Жаңалықтар

Биылғы ҰБТ сұрақтарының 30-36 пайызы жаңартылады

Биыл Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсырудың үлгісі өзгермейді, жүйеге атап айтар үлкен жаңалықтар та енгізілмек емес. Алайда, сұрақтар қорының 30-36 пайыздайы жаңартылады. Бұл жайында жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алқалы жиындардың бірінде мәлімдеген болатын.  Өзгеріс деп отырғанымыз логикалық тұрғыдағы жаңа сұрақтар. Түлектердің шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін тестілеу тапсырмаларының ішінде ойға жүк салатын сауалдар енді жиілеп кездесетін болады. Сондай-ақ, биыл сұрақтардың сапасына да жіті мән беріліп отыр. Министр былтырғы жылғы науқанда кемшіліктердің болғандығын жасырмайды. Алайда, талапкерлер мен ата-аналар тарапынан түскен шағымдардың басым көпшілігі негізсіз деді ол. Естеріңізге салайық, кешегі 2012 жылы болған ҰБТ-дан кейін тест тапсырушылар Қазақстан тарихынан қисынсыз сұрақтардың көп келгендігін айтып шағымданған. Тіпті белгілі әнші Роза Рымбаеваның киімі мен Абылай ханның жылқысына қатысты сауалдардың болғандығын да айтты. Ұлттық біріңғай тестілеу жылдағыдай 154 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. Оның ішінде 49 – ЖОО базасында, 105 – мектептер базасында орналасқан. BAQ.kz
09.02.2013 12:04 2638

Биыл Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсырудың үлгісі өзгермейді, жүйеге атап айтар үлкен жаңалықтар та енгізілмек емес. Алайда, сұрақтар қорының 30-36 пайыздайы жаңартылады. Бұл жайында жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алқалы жиындардың бірінде мәлімдеген болатын. 
Өзгеріс деп отырғанымыз логикалық тұрғыдағы жаңа сұрақтар. Түлектердің шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін тестілеу тапсырмаларының ішінде ойға жүк салатын сауалдар енді жиілеп кездесетін болады.
Сондай-ақ, биыл сұрақтардың сапасына да жіті мән беріліп отыр. Министр былтырғы жылғы науқанда кемшіліктердің болғандығын жасырмайды. Алайда, талапкерлер мен ата-аналар тарапынан түскен шағымдардың басым көпшілігі негізсіз деді ол. Естеріңізге салайық, кешегі 2012 жылы болған ҰБТ-дан кейін тест тапсырушылар Қазақстан тарихынан қисынсыз сұрақтардың көп келгендігін айтып шағымданған. Тіпті белгілі әнші Роза Рымбаеваның киімі мен Абылай ханның жылқысына қатысты сауалдардың болғандығын да айтты.
Ұлттық біріңғай тестілеу жылдағыдай 154 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. Оның ішінде 49 – ЖОО базасында, 105 – мектептер базасында орналасқан.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға