Жаңалықтар

Терме байқауының бас жүлдегері Арман Бердалин автокөлік мінді

Былтырғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешіті «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы бүгін, ақпанның 9-ы күні шығарылды. Ең үздік терме авторы автокөлікке ие болды. Бас бәйгені айтыскер ақын Арман Бердалин "Жоқ іздеп жүрмін" термесімен жеңіп алды. Үздік шыққан басқа да авторлар қомақты жүлделерге ие болды.  Халқымыздың кезінде ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғандай. Әр сөзі мірдің оғындай көздеген нысанаға дөп тиіп, көңіл көзін ашып, шөліркеген рухқа зәмзәм суындай шипа болатын заманға лайық жаңа терме бүгін де керек. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мешіті Республикалық «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын.  Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жаңа термелерге арналған бұл бәйге өз мәресіне жетті. Ақпанның 9-ы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында, сағат 14:30-да бәйгенің қорытынды кеші өтті. Кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталды. Кешке мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қамбар АХМЕТОВ BAQ.kz
10.02.2013 07:03 3627

Былтырғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешіті «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы бүгін, ақпанның 9-ы күні шығарылды. Ең үздік терме авторы автокөлікке ие болды. Бас бәйгені айтыскер ақын Арман Бердалин "Жоқ іздеп жүрмін" термесімен жеңіп алды. Үздік шыққан басқа да авторлар қомақты жүлделерге ие болды. 

Халқымыздың кезінде ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғандай. Әр сөзі мірдің оғындай көздеген нысанаға дөп тиіп, көңіл көзін ашып, шөліркеген рухқа зәмзәм суындай шипа болатын заманға лайық жаңа терме бүгін де керек. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» мешіті Республикалық «Текті сөздің төресі – терме» бәйгесін жариялаған болатын. 

Тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жаңа термелерге арналған бұл бәйге өз мәресіне жетті. Ақпанның 9-ы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында, сағат 14:30-да бәйгенің қорытынды кеші өтті. Кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталды. Кешке мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қамбар АХМЕТОВ

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға