Серік Қалиев), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, дәстүрлі әнші. 3. Данияр Сүлеймен (Роман Бұрқаш), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, «Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің 2 курс студенті. Қамбар АХМЕТОВ BAQ.kz
10.02.2013 07:06 5278

Былтырғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешіті «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы бүгін, ақпанның 9-ы күні шығарылды. Ең үздік терме авторы автокөлікке ие болды. Бас бәйгені айтыскер ақын Арман Бердалин жеңіп алды. Үздік шыққан басқа да авторларға берілер жүлделер қомақты.

Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жаңа термелерге арналған бұл бәйге өз мәресіне жетті. Ақпанның 9-ы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында, сағат 14:30-да бәйгенің қорытынды кеші өтті. Кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталды.

Кешке ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар Дербісәлі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Мақсат Сқақов, басқа да мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
 
Жүлделі болғандар:
Бас жүлде - айтыскер ақын Арман Бердалин. "Әзірет Сұлтан" мешіті Арман ақынға автокөлік мінгізді.
 
І орын - "Нұр" Қазақ-Египет Ислам мәдени университетінің 2 курс студенті Роман Бұрқаштың қанжығасына байланды. Ол 1 500 000 теңге сыйлыққа ие болды.
 
ІІ орын иегерлері
Ақын Қалқаман Сарин 
Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров
Екінші орын иелерінің әрқайсына 750 000 теңгеден берілді.
 
ІІІ орын 
1)Ақын Жұма-Назар Сомжүрек 
2)Оңтүстік Қазақстан облысынан өнер мектеп-интернаты айтыс пәнінің мұғалімі Бекмұрат Анарбаев 
3)Ақын Серік Қалиев
Үшінші орынның үш жүлдегері 500 000 теңгеден олжалады.
 
Ынталандыру сыйлықтары 13 адамға берілді. Олар:
Айтыскер ақын, әдебиеттанушы Серікзат Дүйсенғазин
Ақын, журналист Мырзан Кенжебай
Ақын бала Жамбыл Дүйсенов
Ақын Батырболат Айтболатұлы
Қазақ тілі мұғалімі Қанат Ибрагимов
Ақын Алмас Темірбай
Ақын Тоқтарәлі Таңжарық
Ақын Бауыржан Қарағызұлы
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 3 курс студенті Амандос Қаршалов
Ақмола облысы Зеренді ауданы аграрлық бизнес колледжінің оқытушысы Тынымбай Досбатыр
Тараз қаласындағы Тектұрмас мешітінің бас имамы Медетбек Шағданбекұлы
Айтыскер ақын Сырым Әуезхан
Айтыскер ақын Тілеген Әділов
Ынталандыру сыйлығы - умра қажылық.

«ҮЗДІК МАҚАМ»:
1. Жақып Спатаев (Бекмұрат Анарбаев), Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі, сазгер-термеші.
2. Әділбек Сарин, әнші, жырау.
3. Жарқынбек Тұрымбетов, Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық әуез мектебінің оқытушысы, сазгер, жырау, термеші (Тынымбай Сәденұлы).

«ҮЗДІК ОРЫНДАУШЫ»:
1. Серік Жақсығұлов (Алмас Алматов), Халықаралық және Республикалық жыршы-жыраулар байқауының бірнеше дүркін лауреаты.
2. Еркін Шүкіманов (Серік Қалиев), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, дәстүрлі әнші.
3. Данияр Сүлеймен (Роман Бұрқаш), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, «Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің 2 курс студенті.

Қамбар АХМЕТОВ

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға